Домбырасыз сән қайда
Сабақтың тақырыбы: «Музыка әлемінде»
Сабақ түрі
Сайыс сабақ
Көрнекіліктер
Суреттер, мультимедиа, плакаттар.
Мақсаты
- Оқушылардың музыкаға, өнерге деген сүйіспеншілігін арттыру мақсатында «Миллион кімге бұйырады?» ойыны үлгісінде музыкалық сұрақтар қойып, жауап алу.
- Сайыс арқылы ынта-ықылас пен қызығушылықты дамыту.
- Өнерлі өрендерді музыка әлеміне жетелеу.
Ойын ережесі
І. Жылдамдық кезеңі
Берілген есімдерге сәйкес өнер иелерін табыңыз. Ең шапшаң жауап берген 1 оқушы ойынға қатысады.
- Роза
- әнші
- Шара
- биші
- Дина
- күйші
- Бұқар
- жырау
ІІ. Негізгі ойын
Қатысушы музыкалық сұрақтарға жауап береді. Қолдануға болатын 3 мүмкіндік бар:
- 50/50 (екі жауап нұсқасын алып тастау)
- Залдан көмек сұрау
- Телефон арқылы көмек алу
Сұрақтар топтамасы I
-
Қазақ халқы домбырада орындайтын музыкалық жанр қалай аталады?
200- А) ән
- Ә) би
- Б) күй
- В) жыр
-
Нәресте дүниеге келгенде жасалатын алғашқы той қалай аталады?
400- А) шілдехана
- Ә) тұсаукесер
- Б) бесікке салу
- В) тоқымқағар
-
Әнді шығаратын адам кім?
500- А) вокалист
- Ә) сазгер
- Б) ақын
- В) әнші
-
«Елдің жырын жырлаған, қайғысын да толғаған…» өлең жолдары қай шығармаға тән?
700- А) «Төлдер»
- Ә) «Домбырасыз сән қайда»
- Б) «Елім-жырым»
- В) «Домбыра»
-
«Алатау», «Аман бол, шешем, аман бол», «Сарыарқа» күйлерін шығарған күйші кім?
900- А) Дәулеткерей
- Ә) Дина
- Б) Құрманғазы
- В) Тәттімбет
-
Әнімен қоса билеуге келетін күй қайсы?
1000- А) «Қосалқа»
- Ә) «Қамажай»
- Б) «Келіншек»
- В) «Еркесылқым»
-
«Ми» нотасы нота сызығының қай сызығында орналасады?
1200- А) 1
- Ә) 3
- Б) 4
- В) 5
-
Суреттегі тұлға кім? (Тұлғаның суреті көрсетіледі.)
1500Жауап: Дина
-
Өзі құстың да аты, әннің де аты болып келетін атау қайсы?
2000- А) «Әуіппай»
- Ә) «Маңмаңгер»
- Б) «Қараторғай»
- В) «Бұлбұл»
-
«Сызылған үні, сүйкімді тілі, үрлесең ойнайтын…» — бұл қай аспап?
2200- А) қылқобыз
- Ә) домбыра
- Б) сыбызғы
- В) дабыл
-
«Қазақтың бұлбұлы» атанған атақты әнші кім?
5000- А) Күләш Байсейітова
- Ә) Роза Бағланова
- Б) Шара Жиенқұлова
- В) Мақпал Жүнісова
-
Оркестрді кім басқарады?
10000- А) әнші
- Ә) концертмейстер
- Б) дирижер
- В) артист
-
«Отырар сазы» оркестрінің дирижері кім?
20000- А) Н. Тілендиев
- Ә) Е. Брусиловский
- Б) Ш. Қалдаяқов
- В) М. Әлімбаев
Сөздерден сөйлем құрау
Тапсырма
Берілген сөздерді дұрыс орналастырып, мағыналы сөйлем құраңыз:
Берілген сөздер
Жол ашқан, ұрпаққа, жерім бар, кең байтақ
Дұрыс нұсқа
Ұрпаққа жол ашқан кең байтақ жерім бар.
Ескерту: Бұл жолдар Әнұран тақырыбымен байланысты тапсырма ретінде қолданылады.
Сұрақтар топтамасы II
-
Әнді айтар алдында қайда қараймыз?
200- А) мұғалімнің қолына
- Ә) дәптерге
- Б) тақтаға
- В) нотаға
-
Күйді тыңдап, атауын табыңыз.
400- А) «Кішкентай»
- Ә) «Балбырауын»
- Б) «Ақсақ құлан»
- В) «Сарыжайлау»
-
«Угай-ай, ән салшы-ай, бір бала-ай» сөздері қай әнде кездеседі?
500- А) «Бипыл»
- Ә) «Бір бала»
- Б) «Қамажай»
- В) «Қалқатайдың дауысы-ай»
-
Ұлы күйшілер жақын адамдарына арнап шығарған күйлер қай топқа жатады?
700- А) тарихи күйлер
- Ә) арнау күйлер
- Б) қоштасу күйлер
- В) аңыз күйлер
-
Жайлау көрінісі көз алдыңызға келетін бұл сипаттама қай күйге тән?
900Жасыл жайлау, жайылып жүрген малдар, көгорай шалғын, көз ұшында тау, алыстағы ауыл.
- А) «Сарыжайлау»
- Ә) «Ел айрылған»
- Б) «Саранжап»
- В) «Кішкентай»
-
«Соль» нотасы нота сызығының қай сызығында орналасады?
1000- А) 1
- Ә) 2
- Б) 3
- В) 4
-
Қай күйші өзінің анасына арнап күй шығарған?
1200- А) Махамбет
- Ә) Тәттімбет
- Б) Құрманғазы
- В) Асанқайғы
-
Музыкалық шығарманың шарықтау шегі қалай аталады?
1500- А) вариация
- Ә) кульминация
- Б) вибрация
- В) канон
-
Суреттегі тұлғаны табыңыз. (Тұлғаның суреті көрсетіледі.)
2000 -
«Сегіз аяқ», «Көзімнің қарасы», «Желсіз түнде жарық-ай» әндерінің авторы кім?
2200- А) Ыбырай
- Ә) Сәкен
- Б) Абай
- В) Жамбыл
-
Тез арада өз жанынан өлең не күй шығару қабілеті қалай аталады?
5000Жауап: суырыпсалмалылық
-
Айтыстың ең көне түрі қайсы?
10000- А) ақындар айтысы
- Ә) жар-жар
- Б) бәдік
- В) қыз бен жігіт айтысы
-
Бүтін нота нешеге тең?
20000- А) 1-ге
- Ә) 1-ге, 2-ге
- Б) 1-ге, 2-ге, 3-ке, 4-ке
- В) 1-ге, 2-ге, 3-ке
Сұрақтар топтамасы III
Қысқа тапсырма
Бір диезі бар гамманы атаңыз:
Соль ля си до ре ми фа♯ соль — Соль мажор гаммасы
-
Нота сызығы неше сызықтан тұрады?
200- А) 3
- Ә) 5
- Б) 7
- В) 9
-
Қазақ елінің ауыр кезеңін суреттейтін ән қайсы?
400- А) «Елім-ай»
- Ә) «Қазақстан»
- Б) «Атамекен»
- В) «Отан»
-
Әншілердің қосылып айтатын үлкен тобы қалай аталады?
500- А) оркестр
- Ә) хор
- Б) концерт
- В) оратория
-
Ерлердің жуан дауысы қалай аталады?
700- А) сопрано
- Ә) тенор
- Б) альт
- В) бас
-
«Балдырғандар әні» қандай ән түріне жатады?
900- А) салтанатты
- Ә) марш
- Б) лирикалық
- В) көңілді мажор
-
Ішекті аспаптардың ішіндегі ең төмен дауысты, көлемі үлкен, төрт ішекті аспап қайсы?
1000- А) скрипка
- Ә) альт
- Б) контрабас
- В) виолончель
-
Суреттегі тұлғаны табыңыз. (Сурет көрсетіледі.)
1200 -
Төмендегі күйлердің ішінен Қазанғаптың күйін табыңыз.
1200- А) «Тойбастар»
- Ә) «Учитель»
- Б) «Бес жорға»
- В) «Отарба»
-
«Си» нотасы нота сызығында қай жерде орналасады?
1500- А) 2
- Ә) 1 мен 3-тің ортасы
- Б) 3
- В) 4 пен 5 сызықтың аралығы
-
Pianissimo қандай динамикалық белгі?
2000- А) қатты, күшті
- Ә) өте ақырын, жай
- Б) орташа
- В) кенеттен күшейтіп
-
Лига дегеніміз қандай белгі?
5000- А) тоқтау, ұстау
- Ә) бір биіктіктегі дыбыстарды байланыстырып тұратын белгі
- Б) музыканың шарықтау шегі
- В) дыбысты жеке бөлу, даралау белгісі
-
Оң қол саусақтарының таңбалануы (ретімен жазыңыз).
10000Басбармақ, сұқ саусақ, ортаңғы саусақ, аты жоқ саусақ, шынашақ.
-
Төрттік нота нешеге саналады?
20000- А) 1-ге, 2-ге
- Ә) 1-ге
- Б) 1
- В) 1-ге, 2-ге, 3-ке, 4-ке
Сұрақтар топтамасы IV
Анаграмма
Әріптерді дұрыс орналастырсаңыз, Құрманғазымен күй тартысқа түскен күйшінің есімі шығады:
Берілген әріптер
У Й Д Е К Л Ә Р Е Т Е
Жауап
Дәулеткерей
-
Өз жанынан өлең шығаратын өнер иесі кім?
200- А) әнші
- Ә) күйші
- Б) ақын
- В) жыршы
-
Біржанмен айтысқа түскен ақын қыз кім?
400- А) Сара
- Ә) Дина
- Б) Шара
- В) Қарлығаш
-
Әйелдердің жіңішке, биік дауысы қалай аталады?
500- А) альт
- Ә) бас
- Б) тенор
- В) сопрано
-
Қазақстан Республикасының Әнұранының музыкасын жазған сазгер кім?
700- А) Л. Хамиди
- Ә) Н. Тілендиев
- Б) Ш. Қалдаяқов
- В) А. Жайымов
-
ҚР Мемлекеттік Туында қай құстың бейнесі бар?
900- А) шымшық
- Ә) қаршыға
- Б) бұлбұл
- В) бүркіт
-
Тарихи тақырыпқа жазылып, бірнеше бөлімнен тұратын, жеке әнші, хор және симфониялық оркестр орындайтын ірі музыкалық шығарма қалай аталады?
1000- А) хор
- Ә) оратория
- Б) оркестр
- В) баллада
-
Төмендегі әндердің ішінен қазақтың халық әнін табыңыз.
1200- А) «Желсіз түнде жарық ай»
- Ә) «Ақ дариға»
- Б) «Қанеки, тілім, сөйлеші»
- В) «Солдат болам мен ертең»
-
Мәдениет үйіндегі музыкалық квинтеттің «X факторға» қатысқан тобының атауы қандай?
1500Жауап: Қаратөбе
-
Репертуарында «Қуыршағым», «Фарида» әндері бар әнші қыздың есімі кім?
2000- А) Әлия
- Ә) Гүлназ
- Б) Фарида
- В) Фариза
Қорытынды
Бұл сайыс форматы оқушылардың музыкалық білімін жүйелеуге, тыңдай білу дағдысын дамытуға және ұлттық өнер тұлғалары мен музыкалық ұғымдарды тереңірек меңгеруге мүмкіндік береді.