Аппликациялық сурет
Тақырыбы
«Жас суретшілер» сайысы
Мақсаты
- Балаларға бейнелеу өнерінің қыр-сырын жан-жақты үйрету.
- Сурет салу дағдысын дамыту.
- Логикалық ойлау, еске түсіру, елестету қабілеттерін және шығармашылығын арттыру.
Құрал-жабдықтар
Сайыстың барысы
Құрметті балалар, ата-аналар және қонақтар! Бүгінгі «Жас суретшілер» атты сайысымызға қош келдіңіздер! Жетістіктерімізді бағалайтын әділқазылар алқасымен таныстыруға рұқсат етіңіздер!
Сайыс кезеңдері (6 кезең)
- 1 Таныстыру
- 2 Аппликациялық сурет
- 3 Өсімдіктерді құрастыр
- 4 Айырмашылығын тап
- 5 Шебер-фломастер
- 6 «Жаз – керемет жыл мезгілі»
Шақыру сөзі
Әр таңды бақытпен атырамыз,
Өнерді ой көгінде баптаймыз.
Сайысқа қатысуға ортаға
Суретші балаларды шақырамыз.
Кезеңдердің мазмұны
I. Таныстыру
Әр топ өз атауын, ұранын және қысқа таныстыру мәтінін ұсынады.
II. Аппликациялық сурет
Түрлі-түсті қағаздан балапан бейнесін қиып, жабыстырып құрастыру.
III. Өсімдіктерді құрастыр
Бөлшектерге бөлінген өсімдіктердің бейнесін түр-түріне қарай дұрыс құрастыру.
IV. Айырмашылығын тап
Топ жетекшілеріне тапсырма: екі суретті салыстырып, айырмашылықтарды мүмкіндігінше жылдам тауып, әділқазылар алқасына көрсету.
V. Шебер-фломастер
Фломастермен берілген суретті таза әрі нақты бояп шығу. Түстердің үйлесімі мен ұқыптылық бағаланады.
VI. «Жаз – керемет жыл мезгілі»
Балалар өз бетінше жаз мезгілінің көрінісін қағаз бетіне салады.
Қорытынды және марапаттау
Балалар өз өнерін көрсетті, сайыстың да соңы таяды.
Жеңімпазды анықтайық, әділқазылар сайысты әділ бағалайды.
Әділқазылар шешімі
Сайыс шарттары бойынша қорытынды шығарылып, жеңімпаздар анықталады. Марапаттау рәсімін өткізу үшін сөз әділқазыларға беріледі.
Қатысушыларға алғыс
Балалар, жарайсыңдар! Бүгінгі сайысқа бәріңіз белсенді қатысып, шығармашылықтарыңызды көрсеттіңіздер. Марапаттау рәсімі аяқталған соң сайыс музыка әуенімен жабылады.