Топтарға ауыстыру

Сабақтың тақырыбы: «Кітап қайдан шығады?»

Бұл сабақ оқушыларды кітаптың шығу тарихымен таныстырып, кітаптың адам өміріндегі маңызын түсіндіруге бағытталған. Сабақ бойында балалардың ойлау дағдысы, қарым-қатынас мәдениеті және жауапкершілігі дамытылады.

Мақсаты

Оқушыларды кітаптың шығу тарихымен таныстыру және кітаптың адам өміріндегі маңызын ұғындыру.

Міндеттері

  • Кітапты қастерлеуге үйрету.
  • Оқушының құзыреттілігін дамыту.
  • Адамгершілікке, сыпайылыққа, әдептілікке тәрбиелеу.

Қолданылған модульдер

Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер

Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау

АКТ қолдану (ақпараттық-коммуникациялық технологиялар)

Талантты және дарынды балаларды оқыту

Оқытуды басқару және көшбасшылық

Стратегиялық іс-әрекеттер

Серпілмелі доп Венн диаграммасы Көршіңе әңгімелеп бер Ойлан – жұптас – бөліс Қол сигналы Ыстық орындық BLOB TREE Бағдаршам

Сабақ барысы

Кіріспе

2 минут

Мұғалімнің іс-әрекеті

  • Оқушылармен амандасады, психологиялық дайындық жасайды.
  • Сабаққа даярлықты қадағалайды, «Алтын ережені» еске түсіреді.
  • «Қол сигналы» арқылы мадақтайды.

Оқушының іс-әрекеті

  • Сабаққа дайындалады, сынып ережесін еске түсіреді.
  • Көңіл күйін смайлик арқылы білдіреді.

Көңіл ашар (өлең)

Қарады маған да, Күлімдеп күн бүгін. Қарады саған да, Шуақты көктем нұр төгіп, Көңілді көтеріп. Сәлеметсіз бе, күн! Сәлеметсіз бе, жер! Сәлеметсіз біз. Сәлем бердік сіздерге, Құрметпенен біз.

Бағалау: «Жақсы», «Жарайсыңдар» (қол сигналы).

Тұсаукесер және үй тапсырмасын тексеру

5 минут

«Серпілмелі доп» сұрақтары

  • Кітап қайдан шығады?
  • Кітапты кімдер шығарады?
  • Кітапты неден жасайды?
  • Кітап бізге не үйретеді?
  • Кітап бізге керек пе? Неліктен?
  • Кітапты қалай ұстауымыз керек?

«Көршіңе әңгімелеп бер»

Оқушылар берілген тапсырманы жұппен талқылап, ортақ жауаптарын толықтырады. Әңгіме барысында кітаптың: әріп үйрететіні, халық тарихын танытатыны, жақсылыққа баулитыны, білім беретіні, ұлы тұлғалармен таныстыратыны, мақал-мәтелдер мен жұмбақтарды үйрететіні атап өтіледі.

Ресурстар: оқулық, доп.

Негізгі бөлім: жаңа сабақ

30 минут

АКТ және көрнекілік

  • Кітап түрлерін интерактивті тақтадан көрсету.
  • Қазіргі баспа түрлері туралы бейнежазба көрсету.
  • Кітаптар көрмесін ұйымдастыру.

Топтық жұмыс және диалог

  • «Ойлан – жұптас – бөліс» арқылы талқылау.
  • Кітаптың шығу жолдарын түсіндіру, бағыттау сұрақтарын қою.
  • Постер жасап, идеяны қорғау.

Салыстыру және шығармашылық

  • Венн диаграммасы арқылы ескі және жаңа кітапты салыстыру.
  • Кітап туралы жұмбақ құрастыру.
  • «Кітапты күту» ережесін жасау.

Талқылау өзегі: «Кітап қайдан шығады?»

Ерте заман

  • Папирус, пергамент туралы түсінік.
  • Балшықтан, тастан жасалған жазба үлгілері.

Қазіргі заман

  • Компьютерлік терім, макеттеу, баспа өндірісі.
  • Қағаз және сандық форматтағы (электронды) кітаптар.

Сергіту сәті

Оқушылар интерактивті тақтада көрсетілген қимыл-қозғалыстарды қайталайды.

Қозғалыс

Кітапты күту ережесі

  • Кітаптың мұқабасы бүлінбес үшін қаптап ал.
  • Тамақ ішіп отырып кітап оқыма — оны ластап алуың мүмкін.
  • Кітаптың арасына қаламсап немесе басқа жуан зат салма — түбі жыртылуы мүмкін.
  • Беттердің бұрышын бүктеме. Белгілеу үшін қыстырғыш (бетбелгі) қолдан.
  • Кітапты жыртпа, сурет салма, жазба, белгі түсірме (сиямен де, қарындашпен де).
  • Кітапты майыстырып бүктеме — беттері жыртылады.
Бағалау: Бағдаршам АКТ қолдану

Қорытынды

8 минут

Рефлексия

  • «Ыстық орындық» стратегиясы арқылы ой бөлісу.
  • Кері байланыс: «Бас бармақ» тәсілі.
  • BLOB TREE арқылы өз орнын белгілеп, бояу.

Мақал-мәтелдер және нақыл сөздер

  • Ақыл азбайды, білім тозбайды.
  • Кітап — білім бұлағы, білім — өмір шырағы.
  • Артық ғылым кітабы — ерінбей оқып көруге.

Кітапқа құрмет (өлең жолдары)

Кітап жинап, түптеймін — жыртылмасын, Мұқабасын бүктеймін — қырқылмасын. Таза болсын беттері — сызылмасын, Көрген кісі: «Кітабы кір» демесін.

Жұмбақтар

Қабат-қабат қатталған, асыл сөзбен апталған. Парағы бар сөйлейтін, ол қазына өлмейтін.

Жауабы: кітап

Бетін адам ашады, білім нұрын шашады.

Жауабы: кітап

Үй тапсырмасы

Кітап туралы мақал-мәтелдер мен нақыл сөздерді жатқа айту, «Кітапты күту» ережесін күнделікті өмірде қолдануға дайындалу.