Каспий алабының ірі өзені

Сабақтың мақсаты

  • Білімділік: Қазақстанның өзендері мен көлдері туралы білімді бекіту және толықтыру.
  • Дамытушылық: Оқушылардың ойлау және сөйлеу қабілеттерін дамыту.
  • Тәрбиелік: Экологиялық және патриоттық тәрбие беру.

Сабақтың барысы

Топтарға бөлу

Сынып топпен және жеке жұмыс орындайды.

  • 1-топ Өзен
  • 2-топ Көл
  • 3-топ Бөген

Ұйымдастыру кезеңі

Сабақ басында «Есіл ағады» әні тыңдалады.

Талқылау сұрақтары:

  • Әнді естігенде көз алдарыңа не елестеді?
  • Қандай ой келді?

Бүгінгі сабақта Қазақстанның сулары туралы білімімізді ортаға салып, толықтырамыз.

Үй жұмысын тексеру

Алдымен өзіміз не білетінімізді анықтау үшін деңгейлік тапсырмалар арқылы үй жұмысын тексереміз. Әр оқушы өз деңгейіне сәйкес тапсырманы таңдап орындайды.

І деңгей

жеңіл • «3»
  1. Қазақстанда өзен бар.
  2. Ұзындығы 1000 км-ден асатын өзен бар.
  3. Дүние жүзіндегі ең үлкен көл — …
  4. Қазақстанда бөген бар.
  5. Ресей жеріндегі Ертістің ірі салалары — …
  6. Каспий алабының ірі өзені — …
  7. Бұқтырма бөгені қай өзенде салынған?
  8. Өзеннің құяр жері — …
  9. Қазақстандағы ауданы бойынша үшінші орындағы көл — …
  10. Каспий жағалауындағы мемлекеттер — …

ІІ деңгей

орташа • «4»
  1. Қазақстанда ең суы мол өзен — …
  2. Өзеннің су қимасынан 1 секундта ағып өтетін су мөлшері — …
  3. Өзеннің басталатын жері — …
  4. Ауданына қарай бөгендер қалай бөлінеді?
  5. Арна арқылы ағатын су — …
  6. Өзендер қоректенуіне қарай қандай болады?
  7. Қапшағай бөгені қай өзенде салынған?
  8. Сырдарияның Қазақстан жеріндегі саласы — …
  9. Қазақстан Каспий арқылы қай елдермен шектеседі?
  10. Тұзды көлдердің шаруашылық маңызы қандай?

ІІІ деңгей

күрделі • «5»
  1. Алаптар арасындағы шекара қалай аталады?
  2. Ойысқа жиналған су — …
  3. Қазақстандағы ең лайлы өзен — …
  4. Өзен қимасынан жыл ішінде өтетін су мөлшері — …
  5. Сағыз өзені қай алапқа жатады?
  6. Каспий мен Арал теңіздерінің қазаншұңқырлары пайда болуына қарай қандай?
  7. Текес пен Күнгес өзендерінің қосылуынан қандай өзен пайда болады?
  8. Бекіре тұқымдас балықтар қай өзенде мекендейді?
  9. Сырдария өзеніндегі бөген — …
  10. Қазақстандағы жалғыз ағынды көл — …
  11. Арал теңізі дүние жүзінде көлдер ішінде нешінші орында?
  12. Экологиялық жағдайы нашарлаған көл — …

Өткен тақырыптарды қайталау

Әр топтан бір оқушы шығып, сәйкестікті анықтайды.

Өзен
Салалары
Ертіс
Бұқтырма, Үбі
Есіл
Обаған
Тобыл
Иманбұрлық
Жайық
Сағыз, Жем
Сырдария
Арыс
Іле
Түрген, Талғар

Топтық ойын: «Иә — Жоқ»

Сөйлеммен келіссеңдер «+», келіспесеңдер «–» қойыңдар. Соңында тақтаға қарап өздеріңді тексеріп, қорытынды шығарыңдар.

  1. Арал теңізі Қазақстанның оңтүстік-батысында орналасқан.
  2. Балқаш дүние жүзінде ауданы бойынша 3-орын алады.
  3. Есіл өзені Каспий алабына жатады.
  4. Қазақстандағы ең үлкен бөген — Қапшағай бөгені.
  5. Қазақстандағы ең суы мол өзен — Ертіс.
  6. Батыс Сібір жазығындағы көлдер пайда болуына қарай суффозиялық көлдер.
  7. Солтүстік Мұзды мұхит алабына Тобыл өзені жатады.
  8. Тау өзендері энергетикалық ресурстарға бай.
  9. Жайық өзені Арал теңізі алабына жатады.
  10. Каспий теңізі арқылы Қазақстан Өзбекстан және Тәжікстанмен шектеседі.

Кескін картамен жұмыс

  • 1)Әр топқа Қазақстанның бір бөлігі беріледі.
  • 2)Қай бөлік екенін анықтайды.
  • 3)Сол аймақтағы өзендерді, көлдерді және бөгендерді белгілейді (тексеру жүргізіледі).

Жаңа сабақ

Қазақстанның өзендері, көлдері мен бөгендерін қарастырғанда, өз өңіріміздегі су нысандарын да назардан тыс қалдырмаймыз. Сондықтан әр топ мына тақырыптар бойынша презентация дайындап, өз жұмысын қорғайды:

Өңірлік нысандар

  • Есіл өзені
  • Сілетітеңіз көлі
  • Сергеев бөгені
  • Петропавл бөгені

Жұмыс форматы

  • Топтық зерттеу
  • Презентация жасау
  • Қорғау және талқылау

«Сен білесің бе?» — қызықты мәліметтер

  1. Жайық өзенінің бір жағалауы Еуропада, екінші жағалауы Азияда орналасқан.
  2. Антарктида материгінен бір көл табылған: оның суы мұхит суынан 11 есе тұзды, әрі тек −50°C-та ғана қатады.
  3. Ең биік тау көлі — Титикака (Оңтүстік Америка, 3812 м биіктікте).
  4. Ең «өлі» теңіз ретінде Израильдегі Өлі теңіз аталады, ал Сицилияда «Өлім теңізі» (Oзеро Смерти) деген көл бар.
  5. Югославия тауларында Циркницкое көлі бар: суы жазда және қыста жоғалып, көктем мен күзде қайта пайда болады.
  6. Сарез көлін (Тәжікстан) «планетадағы ең үлкен бомба» деп те атайды.
  7. Грузиядағы «Көгілдір көлдің» суына шомылса, адам жасарады деген наным бар.
  8. Каспий теңізі дүние жүзінде тереңдігі бойынша үшінші орын алады.
  9. Солтүстік Американың Маккензи өзені қыста түбіне дейін қатып қалады.
  10. Азия шөлдеріндегі Лобнор көлінің нақты орны тұрақты емес: ол құммен бірге жел әсерінен орын ауыстырып отырады.

Үй жұмысы

«Бізді ҰБТ-да не күтіп тұр?» бөлімі: төмендегі сұрақтар осы тақырып бойынша жиі кездеседі. Оқушы: аты-жөні.

  1. Қазақстандағы ең суы мол өзен?
  2. Дүние жүзіндегі ең суы мол өзен?
  3. Қазақстандағы ең ірі бөген?
  4. Су қимасынан 1 секунд ішінде ағып өтетін су мөлшері?
  5. Шардара бөгені салынған өзен?
  6. Өзеннің құяр жері?
  7. Еуропа мен Азия шекарасындағы өзен?
  8. Тобыл өзені басталатын тау?
  9. Екі алап арасындағы шекара?
  10. Іле өзенінің салаларының бірі?
  11. Жыл ішінде ағып өтетін су шығыны?
  12. Өзеннің басталатын жері?
  13. Қазақстандағы ең лайлы өзен?
  14. Қазақстандағы Солтүстік Мұзды мұхиты алабының ең ірі өзені?
  15. Қазақстанда ұзындығы 1000 км-ден асатын өзендер саны?
  16. Каспий жағалауындағы мемлекеттер?
  17. Сырдария өзені басталатын жер?
  18. Қарағанды қаласына дейін қай өзеннен канал тартылған?
  19. Балқаш көлі жағалауындағы ірі қала?
  20. Арал теңізі алабының ең ірі өзені?

Сабақты қорытындылау

Рефлексия сұрақтары:

  • Бүгінгі сабақтан не білдің?
  • Сен үшін қандай жаңалық болды?
  • Не маңызды болды?

Бағалау

Бағалау сабақ барысында орындалған деңгейлік тапсырмалар, топтық жұмыс, картадағы белгілеулер және презентация қорғау нәтижелері бойынша жүргізіледі.

Критерий

Білім

Терминдер, анықтамалар, сәйкестік.

Критерий

Қолдану

Картамен жұмыс, дәлелдеу.

Критерий

Қатысу

Топтық талқылау, қорғау.