Есікті ашып қарау

Сақтықта қорлық жоқ (Өрт қауіпсіздігі туралы)

Бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы — «Сақтықта қорлық жоқ».

От деген сөзді қалай түсінесіздер? От өмірімізге қуат беріп, бойымызды жылытады. Ол — тіршіліктің ажырамас бөлігі: от болмаса тамақ піспейді, үй жылымайды, тұрмыс алға баспайды.

Дегенмен оттың пайдасымен қатар, қауіпті жағы да бар. Өрт — тілсіз жау. Сондықтан ең маңыздысы — алдын алу, яғни сақтық.

Өрт — тілсіз жау: өрттің шығу себептері

Сіріңке

Сіріңкемен ойнау — өрттің ең жиі кездесетін себептерінің бірі.

Темекі

Шылым тұқылын толық сөндірмей тастау құрғақ шөп пен қоқысты тұтатып жібереді.

Үтік

Қосулы үтікті қараусыз қалдыру матаны, жиһазды тұтандыруы мүмкін.

Газ

Газды ашық қалдыру жарылыс пен өртке алып келеді.

Отшашу

Отшашуды дұрыс қолданбау үй ішінде де, сыртта да қауіпті.

Құрғақ шөп

Құрғақ шөп пен жапырақты жағу өрттің тез таралуына себеп болады.

Өрттің негізгі себептері (қысқаша тізім)

  • Шылым тұқылын сөндірмей тастау.
  • Сіріңкемен немесе оттықпен ойнау.
  • Үтікті (немесе басқа электр құралын) қосулы күйде қараусыз қалдыру.
  • Газды ашық қалдыру.
  • Отшашуды қауіпсіздік ережесін сақтамай пайдалану.

Өрт қауіпсіздігі турнирі

Викториналық сұрақтар

  1. 1) Неге өрт сөндіру қызметінің нөмірі 01?

    Есте сақтауға оңай, қысқа әрі тез терілетін нөмір болғандықтан.

  2. 2) Өрт оттан басқа несімен қауіпті?

    Ең қауіптісі — түтін: оны жұтқан адам тұншығып, есінен тануы мүмкін.

  3. 3) Жаңа басталған өртті немен сөндіруге болады?

    Көрпемен жабу, құм себу, су қолдану (жағдайға қарай), өрт сөндіргіш пайдалану.

  4. 4) Өрт сөндіру қызметіне хабарласқанда қандай мәлімет айту керек?

    Аты-жөніңіз, нақты мекенжай, не жанып жатқаны, қауіп бар-жоғы (адамдар, газ, электр).

  5. 5) Өрт кезінде лифтіні неге пайдалануға болмайды?

    Түтін лифт шахтасына жиналуы мүмкін, ал электр сөніп қалса лифт тұрып қалуы ықтимал.

  6. 6) Жасанды шырша жана ма?

    Иә, жанады және жанғанда улы түтін бөлуі мүмкін.

  7. 7) Бенгаль отшашуын қалай қолдану керек?

    Шырша мен жиһаздан алыс жерде, өзіңізден де алшақ ұстап, қауіпсіз қашықтық сақтап жағу қажет.

  8. 8) Қандай өртті сумен сөндіруге болмайды?

    Электр құрылғылары жанғанда су қолдануға болмайды.

  9. 9) Орман өрті несімен қауіпті?

    Орман жойылады, жануарлар зардап шегеді, экологияға ауыр әсер етеді.

  10. 10) Неге құрғақ шөп пен жапырақты жағуға болмайды?

    Өрт өте тез тарайды және жақын маңдағы тұрғын үйлерге, құрылыстарға жетуі мүмкін.

Ойын: «Кім тез киінеді?»

Екі командадан бір-бір оқушы шығады. Белгілі бір уақыт ішінде тез әрі дұрыс киініп, дайын болу керек. Бұл ойын төтенше жағдай кезіндегі жедел әрекет дағдысын қалыптастырады.

Жағдаяттық сұрақтар

Әр команда бір сұрақты таңдап, әрекет жоспарын ұсынады.

  1. 1) Үйде жалғыз қалдың. Кенет электр сымдарының пышырлап жана бастағанын байқадың. Не істейсің?
  2. 2) Үш дос демалыс күні аулада ойнап жүрсіңдер. Сіріңке әкеліп, от жақтыңдар. Жел ұшырып, от үйілген құрғақ шөпке тиіп, шөп жана бастады. Не істейсің?
  3. 3) Сөнбей қалған шылым тұқылын көрдің, жердегі қураған шөп жана бастады. Мұндай жағдайда не істейсің?
  4. 4) Сабаққа келгенде сыныптасыңның оттық ұстап жүргенін байқадың. Мұндай жағдайда не істейсің?
  5. 5) Қараңғы бөлмеге кіргенде газдың иісін сездің. Сенің әрекетің қандай?

Өрт туралы не білдік? Тест

Әр командаға тест сұрақтары таратылады. Дұрыс жауапты таңдаңыз.

  1. 1) Өрт болған жағдайда қай нөмірге хабарласамыз?

    • 03
    • 02
    • 01
  2. 2) Өрт сөндірушілер келіп, эвакуация жасалды. Енді өрт туралы кімге хабарлауыңыз керек?

    • Полиция
    • Жедел жәрдем
    • Көршілер
  3. 3) Түн ішінде оянып, бөлмеңізді түтін басқанын байқасаңыз, не істейсіз?

    • Көмекке шақыру
    • Төсектен түсіп, есікке қарай еңбектеп қозғалу
    • Тұрып алып жүгіру
  4. 4) Өрттен шығу мүмкін емес болса, әрекетіңіз қандай?

    • Бөлмеге кіріп, түтін кіретін саңылауларды дымқыл шүберекпен бітеп, көмек күту
    • Қалай да болса шығуға тырысу
    • Терезені ашу
  5. 5) Есіктің арғы жағында өрт болса, бер жағындағы саңылауларды не үшін бітеу керек?

    • Шуды азайту үшін
    • Бөлмеге түтін кірмеуі үшін
    • Бөлмеге ыстық кірмеуі үшін
  6. 6) Өрт сөндіру машинасы жаныңыздан өтіп, жақын жерге тоқтаса, әрекетіңіз қандай?

    • Өрт сөндірушілердің назарын өзіңізге аударту
    • Өртті өз күшіңізбен сөндіруге тырысу
    • Өрт сөндіру қызметіне қайта хабарласу
  7. 7) Жабық есіктің ар жағында өрт болып жатқанын қалай білуге болады?

    • Есікті ашып қарау
    • Көмекке шақыру
    • Есікті қолмен ұстап көру

Мақал-мәтелдер жарысы

Командалар өрт және сақтану тақырыбындағы мақал-мәтелдерді айтып, жарысады.

  • Отпен ойнама — күйерсің.
  • Ойын түбі — от.
  • Отын деген шөп болар, жинай берсең көп болар.
  • От жақпа — пісерсің, ор қазба — түсерсің.
  • Сумен ойнама — батарсың, отпен ойнама — күйерсің.
  • От пен су — тілсіз жау.
  • Өзі саққа құдай жақ.
  • Сақ жүрсең — сау жүрерсің.
  • Сақтықты сұңқардан үйрен.
  • Жау жоқ деме — жар астында. Бөрі жоқ деме — бөрік астында.

Практика: «Кім жылдам?»

Жағдай: түтін толған бөлме

Екі командадан бір-бір оқушы шығып, түтін толған бөлмеден қалай шығу керектігін көрсетеді: дымқыл шүберекпен ауыз-мұрынды жауып, еңкейіп немесе еңбектеп қозғалу керек (түтін жоғарыда жиналады).

Басқатырмақ: сөздерді тап

Командалар төмендегі сөздерді табады және олардың өрт қауіпсіздігіндегі мағынасын қысқаша түсіндіреді.

су түтін от балта оттегі өмір эвакуация есік терезе бала өрт сөндіру сіріңке күйік газ бригада баспалдақ дабыл лифт