Соғыс деген салмағын жалғыз сөздің, Бүгінгі ұрпақ өздерің арқылы ұғар

Сол күндердің ұмытылмас даңқы

Отан үшін от кешкен, тәуелсіздігіміз бен бостандығымыз үшін жанын қиған боздақтарды еске алу — әрқайсымыздың азаматтық парызымыз. Бұл — ортамызда жүрген ардагерлерге құрмет көрсету, өшпес ерлікке мәңгі тағзым ету, батыр бабаларымыздың есімдері мен ерлігін қадірлеуге тәрбиелеу жолы.

Мақсаты

  • Отан үшін от кешкен, тәуелсіздік пен бостандық үшін жанын қиған боздақтарды ұмытпау.
  • Ардагерлерге құрмет көрсету, ерлікке тағзым ету.
  • Батыр бабалардың есімі мен ерлігін қадірлеуге, сол рухты ұрпақ бойына сіңіруге тәрбиелеу.

Ерлік сүйген еліңе салтың ұнар,
Жүздеріңде жанған от жарқылы бар.
«Соғыс» деген салмағын жалғыз сөздің,
Бүгінгі ұрпақ өздерің арқылы ұғар.

Махмұтбай Әміреұлы

Салтанат Буденова