Бүгінгі танысатынымыз

Сабақ тақырыбы

Әдебиеттік оқу: «Ер Тарғын» жырынан үзінді

Сабақтың мақсаты

Оқушыларды халық ауыз әдебиеті үлгілерімен таныстыру, «батырлар жыры» ұғымын түсіндіру және мәтінмен саналы жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру.

Сабақ түрі

Жаңа тақырыпты таныстыру сабағы.

Көрнекіліктер

  • Тірек-сызба

Әдіс-тәсілдер

  • Жұптық жұмыс
  • Талдау
  • Мәнерлеп оқу

Мақсаты мен міндеттері

Білімділік

Мәтінді түсініп оқу және мәнерлеп оқу дағдыларын қалыптастыру.

Дамытушылық

Мәтінді талдау қабілеттерін дамыту, оқушының белсенділігін арттыру.

Тәрбиелік

Батылдыққа, өжеттікке және еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Сабақ барысы

1) Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық дайындық: оқушылар бір-біріне қарап жымиып, жайланып отырып, көздерін жұмады. Мұғалімнің сөзін ішінен қайталайды.

Аффирмация

Мен бақытты баламын.

Жан дүниемде күн нұрлы, жылуым мол бойымда.

Осы жылуды жер бетіндегі барлық адамдарға жолдаймын.

Менің оқығым келеді! Білімді, алғыр болғым келеді!

2) Жаңа сабақ

Оқыту үдерісінің маңыздылығы

Халық арасында ауызша шығарылып, ұрпақтан ұрпаққа жеткен шығармалар халық ауыз әдебиеті деп аталады. Бұл бөлімде оқушылар ертегілерден бастап ауыз әдебиетінің көптеген түрлерімен танысады.

Жаңа ұғым: батырлар жыры

Батырлар жыры — еліміз бен жерімізді сыртқы жаудан қорғаған ержүрек батырлар туралы ауызша шығарылған жыр үлгісі. Оларды жыршылар ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп отырған.

Бүгінгі сабақта: «Ер Тарғын» жырынан үзінді оқылады.

Оқулықпен жұмыс (3–6-беттер)

  • Үлгі оқу (мұғалімнің оқуы)
  • Тізбек бойынша оқу
  • Тұтас оқу
  • Іштей оқу
  • Мәтіннің негізгі ойын анықтау

Сөздік жұмыс

Пәрмен
көмек
Тобасы
тілегі, көңіл қалауы
Көңіліне қайғы бітеді
түңіледі

Талқылау сұрақтары

  1. «Ер Тарғын» жырында қандай оқиға суреттеледі?
  2. Ер Тарғынның тұлпары қандай деп сипатталады?
  3. Ер Тарғынның киімі туралы айтылған тұсты тауып, мәнерлеп оқы.
  4. Бұл үзіндіні неше бөлікке бөлуге болады? Әр бөлікке қысқаша тақырып қой.
  5. Жекпе-жекте Ер Тарғын қалай аман қалды?
  6. Егер Ер Тарғын жеңілсе, халықтың жағдайы қалай өзгерер еді?