Суретке қарау арқылы дәрігердің түрлерін ажырату
Сабақ тақырыбы
1) Дәрігер қабылдауында
2) Біздің үй
Бұл жоспар бастауыш сынып оқушыларына тыңдалым, айтылым, жазылым дағдыларын дамытуға бағытталған.
Оқу мақсаттары
- 1.1.4.1 Мұғалімнің көмегімен тыңдалған материалдың не туралы екенін түсіну.
- 1.2.2.1 Сурет бойынша 2–3 сөйлем құрастыру.
- 1.4.2.1 Мұғалімнің көмегімен тыңдалған аудиовизуалды материал бойынша таныс заттардың атауын жазу.
Ойлау деңгейлері
Түсіну, білу, қолдану, анықтау, синтездеу.
Сабақ барысы
Басы
- Сәлемдесу, түгендеу.
- Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
- Психологиялық ахуал қалыптастыру: доп лақтыру арқылы бір-біріне сәттілік тілеу.
- «Гүлдер» арқылы 3 топқа бөлу.
- Сурет көрсету арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашу: «Балалар, суреттен не көріп тұрмыз? Әсем қайда келді?»
Ортасы
1-тапсырма (топтық жұмыс)
Суретке қарап, дәрігер мамандықтарының түрлерін ажырату. Тақтада «Дара диаграммасы» ілінеді. Оқушылар диаграммаға дәрігер түрлерін жазады.
Мысалдар: балалар дәрігері, ЛОР (құлақ-мұрын), тіс дәрігері.
Сергіту сәті
«Балақай» сергіту жаттығуын орындау.
Соңы
2-тапсырма (топтық және жұптық жұмыс)
Постермен жұмыс: үш топқа суреттер таратылады. Оқушылар суретті бояп, топпен сипаттама береді. Әр топтан бір оқушы шығып, рөлдік диалог құрастырады.
Дескрипторлар
- Дәрігер мамандықтарының түрлерін ажырата алады.
- Сөздікпен жұмыс жасайды.
- Постермен жұмыс жасайды.
- Суретке сипаттама береді.
- Диалогтік қарым-қатынасқа түседі.
Үй тапсырмасы және кері байланыс
Үй тапсырмасы
- Дәрігер туралы тақпақты жаттау.
- Үлгерімі жоғары оқушылар: «Мен дәрігер болсам» тақырыбында 3–4 сөйлемнен шағын әңгіме жазу.
Кері байланыс
«Бағдаршам» әдісі арқылы бағалау: оқушылар түсіну деңгейін түспен көрсетеді (жасыл, сары, қызыл).
Мұғалім
Кабылбекова Бакыткул Нуржаубаевна