Ойын тапсырмалары
Сабақтың бағыты
Тақырыбы
Ойна да ойла!
Мақсаты
Балаларды қызықтыра отырып, ойын арқылы ойланып жауап беруге үйрету.
Білімділік
Қыс мезгілінің өзіндік ерекшеліктерін әңгімелеу, дыбыстарды анық айтқызу арқылы тілін дамыту.
Дамытушылық
Білімдерін бекіту арқылы ақыл-ой белсенділігін арттыру, көру және есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік
Ойын арқылы логикалық ойлауға баулу, дидактикалық ойындардың шартын дұрыс орындауға тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар
- Қыс мезгілінің суреттері
- Үй жануарларының суреттері
- Аңдардың суреттері
- Үй және орман суреті
- Геометриялық пішіндер
- Сандар
Шаттық шеңбері
Күннің көзі ашылып,
Көкте шуақ шашылып,
Құтты қонақ келіпті,
Төрімізге еніпті.
Амандасу — үлкенге,
Тәрбиенің басы ғой.
Ал, қанеки, бәріміз,
Сәлем дейік үлкенге!
«Сәлеметсіздер ме, апайлар!»
Кіріспе: жұмбақ-өлең
Аяз қысып, өрнек сызып,
Терезені торлайды.
Қарға омбығып, бет домбығып,
Балалар сырғанап ойнайды.
Кейде ұлып, кейде ысқырып,
Ұйытқып боран соғады.
Бөбектерім, айтыңдаршы,
Бұл қай кезде болады?
Балалардың жауабы
Қыста.
Сұрақ-жауап
Қазір қай мезгіл? Қыс мезгілінің ерекшеліктерін атаңдар.
Қыстың ерекшеліктері
- Айналаны қар басады.
- Күн суық болады.
- Қар жауады, боран соғады.
- Аяз болады.
- Адамдар жылы киінеді.
Қыстың айлары
Қыс — үш ай: желтоқсан, қаңтар, ақпан.
Ойын өзегі: «Зырылдауық» және күн шуақтары
Бүгінгі сабақта балалар тапсырмаларды зырылдауық арқылы орындайды. Әр бөлім — жеке ойын-тапсырма. Кім тапсырманы дұрыс әрі мұқият орындаса, оған күннің шуақтары беріледі. Ең көп шуақ жинаған бала — білгір әрі алғыр!
Тіл ұстарту жаттығуы
Ыр-ыр-ыр — ырылдайды қасқыр.
Ян-ян-ян — секіреді қоян.
Ю-ю-ю — қорбаңдайды аю.
Ла-ла-ла — Дияр жақсы бала.
Ыз-ыз-ыз — Кәусар жақсы қыз.
Ойын тапсырмалары
1) Апта туралы санамақ
Апта күндерін ретімен атап, қысқаша санамақ айту.
2) Дидактикалық ойын: «Төлін тап»
Үй жануарларын атап, олардың төлдерін сәйкестендіру.
3) «Қалай айтуды білемін»
Тәрбиеші аң-құс, жануар атауын айтады, ал балалар олардың дауысын салады.
4) Дидактикалық ойын: «Ажырат»
Үй және орман суретіне қарай үй жануарлары мен жабайы жануарларды ажыратып орналастыру.
Күтпеген сәт: сайқымазақпен ойын
Сайқымазақ қолында үш шармен кіріп келеді. Тәрбиеші шарларды санаймын деп, біреуін абайсызда жарып алады. Сайқымазақ жылап қалады. Балалар оны жұбатады да, бірге ойнауға шақырады:
«Сайқымазақ, кел! Зырылдауықты айналдыр, бізбен бірге ойын ойна!»
Қимылды ойын: «Шаршыны лақтыр»
Шаршы пішіні лақтырылады. Қай сурет үстіне түссе, сол суреттегі қимылды балалар қимылмен көрсетеді.
Зейінді тұрақтандыру және сергіту
Зейінді тұрақтандыру ойыны: «Орналастыр»
Фланелеграф арқылы «Үш аю» ертегісіндегі аюларды, кереуеттерін және үстелдерін дұрыс орналастыру.
Сергіту жаттығуы
Екі, үш, төрт — алақанды соғайық.
Оң жаққа бұрылып,
Сол жаққа бұрылып,
Біз шынығып алайық.
Жарайды, отырайық!
Қорытынды тапсырмалар
Геометриялық пішіндер
Пішіндерді атап беру: «Кім жылдам?»
Сандар туралы санамақ
Сандарды ретімен атап, санамақ айту.
Қорытынды сөз
Бүгін біз көптеген ойын ойнап, білімімізді пысықтадық. «Ұқыпты ұтар, іздеген табар, оқыған озар, еріншек тозар» — демекші, енді жиналған күн шуақтарын санайық. Кімде көп екен?
Күн шуақтарын санап, балалар мадақталады.
Қоштасу
Орнымыздан тұрайық,
Шеңберді біз құрайық.
Көріскенше күн жақсы,
Сау-саламат болайық!