Немере деген кім
Сабақ туралы қысқаша мәлімет
Тақырыбы
С. Көбеев — «Ата ақылы» («Атасы мен немересі»)
Әдістер
- Сұрақ-жауап
- Түсіндіру
- Диалогтік оқыту, тірек-сызба
- Деңгейлік-саралау
- АКТ қолдану
Көрнекіліктер
- Интерактивті тақта
- Маркер, ватман
- Бағалау парақшалары
- Стикерлер
Жалпы мақсаты
Мәтіннің мазмұнын түсіну, мазмұны бойынша түйген ойды анықтау және автор туралы білімді кеңейту.
Оқу нәтижелері
-
1) Түсіну және пікір айту
Ата мен немеренің сөздеріне мән беріп, өз ойын анық әрі еркін айтуға машықтанады.
-
2) Құндылықтар және өмірмен байланыстыру
Ата мен немеренің ерекшеліктерін салыстырып, өмірлік іс-әрекеттерге мысал келтіреді; ата-ананы құрметтеуге, кішіпейілділікке және ізеттілікке тәрбиеленеді.
-
3) Қорытынды және тілдік дағды
Орындаған жұмыстарын жинақтап, қорытынды жасайды; тіл байлығы мен сөйлеу мәдениеті дамиды.
Ұйымдастыру кезеңі: психологиялық дайындық
Кіріспе мәтін
Балалар, мен күнге таңғаламын. Неге десеңдер, күн сиқыршы сияқты: жылы әрі мейіріммен сәлемдеседі. Күннің жомарт сәулелері ананың нәзік қолдарындай аялап, сипап, жылытады. Жан дүниеміз тыныштық пен ізгілікке бөленеді. Сиқырлы күн өкпелегенді жібітеді, мұңайғанды жұбатады.
Күн жарығын алақанға саламын,
Жүрегіме басып ұстай қаламын.
Ізгі әрі нәзік, мейірімді жарық —
Болып кетер сонда дереу жан-жағым.
Ынталандыру диалогі
Мұғалім:
Біз қандаймыз?
Оқушылар: Біз көңілдіміз!
Мұғалім:
Біз қандаймыз?
Оқушылар: Біз батылмыз!
Мұғалім:
Олай болса, бүгінгі сабағымызды қалай өткіземіз?
Оқушылар: Керемет өткіземіз.
Топқа бөлу
- I топ: Ойшылдар
- II топ: Алғырлар
- III топ: Білгірлер
Негізгі бөлім
I. Өткен сабақты қайталау
Өтілген тақырыптар бойынша «Зымыран сұрақтар» қойылады. Оқушылар тез әрі нақты жауап береді.
«Ыстық орындық»
«Сұрақ менен — жауап сенен» қағидасы бойынша бүгінгі материалды бекітуге бағытталған жедел сұрақ-жауап жүргізіледі.
II. Жаңа сабақ
Ой қозғау
С. Көбеев туралы не білеміз?
- 1878–1956 жж.
- Қостанай облысында туған
- Жазушы, ұстаз
- «Үлгілі бала» атты кітабы бар
Ой ашар (топтық жұмыс)
I топ
«Немере» деген кім?
II топ
«Ата» деген кім?
III топ
Ата мен немере туралы тақпақ айту.
Мағынаны тану (рөлдік әдіс)
Оқушылар мәтінді рөлдер арқылы талдап, оқиға желісін, кейіпкерлердің мінезін және өмірмен байланысын ашады.
Баяндаушы
Әр топтан бір оқушы шығып, мазмұнын әңгімелейді.
Сұрақ қоюшы
Мәтін бойынша нақты сұрақтар қояды.
Із қуушы
Кейіпкерлер тізбегін қадағалайды: ата, баласы, келіні, немересі.
Дәнекерші
Оқиғаны өмірмен байланыстырады.
Бейнелеуші
Оқиғаны сурет арқылы жеткізеді.
Кейіпкерлерді сипаттаушы
Әр кейіпкердің мінез-құлқын, болмысын сипаттайды.
Сергіту сәті
Балалар біраз демалып, қысқа қимыл-қозғалыс жаттығуларын орындайды.
III. Деңгейлік тапсырмалар
Оқушылардың дайындығына қарай тапсырмалар сараланып беріледі; мәтінмен жұмыс, талдау және дәлелдеу дағдылары дамытылады.
Қызығушылықты ояту және бекіту
Филворд шешу
Оқушылардың зейінін шоғырландыру және сөздік қорын белсендіру мақсатында филворд беріледі (дарынды және қабілетті оқушылармен жұмыс та қамтылады).
Филворд (үлгі)
орвыолрвлднемередлооубалалоцшвйцокеліноцрруоуббатасыушшщушцщзуагдқұрметлпрщщ
Оқулықпен және сөздікпен жұмыс
-
Оқулықпен жұмыс
Мәтінді үзіп оқу арқылы проблемалық сұрақтарға жауап беру.
-
Түсіндірмелі сөздік
Тірек сөздердің мағынасын ашып, сөйлемде қолдану.
Қорытынды, бағалау және рефлексия
Кері әсер парағы
- Қай тұсы әсер етті?
- Неліктен әсер етті?
- Пікіріңіз қандай?
Бағалау
Сабаққа белсенді қатысқан оқушылар мадақталады. Жұлдызшалар үлестіріліп, бағалау парақшалары толтырылады.
Үй тапсырмасы және рефлексия
Үй тапсырмасы
- «Менің атам» тақырыбында эссе жазу.
- «Атасы мен немересі» мәтінін түсініп оқу.
Рефлексия
Бүгінгі сабақтан не ұқтыңдар, не түсіндіңдер? Ойларыңды стикерлер арқылы білдіріңдер.