Спорт жеңімпаздары
Сабақ туралы қысқаша мәлімет
Тақырып
Спорт жеңімпаздары
Сабақ түрі
Аралас сабақ
Әдіс-тәсілдер
- Баяндау
- Әңгімелеу
- Сұрақ-жауап
Көрнекіліктер
- Интерактивті тақта
- Суреттер
- Үлестірме қағаздар
- Презентация
Сабақтың мақсаттары
Білімділік
Етістің түрлерін және реттік сан есімнің жасалу жолдарын қаншалықты меңгергенін бақылау, мысалдар арқылы бекіту.
Дамытушылық
Оқушылардың ауызекі сөйлеу тілін және ойлау қабілетін дамыту, тақырып бойынша өзара сөйлесуге жаттықтыру.
Тәрбиелік
Спорттың баланың денсаулығын нығайтуға, дене қабілеттерін шыңдауға және тұлғалық қасиеттерін қалыптастыруға ықпал ететінін түсіндіру.
Сабақ барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Сәлемдесу.
- Оқушылардың сабаққа дайындық деңгейін анықтау.
II. Үй тапсырмасын тексеру
1) Етістің түрлері (кестені толықтыру)
Үлестірме қағаздар арқылы етіс түрлерін ажыратып, жасалу жолдарын түсіндіру.
| Етіс түрі | Мәні | Жасалу жұрнақтары | Мысалдар |
|---|---|---|---|
| Өздік етіс (возвратный) | Іс-әрекетті орындаушы — өзі | -ын, -ін, -н | киінді, таранды |
| Ырықсыз етіс (страдательный) | Орындаушы белгісіз | -ыл, -іл, -л | айтылды, бөлінбеді, шақырылды |
| Өзгелік етіс (понудительный) | Біреуге істеткізу, орындату | -ғыз, -гіз, -дыр, -дір, -қыз, -кіз, -тыр, -тір | айтқызды, ойландырғыз, оқыттырды, жаздырды |
| Ортақ етіс (взаимный) | Іс-әрекеттің бірлесіп орындалуы | -ыс, -іс, -с | сөйлесті, аударыс, өсіріс |
2) Әңгімелеу
Спорт түрлері және оның маңызы туралы қысқаша әңгімелеу.
III. Жаңа сабақ
Өткен тақырыппен байланыс
Өткен материалды жаңа сабақпен байланыстырып, сабақтың мақсатымен таныстыру.
Сұрақ-жауап
- Қандай спорт түрлерін білесіңдер?
- Спорт адам өмірінде қандай орын алады?
- Спортпен айналысқан адамның денсаулығы қандай болады?
- Дене шынықтырумен шұғылдану керек пе?
- Сен спорттың қандай түрімен айналысасың?
- Біздің мектепте қандай спорт секциялары бар?
- Спортпен айналысқан адам өмірде қандай маңызды жетістіктерге жетеді?
Қорытынды: спорт адамды жігерлендіріп, табандылыққа үйретеді және түрлі жетістіктерге жетелейді.
1) Мәтінмен жұмыс (162-бет, 1-тапсырма)
- Оқылым: мәтінді түсініп оқу, жаңа сөздерге назар аудару.
- Айтылым және тілдесім: мәтін мазмұны бойынша сөйлесу.
- Тілдік мақсат: реттік сан есімнің жасалу жолдарына көңіл бөлу.
- Аударылым: мәтінді аудару.
- Сұрақ құрастыру: мәтіннің мазмұнын ашатын сұрақтар дайындау.
2) Таныстыру (презентация)
Қазақстан Республикасы Олимпиада жеңімпаздарымен және жерлес, танымал спортшылармен таныстыру.
3) 2-тапсырма (163-бет)
Жазылым, айтылым: сөйлемдерді аяқтау.
«Қазақстан — ежелден спорттық дәстүрі бар ел…»
4) Деңгейлік тапсырмалар
III деңгей
Реттік сан есімдердің жасалу жолдарын түсіндіріп, мысал келтіріңдер: 1950–1960, 1995, 1980.
II деңгей
Ортақ етіске бірнеше мысал келтіріп, жасалу жолдарын түсіндіріңдер.
I деңгей
Тіркесті сөздер мен сан есімдерді пайдаланып, ұнататын спорт ойындарың және спортшылар туралы қысқаша хабарлама дайындаңдар.
IV. Қорытындылау және бекіту
- Интерактивті тақтадағы суреттер арқылы сабақты бекіту.
- Синквейн құрастыру.
Синквейн үлгісі
Спортшы.
Мықты, шыдамды, шапшаң.
Жарысады, жүгіреді, секіреді.
Спорт — денсаулық кепілі.
Жеңіс.
V. Бағалау
Оқушылардың жауаптары мен тапсырмаларды орындауына қарай бағалау.
VI. Үй тапсырмасы
- 163-бет: 1 және 3-тапсырмалар.