Әңгімені бөлімдерге бөлу
Сабақтың мақсаты
Білімділік
Оқушылардың әңгімеден алған білімін әртүрлі әдістерге негізделген тапсырмаларды орындау арқылы қорытындылау.
Дамытушылық
Әдебиет теориясынан алған білімін тереңдету; оқулықпен тиімді жұмыс істеу; әңгіменің композициялық құрылымына талдау жасау.
Тәрбиелік
Көркем сөйлеу шеберлігін қалыптастыру; шығармашылық ізденімпаздықты арттыру.
Көрнекіліктер мен құралдар
- Сәбит Мұқановтың портреті
- Мультимедиалық материалдар
- Интерактивті тақта
Мәтін өзегі: «Өмір мектебі» және дәуірлік айна
«Өмір мектебі» трилогиясы — Сәбит Мұқановтың өмір сүрген дәуірін, өнер әлемінде алып қимылмен еңбек еткен тұтас бір ұрпақтың ғұмырын көркем шежіре түрінде бейнелейтін шығарма. Бұл — нағыз дәуірлік айна.
Өз дәуірінің айнасына айналған суреткер — шын мәніндегі шыншыл суреткер.
З. Қабдолов
Сабақтың әдісі мен түрі
Әдістер
- Сұрақ-жауап
- Баяндау
- Талдау
Түрі
Қорытындылау сабағы.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру
Оқушыларды түгендеу, сабаққа дайындығын пысықтау.
II. Үй тапсырмасын тексеру
- С. Мұқановтың өмір жолы мен шығармашылығы туралы кітаптан тыс материал жинап келу.
- «Топтастыру» стратегиясы бойынша: «Сәбит кім?» тақырыбын бекіту.
- «Лашын» әңгімесінің мазмұнын сұрау.
«Лашын» әңгімесін бөлімдерге бөлу
- Балтабай ауылында (кіріспе).
- Балтабайдың Ақметі: портреті; атбегілік пен құсбегілікке бейімділігі.
- Ақметтің лашынының сипаты.
- Ақметтің лашынды құс алуға шығаратын мезгілдері.
- Лашынның үйрек алу тәсілдері.
- Дабыл қағудың мәні.
- Лашынның қазды алған кездегі амалы.
- Лашынға қарсы дуадақтың көрсететін қайраты.
- Құс салудың ең қолайлы мезгілі.
- Құстардың таң ата жайылуға шығуы.
- Құстар қойған «қарауылға» көрінбей, естіртпей жақындау.
- Дабылдау: құстардың айнала ұшуы.
- Лашынды жіберу.
Мәтіндегі көріктеуіш құралдар
Портреттеу
Көк көзді, шабдан мұртты, ақсұр, қушық бетті; түрін байырғы орыстан айырып ала алмайтындай.
Теңеу және бейнелеу
Денесінің бар көлемі жұдырықтай ғана, бірақ қанаты мен құйрығын тұтас алғанда сүңгуір қайықтай ұп-ұзын көрінеді; маңдайы жайпақтау; тұмсығы жолбарыстың тырнағындай иілген; қияғының өткірлігі ұстарадай; мөлдіреген қап-қара көзі томпайып, сыртына қарай тепкен; бөтегесі жүйрік аттай төстектеу; сирақтары жіңішке; тұяғының ұшы егелген біздей өткір; жазған қанаты ойылыңқырап барып, ұш жағы іп-істік болып кетеді; құйрығы сауысқандай ұзынша; түсі кейде таңқарасұр, кейде қарақоңыр құбылып тұрады.
«Жерден жоғары атқан тас сияқтанып, домалана ұшады».
Ауыспалы мағынада қолданылған сөздер
Әңгіменің композициялық құрылысы
- Басталуы
- Құсбегі Ахмет.
- Дамуы
- Ахмет лашынының мүсіні.
- Шиеленісуі, өрбуі
- Ахмет лашынының өнері.
- Шарықтау шегі
- Сәбит пен Ахметтің саятшылыққа шығуы.
- Шешімі, қорытынды
- Есте қалған сол бір ерекше күн.
Мақал-мәтелдердің мәнін ашу
- Саятшылық сабырлыға жарасар.
- Құс жаманы — саңғығыш, адам жаманы — қаңғығыш.
- Атбегі — аттың тұяғына қарар, құсбегі — құстың қияғына қарар.
- Саятшының сұңқары салған жерден іледі.
- Құсбегісі келіссе, күйкентай құс қаз алар.
Үй тапсырмасы
«Саятшылық — өмірдің бір қызығы» тақырыбында шығармашылық жұмыс жазу.
Сабақты қорытындылау және бағалау
Қорытындылау
Өткен материалды жинақтап, негізгі ұғымдар мен көркемдік тәсілдерді қайталау.
Бағалау
Оқушылардың белсенділігі мен тапсырмаларды орындау сапасына қарай бағалау.