Азайтуды орында
Қарағанды облысы, Жезқазған қаласы, №10 жалпы орта білім беретін мектебінің математика пәні мұғалімі Атенова Балсайра Керимбаевнаның дамыта-түзете оқыту сыныбына арналған сабағы.
Сабақтың тақырыбы
Таңбалары әр түрлі сандарды қосу және азайту
Білімділік
Таңбалары әр түрлі сандарды қосу және азайту есептерін шығара білу, тиімді тәсілдерді табу.
Дамытушылық
Ауызша есептеу мен жалпылау дағдыларын дамыту; логикалық ойлауды жетілдіру; ойын анық жеткізу және ой-өрісті кеңейту.
Тәрбиелік
Қоршаған ортаны қорғауға, ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа, дәлдікке тәрбиелеу; ұжымда, топта және жұпта жұмыс істеуге баулу; өздігінше жұмыс істеу, өзін-өзі басқару және өз мүмкіндігіне сену дағдыларын қалыптастыру.
Сабақтың түрі
Қайталау сабағы, ойын сабағы
Сабақтың әдісі
Топтық жұмыс
Көрнекілігі
Үлестірме материалдар, әр мезгілге байланысты суреттер
Сабақтың барысы
1) Ұйымдастыру кезеңі
Құрметті оқушылар, бүгінгі сабағымыз әдеттегі сабақтан өзгеше өтеді. Тақтада бірнеше сурет ілінген — олар жылдың төрт мезгіліне байланысты. Енді бәріміз бірге мезгілдерді атайық: күз, қыс, көктем, жаз.
Әр мезгілдің қасында екі себет бар. Тапсырмаларды орындау арқылы әр топ өз «себетіне» ұпай жинайды. Қай топ көп ұпай жинаса, сол топ жеңіске жетеді.
- Күз мезгілі
- Қыс мезгілі
- Көктем мезгілі
- Жаз мезгілі
2) Ауызша жаттығу
Күз мезгілі — «жапырақ жинау»
A) Қандай сандар теріс сандар?
+1, −2, −3, +4, −5, +6, −7, +8, +9, −10
−2, −3, −5, −7, −10
B) −5 және 6 сандарының қайсысы үлкен?
6
C) 0 және −12 сандарының қайсысы үлкен?
0
3) Қосуды орында
Қыс мезгілі — «аққала жасау»
A)
−4 + 24 = 20
B)
8,2 + (−5) = 3,2
C)
3,5 + (−2,5) = 1
D)
−10 + (−8) = −18
4) Азайтуды орында
Көктем мезгілі — «қызғалдақ жинау»
A)
−45 − (−40,5) = −4,5
B)
−6,8 − (−12,8) = 6
C)
−100 − (−50) = −50
5) Жаз тапсырмасы: «жаз мезгілінің жаршысы»
Жаз мезгілінің жаршысы қандай гүл екенін білесіңдер ме? Ол — түймедақ.
Берілген сандарды өсу ретімен орналастыр.
99 — Қ, −54 — Ү, −1 — Й, 2 — М, 32 — Д, 84 — А, −100 — Т, 23 — Е
−100 — Т, −54 — Ү, −1 — Й, 2 — М, 23 — Е, 32 — Д, 84 — А, 99 — Қ
Шыққан сөз: ТҮЙМЕДАҚ
Қорытынды
Бүгінгі сабақта жылдың төрт мезгілімен байланысты тапсырмалар арқылы таңбалары әр түрлі сандарды қосу және азайту дағдыларын қайталадық. Барлығың белсенді қатысып, жақсы жұмыс жасадыңдар.
Талқылау сұрақтары
- Сабақтың қай бөлігі ұнады?
- Саған қай мезгіл ұнайды немесе ұнамайды?
- Неліктен?
Бағалау
Топтық және жеке жұмыс нәтижесіне қарай бағалау жүргізіледі.
Үй тапсырмасы
Мұғалім ұсынған тапсырмалар бойынша таңбалары әр түрлі сандарды қосу және азайтуға арналған есептерді орындау.