Бағдаршам - қос сөз
Сабақ туралы мәлімет
Өңірі мен мектебі
ОҚО, Төлеби ауданы, Леңгер қаласы, №6 жалпы орта білім беретін мектеп (коммуналдық мемлекеттік мекеме).
Пән мұғалімі
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі — Байтемирова Жанат.
Сабақ тақырыбы
Сын есімнің мағыналық түрлері
Жалпы мақсат
- Сын есімнің мағыналық түрлерін таныту және оның жасалу жолдарын меңгерту.
- Сын есімнің өзіне тән белгілерін ажыратуға үйрету.
- Салыстыру, талдау, синтездеу және ой қорытындысын жасау дағдыларын қалыптастыру.
- Сөз мағынасына мән беруге тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже
Білім нәтижесі
- Сын есімнің мағыналық түрлерін меңгереді.
- Сын есімдерге талдау жасай алады.
- Ой қорытындысын жасай білуге машықтанады.
Дағды және құндылық
- Сын тұрғысынан ойлау арқылы ынтымақтаса жұмыс істеу ережесін құра алады.
- Жеке және топтық жұмыс барысында өзіндік пікір мен көзқарас қалыптастырады.
Үй тапсырмасын сұрау және бекіту
«Сен – маған, мен – саған» әдісі
Оқушылар бір-біріне сұрақ қою арқылы өткен тақырыптарды қайталайды және үй тапсырмасын бекітеді.
сұрақ-жауап
өзара бағалау
қайталату