Математикалық жұмбақ кезеңі
Сайыстың мақсаты мен ұйымдастырылуы
Мақсаты: оқушылардың білімін тексеру, логикалық ой-өрісін дамыту, шапшаңдыққа және бірлесіп жұмыс істеуге баулу. Математика пәніне қызығушылығын арттыру.
Қолданылатын құрал-жабдықтар
- М. В. Ломоносовтың сөзі: «Ақыл-ойды тәртіпке келтіретін — математика, сондықтан оны оқу керек».
- Барлық кезең тапсырмалары слайдтар арқылы көрсетіледі.
Топтарға бөлу
Оқушылар ЭКСПО-2017 символдары арқылы топтарға бөлінеді. Әр топта 5 оқушыдан.
I топ
СарыТақырыбы: Күн энергиясы.
II топ
ЖасылТақырыбы: Табиғат энергиясы.
III топ
КөкТақырыбы: Су энергиясы.
Түрі: топтық сайыс сағаты. Құрметті көрермендер, сайысымызды бастайық!
Сайыс кезеңдері
-
1-тур
Бәйге
-
2-тур
Ғажайып үштік
-
3-тур
Математикалық жұмбақ
-
4-тур
Ойымды жалғастыр
-
5-тур
«Ғажайып аң»
-
6-тур
Көрермендермен сайыс
-
7-тур
Дода
1-тур: «Бәйге»
Ереже
- Сұраққа бірінші болып белгі берген топ жауап береді.
- Жауап қазақ тілінен бөлек, орыс және ағылшын тіліндегі баламасымен айтылады.
- Әр дұрыс жауап үшін 5 ұпай.
Жүргізуші сөзі
Қарап тұрмай бәйгеге еріңіз,
Шәкірттерге әділ шешім беріңіз.
Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығарар,
Бәйге, бәйге, бәйге — бір көріңіз.
Сұрақтар
| № | Сұрақ | Жауап |
|---|---|---|
| 1 | Дүйсенбіден кейін 3 күн өткен соң қай күн болады? | Жұма / пятница / Friday |
| 2 | Баспалдақ 15 басқыштан тұрады. Дәл ортасында тұру үшін қай басқышқа тұру керек? | 8 / восемь / eight |
| 3 | Төрт қойдың неше аяғы бар? | 16 / шестнадцать / sixteen |
| 4 | 1 жұмыртқа 3 минутта піссе, 4 жұмыртқа неше минутта піседі? | 3 минут / три минуты / three minutes |
| 5 | 1 т мақта ауыр ма, әлде 10 ц темір ауыр ма? | Тең / равны / equal |
| 6 | Халық мәтелінде «бір қарын майды» неше «құмалақ» бүлдіреді? | Бір / один / one |
| 7 | Бір тәулікте бір сағаттан қанша сағат көп? | 23 / двадцать три / twenty-three |
| 8 | Бөлменің төрт бұрышында бір-бір мысық отыр. Әр мысықтың алдында үш мысық отыр. Бөлмеде барлығы неше мысық бар? | 4 / четыре кошки / four cats |
2-тур: «Ғажайып үштік»
Жүргізуші сөзі
Оймен, кәне, көк теңізді кешіңдер,
Жарқ-жұрқ еткен неше түрлі есімдер.
Айтылғанда математикалық есептер,
Зейін салып, зердеменен шешіңдер.
Ұпайлар қатары
Кестеден ұпай таңдау: 20, 20, 20, 30, 30, 30, 40, 40, 40.
Сұрақтар мен жауаптар
-
Бұрышты тең екі бөлікке бөлетін сәуле қалай аталады?
20Жауап: биссектриса
-
180°-қа тең бұрыш қалай аталады?
20Жауап: жазыңқы бұрыш
-
Шеңбер центрінен шеңбердің бойындағы нүктеге дейінгі қашықтық.
20Жауап: радиус
-
Перпендикуляр түзулер неше градус жасап қиылысады?
30Жауап: 90°
-
Тек 6 цифрын үш рет қолданып, 30 санын өрнектеңдер.
30Жауап: 6×6 − 6
-
Жазылуында қанша әріп болса, сонша цифрдан тұратын сан(дар).
30Жауап: 10 және 100
-
Бүтін және бөлшек сандарды қамтитын, оң және теріс сандардың жиыны.
40Жауап: рационал сандар
-
Бірдей санды бірнеше рет көбейтуден тұратын өрнек ықшамдалса, қалай аталады?
40Жауап: дәреже
-
Санға қоссаң да өзгермейді, өзіне бөлуге болмайды; сан осін қақ бөледі. Бұл қай сан?
40Жауап: 0
3-тур: «Математикалық жұмбақ»
Кіріспе
Ой-өрісті дамытатын, бір нәрсені астарлап меңзейтін өнер түрін жұмбақ дейміз. Ендеше, сайыскерлерге жұмбақ жасырайық — шешімін тауып айтыңдар!
Жұмбақтар
-
Нүктеден бірдей қашықтықта жатқан нүктелер жиыны. Геометриялық фигура, бірақ ауданы жоқ.
Жауап: шеңбер
-
Қарасаң — шеңберге ұқсас, бірақ ауданы бар. Геометриялық фигура.
Жауап: дөңгелек
-
Адамды, малды, талды санауға жарайды. Күнделікті қосып, азайтып, көбейтіп, бөліп қолданамыз.
Жауап: натурал сан
Қосымша жұмбақтар
-
Екі бала көзін басты,
Бес бала тура қашты.
Үшеуі сайға тығылды,
Екеуі ойға тығылды.
Қанша бала тығылмақ? Жылдам тап!Жауап: 12
-
Алдымыз-артымыз шексіз, жете алмайсың біздерге. Сәуле мен кесінді шыққан тегін білсе де.
Жауап: түзу
-
Егіз туған қос жүйрік,
Жарыса шауып терлейді.
Терлеген сайын өрлейді,
Бірін-бірі көрмейді.
Дамылсыз қанша шапса да,
Бір мәреге келмейді.Жауап: параллель түзулер
4-тур: «Ойымды жалғастыр»
Бұл кезеңде мақал-мәтелдердің жалғасын табу керек. Әр команда шапшаң жауап береді.
Мақал-мәтелдер
- Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім іл
- Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар
- Екі жақсы қас болмас, екі жаман дос болмас
- Досыңды үш күн сынама, үш жыл сына
- Бір елі ауызға — екі елі қақпақ
Жалғасы
- Жүз сомың болғанша, жүз досың болсын
- Отыз тістен шыққан сөз, отыз елге тарайды
- Білгенің бір тоғыз, білмегенің тоқсан тоғыз
- Бір кісі қазған құдықтан, мың кісі су ішеді
- Бұл кезең аяқталған соң, әділқазылар алқасынан ұпай саны сұралады.
5-тур: «Ғажайып аң»
Топтарға тапсырма: геометриялық фигуралардың көмегімен өздерінің «ғажайып аң» суретін құрастыру.
6-тур: Көрермендермен сайыс
Көрермендерге сұрақтар қойылады. Дұрыс жауап бергендерге сыйлықтар табысталады.
Логикалық сұрақтар
-
Үстел үстінде үш стакан шие тұр. Марат бір стакан шиені жеп қойды. Неше стакан қалды?
Жауап: үш стакан
-
Жүгіру жарысында Асет, Марат, Талғат үш орынды алды. Егер Марат екінші орын алмаса, ал Талғат үшінші орын алмаса — кім қай орын алды?
Жауап: 1 — Марат, 2 — Асет, 3 — Талғат
-
Бес шырпы таяқшасынан екі үшбұрыш құрыңдар.
Тапсырма: құрастыру
Тапқырлық тапсырмалары
-
Әкесі ұлына кітап беріп: «Осы кітапты оқысаң, 2000 теңге беремін», — дейді. Бір аптадан соң баласы: «Оқыдым, 2000 теңгемді бересіз бе?» — дейді. Сонда әкесі: «Сен кітапты оқымағансың», — деп жауап береді. Әкесі баласының оқымағанын қайдан білді?
Жауап: 2000 теңге кітаптың ішінде болған.
-
Атасы немерелеріне асық бермек: жетеуден берсе — екеуі артық қалады, сегізден берсе — біреуі жетпей қалады. Атаның неше немересі бар? Асығы нешеу?
Жауап: 3 немере, 23 асық
-
Дұрыс жауапты табыңдар (екі нұсқа)
№1
- 1 + 4 = 5
- 5 + 2 + 5 = 12
- 12 + 3 + 6 = 21
- 21 + 8 + 11 = 40
Жауап: 40
№2
- 1 + (4 × 1) = 5
- 2 + (5 × 2) = 12
- 3 + (6 × 3) = 21
- 8 + (8 × 11) = 96
Жауап: 96
Нәтижеңіз 40 немесе 96 болса — екеуі де дұрыс.
Көрермендерімізге белсенді қатысқандары үшін алғыс айтамыз!
7-тур: «Дода»
Ереже
Бұл — сайыстың ең шешуші кезеңі. Сұрақтарға 1 минут ішінде жауап беру керек.
Ең қиыны — жарыстардың «додасы» келді,
Мықтылардың мықтысы жеңсін енді.
Осы ойыннан көреміз ерен ерді,
Сайысымыздың соңғы кезеңі — «Дода».
«Күн энергиясы» (сары топ)
1 минут- 60 санының 50%-ын тап30
- Қарама-қарсы сандардың қосындысы0-ге тең
- Бұрышты өлшейтін құралтранспортир
- Екі қатынастың теңдігіпропорция
- Кез келген санның бірінші дәрежесіөзіне тең
- Теріс санның жұп дәрежесіоң сан
- Ең кіші үш таңбалы сан100
- Нөлдің бірінші дәрежесі0
- Ең кіші натурал сан1
- 11 санының квадраты121
- Алымы бөлімінен үлкен бөлшекбұрыс бөлшек
«Табиғат энергиясы» (жасыл топ)
1 минут- Айырмашылығы тек таңбасымен ғана ерекшеленетін сандарқарама-қарсы сандар
- Теріс сандардың қосындысытеріс
- Жүзден бір бөлікпроцент
- Екі санның бөліндісінің атықатынас
- Кез келген санның тақ дәрежесі (теріс сан үшін)теріс
- Кез келген санның нөлінші дәрежесі1
- Ең үлкен үш таңбалы сан999
- Барлық қабырғалары тең тіктөртбұрышшаршы
- 5-ке қарама-қарсы сан-5
- 4 санының кубы64
- 3,5 таяқтың неше ұшы бар?8
«Су энергиясы» (көк топ)
1 минут- Қандай сандар 5-ке бөлінеді?соңы 0 немесе 5 болатын сандар
- Құрамында әрпі бар өрнек қалай аталады?әріпті өрнек
- 90°-тан кіші бұрышсүйір бұрыш
- Ең үлкен екі таңбалы сан99
- Қай санға бөлуге болмайды?0
- Дәлелденбейтін ұйғарымаксиома
- Екі нүктенің арасындағы түзу бөлігікесінді
- Қандай сан барлық санға қалдықсыз бөлінеді?0
- 90° жасап қиылысатын түзулерперпендикуляр түзулер
- Үш кесіндіден құралған фигураүшбұрыш
- Диаметрдің жартысырадиус
Қорытынды
Жүргізуші сөзі
Сайысымыздың соңғы сәті таяп қалды. Енді әділқазылар алқасына сөз беріледі: олар ұпайларды қорытындылап, жеңімпазды анықтайды және мақтау қағаздары мен сыйлықтарды табыстайды.
Нәтиже
Сайыс өз мәресіне жетті. Жеңімпаз команда марапатталды, әділқазылар қорытынды сөз сөйледі. Осылайша сайысымыз аяқталды.