Сабақтас құрмалас сөйлем. Сабақтың көрнекілігі
Сабақтың идеясы
Оқушылар туған өлке туралы сөйлей отырып, сабақтас құрмалас сөйлемнің құрылымы мен түрлерін меңгереді және оны салалас құрмалас сөйлемнен ажыратуға жаттығады.
Білімділік
Жаңа тақырып бойынша білімді толықтыру; сабақтас құрмалас сөйлем және оның түрлері туралы түсінікті тереңдету; практикада салалас түрлерінен ажырату.
Дамытушылық
Сөздік қорды молайту, тіл дамыту; туған жер және Бурабай туралы әңгімелеуге баулу.
Тәрбиелік
Туған жерді сүюге, табиғатты құрметтеп сақтауға, қадірлеуге тәрбиелеу.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық ахуалСынып ортасына тұрып, шеңбер құрамыз. Қол ұстасып, бір-бірімізге жақсы көңіл күй мен саулық тілейміз. Әр оқушы бір-біріне жылы лебіз айтады.
Мұғалім оқушыларға бүгінгі сабаққа сәттілік тілеп, топқа бөліп отырғызады және бағалау парақтарын таратады.
Үй тапсырмасын тексеру
Оқулық тапсырмасы
71-бет, 6-тапсырма: артық сөзді септеу және тәуелдеу.
Шығармашылық тапсырма
«Отырар» сөзіне синквейн жазу.
Сұрақ-жауап (ережелер)
- Зат есім деген не?
- Етістік деген не?
- Сын есім деген не?
- Үстеу деген не?
- Сан есім деген не?
- Құрмалас сөйлем деген не? Түрлері қандай?
- Салалас құрмалас сөйлем деген не? Түрлері мен жалғаулықтары?
- Сабақтас құрмалас сөйлем деген не? Түрлері қандай?
Топтық жұмыс (карточка)
Тапсырма: салалас құрмалас сөйлемдердің түрін анықтап, жалғаулықтарын белгілеңдер.
1-топ
- Қазақ еш уақытта өз бетімен біреумен соғыспаған, және батырлар елдің бірлігін сақтаған. ыңғайлас
- Қазақстанымыз аз уақыт ішінде құлпырып өзгерді, бірақ та тәуелсіздік үшін қаншама күш жұмсалды. қарсылықты
- Біздің жерімізде көптеген өзен, көл мен су қоймалары бар, кейде қалың орман, тоғай кездеседі. кезектес
2-топ
- Нышандар халқымыздың бірлігін көрсетеді, сондықтан оларды мақтан ету керек. себеп–салдар
- Халықаралық жарыстарға Қазақстан өкілдері барады немесе Өзбекстан өкілдері қатысады. талғаулы
- Оқушының бүгінгі сабаққа дайындалмаған себебі мынау: күнделік пен дәптеріне үй жұмысын жазбады. түсіндірмелі
Сөздік жұмысы (тақтада)
Тұратын жері
мекені
Қоршаған орта
табиғат
Өмір бойы, үнемі
мәңгі
Шетсіз
шексіз
Байтақ
кең
Астам, көп
артық
Шың
тау басы
Алуан
әртүрлі
Орман
тоғай
Қосымша тапсырма: «мекен» сөзін тәуелдеу. Екінші оқушы сұрақ қойып, осы сөзді септейді (ауызша).
II. Жаңа сабақ
Кіріспе
Сексен көл Көкшетаудың саясында,
Әрқайсы алтын кесе аясында.
Ауасы дертке дауа, жұпар иісі —
Көкірек қанша жұтсаң тоясың ба?
Сәкен Сейфуллин
Лексикалық тақырып
«Қандай көркем туған өлкем!»
Грамматикалық тақырып
Сабақтас құрмалас сөйлем
Бурабай туралы әңгіме (оқушы баяндамалары)
Чингиза
Жер шоқтығы атанған көрікті Көкшетаудың ең бір әсем, жанға шипалы өңірі — Бурабай. Өңір атаулары Бурабай көлінің даңқымен көпке танымал. Бурабай көлі емдік қасиетімен әрі көркем табиғатымен ерекшеленеді. Көл теңіз деңгейінен 320,6 м биіктікте орналасқан.
Қарағайлы, қайыңды орман, Көкшенің шоқылары, аңызға айналған Жұмбақтас және біріне-бірі жақын жатқан көлдер тізбегі (Шортанды, Үлкен Шабақты, Кіші Шабақты, Қотыркөл, Жөкей, Бурабай) өңірге ерекше сипат береді. Мұнда Бурабай, Оқжетпес демалыс және сауықтыру орындары бар.
Кирилл
Бурабай — Көкшетаудағы әдемі көл. Суы тұщы әрі мөлдір. Айналасы қарағайлы, қайыңды орманмен көмкерілген, ауасы өте таза. Табиғаты ерекше болғандықтан, Бурабай туралы көптеген өлеңдер мен әңгімелер жазылған.
Көл ортасында Жұмбақтас орналасқан. Бұл аймақта Оқжетпес, «Жеке батыр» сияқты тарихи орындар бар. Сол себепті көл маңында көптеген демалыс орындары шоғырланған.
Анықтама
Бурабай — мемлекеттік ұлттық табиғи саябақ. 2000 жылғы 12 тамызда ҚР Үкіметінің қаулысы бойынша құрылған. Жалпы аумағы 83 511 гектар. Саябақ Щучье–Бурабай курорттық аймағында орналасқан және табиғаты мемлекеттік қорғауға алынған.
Ой шақыру
«Бурабай» дегенде ойларыңа қандай сөздер мен ұғымдар келеді? Кезекпен бір сөзден айтыңдар.
Кітаппен жұмыс
1-тапсырма: сөздер мен аударма
Сөздерді кезекпен оқып, мағынасын өз сөздеріңмен түсіндіріп, орыс тіліне аударыңдар.
Көркем
әдемі, сұлу — красивый, прекрасный
Өлке
туған жер, атамекен — Родина, родная земля
Арасында
ортасында — между, в центре
Атақты
белгілі, әйгілі — известный
Жанға жайлы
пайдалы — для души, полезный
Дауa
ем, шипа — лечение
Ежелден
бұрыннан, баяғыдан — с давних пор
Дерт
науқас, сырқат, ауру — больной
Сауығып
емделіп, жазылып — лечась
Алғашқы
бірінші, тұңғыш — первый
Шипажай
сауықтыру орны — санаторий
Түкпір-түкпірден
әр жерден, алыстан — издалека, со всех сторон
Емдік
шипалық — благотворный
Демалу
тынығу — отдыхать
Қосымша: сөздермен сөз тіркестерін құрастырып, сөйлем жасаңыздар (ауызша).
2-тапсырма
Мәтінді түсініп оқып, ең маңызды ойды қысқаша айтып беріңдер.
3-тапсырма
Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңдер.
Грамматика: сабақтас құрмалас сөйлем
Құрамындағы жай сөйлемдерінің алғашқысы тиянақсыз болып, соңғысына бағына байланысқан құрмалас сөйлем түрі сабақтас құрмалас сөйлем деп аталады. Ол бағыныңқы және басыңқы сөйлемнен тұрады.
Бағыныңқының 6 түрі
- 1 Шартты — -са, -се
- 2 Қарсылықты — -са да/-се де, -ғанмен/-генмен
- 3 Мезгіл — -ғанда/-генде, -ғанша/-генше, -ғаннан/-геннен
- 4 Себеп — -ғандықтан/-гендіктен, -ған соң/-ген соң
- 5 Мақсат — -у үшін, -мақ/-мек, -бақ/-бек, -пақ/-пек
- 6 Қимыл-сынын — -ып/-іп/-п, -а/-е/-й
Дәптермен жұмыс
5-тапсырма: сөйлемдердің сабақтас түрін анықтап, бір сөйлемге синтаксистік талдау жасаңыздар.
Талдауға үлгі
«Сіз осында келсеңіз, демалып, емделіп қайтасыз.» Хабарлы, құрмалас (сабақтас), шартты бағыныңқылы; толымды, жайылма, жақты. Бастауыш: сіз (жіктеу есімдігі, 2-жақ жекеше).
Қолдауды қажет ететін оқушыларға: сөздерді септеп, жалғауларын белгілеу (Паша, Влад, Валера), сондай-ақ сөз тіркестері: «Ғажайып Бурабай», «Әдемі Жұмбақтас», «Туған өлке».
Бекіту тапсырмалары
Мақал-мәтелдер
- Отан — оттан да ыстық.
- Отансыз адам — ормансыз бұлбұл.
- Отаны бірдің жүрегі бір, жүрегі бірдің тілегі бір.
- Отан — елдің анасы, ел — ердің анасы.
- Отан отбасынан басталады.
- Отаның тыныш — сен тыныш.
Синквейн үлгісі
Бурабай.
Емделу, тынығу.
Көркем, шипалық, пайдалы.
Бурабай — Қазақстанның ғажайып жері.
Туған өлке.
Тест сұрақтары
-
1) Бурабай көлі қай қалалардың арасында жатыр?
- A) Астана мен Көкшетау
- B) Астана мен Қарағанды
- C) Астана мен Алматы
-
2) Бурабайға адамдар қандай мақсатпен келеді?
- A) Жұмыс істеу үшін
- B) Демалып, емделу үшін
- C) Жаңа заттарды сатып алу үшін
-
3) Бурабайда не көп?
- A) Дүкендер
- B) Мектептер
- C) Шипажайлар
-
4) Бурабайдың фотосуреті бүкіл дүниежүзілік көрмеге қойылғаннан кейін қалай атайды?
- A) Қазақстан Швейцариясы
- B) Қазақстан Швециясы
-
5) Бурабайдағы алғашқы сауықтыру орны қай жылы ашылды?
- A) 1915 ж.
- B) 1910 ж.
- C) 1920 ж.
III. Қорытындылау
Жаңа тақырыпты бекіту үшін тақтада ағаш суреті беріледі. Оқушылар алма пішінді стикерлерге бүгінгі сабақта не ұнағанын және нені үйренгенін жазып, ағашқа іледі.
Рефлексия сұрақтары
- Сабақта не істедік?
- Не үйрендік?
IV. Үйге тапсырма
1-тапсырма
Жатқа оқу.
4-тапсырма
Жазбаша орындау (72–73-беттер).
V. Бағалау
Оқушылардың жауаптары, топтық жұмысқа қатысуы, дәптер жұмысы және тест нәтижелері бағалау парақтары арқылы қорытындыланады.