Сын есімді қатыстырып Ардақты ана тақырыбына ойтолғау жаз

Сабақтың мақсаты

Бұл сабақ сын есім тақырыбы бойынша өткен материалды қайталап, теориялық білімді практикада бекітуге бағытталған.

Білімділік

Сын есім туралы теориялық білімді тиянақтау, жүйелеу.

Дамытушылық

Ойлау қабілетін, іскерлік белсенділігін және тілдік дағдысын дамыту.

Тәрбиелік

Ұжымшылдыққа, тиянақтылыққа және жауапкершілікке тәрбиелеу.

Сабақ туралы мәлімет

Сабақтың түрі
Білімді бекіту сабағы.
Сабақтың әдісі
Дамыта оқыту технологиясы: деңгейлік тапсырмалар, шығармашылық ізденіс.
Көрнекіліктер
Интерактивті тақта, тақырыптық кесте, магнитті тақта, сызбалар, перфокарталар.
Сабақтың формасы
Топтық жұмыс.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру бөлімі

  • Оқушылармен амандасу.
  • Оқушылардың сабаққа қатысуын және даярлығын тексеру.
  • Көрнекі құралдарды дайындау.

II. Сабақ мақсатымен таныстыру

Бүгінгі сабақта сын есім бойынша өткен тақырыптарды қайталаймыз. Мақсат — осы тақырыптан алған теориялық білімдеріңді бекіту. Дәптерлеріңе күннің реті мен сабақтың тақырыбын жазыңдар.

I топ

Алғырлар

II топ

Білімділер

III топ

Зерек

Жұмыс сатылары

Алгоритмдік саты

«Біліміңді байқап көр»

Эвристикалық саты

«Сен қалай ойлайсың?»

Шығармашылық саты

«Үздік мәтін»

III. Оқушы деңгейімен жұмыс (ауызша сұрақтар)

Интерактивті тақтадан сұрақтар көрсетіледі. Оқушылар қысқаша жауап беріп, қажет жерінде мысал келтіреді.

  1. Сын есім дегеніміз не?
  2. Сын есімнің жасалуы туралы айт.
  3. Сын есімнің мағыналық түрлерін ата (мысал келтір).

IV. Алгоритмдік саты (деңгейлік тапсырмалар)

I топ — «Алғырлар»

Берілген сөздердің синонимдік және антонимдік қатарларын жазыңдар:

  • күшті
  • биік
  • қысқа
  • үлкен

II топ — «Білімділер»

Заттың қасиетін білдіретін бірнеше сын есім ойлап жазыңдар:

  • Түрі, түсі:
  • Сыры, сипаты:
  • Аумағы, көлемі:
  • Дәмі, иісі:
  • Пішіні:

III топ — «Зерек»

Сын есімдерді жасалуына қарай топтастырыңдар:

қысқа көк ала ап-аласа қара көк шымқай қара тәп-тәуір сұп-сұйық өте ащы қызыл шырайлы сарырақ ұзындау ірілі-ұсақты

Жұрнақ арқылы

Күшейткіш буын арқылы

Сөз тіркесі арқылы

Қосарлану арқылы

Кітаппен жұмыс

150-жаттығу.

V. Эвристикалық саты («Бүлдірген теру» ойыны)

Төмендегі сын есімдерге жақша ішіндегі зат есімдердің лайықтысын тіркестіріп жазыңдар.

  • Өнерпаз … (сөйлем)
  • Әуесқой … (ой)
  • Түйінді … (шопан)
  • Таңдаулы … (адам)
  • Жасанды … (бала)
  • Сөзшең … (торқа)
  • Басыңқы … (суретші)

Жұрнақтарды қойып, түрін түсіндір

а) Көкірегі сезім… , тілі орам… ,
Жаздым үлгі жастарға бермек үшін.

ә) Ерін… адамның ертеңі бітпес.

б) Қаб… иттің тұмсығына тор кигізген.

Бос торкөздерді толтыр

  1. Ешкімге ешнәрсесін бермейтін, беруге қимайтын адам.
  2. «Тентек» сөзінің синонимі.
  3. Заттың пішіні.
  4. Заттың көлемі.
  5. Айтқанға сене салатын, ешнәрсені байыптап байқамайтын адам.
  6. Малдың түсі.
  7. «Ақ» сөзінің антонимі.

Үш топқа арналған талдау тапсырмалары

  1. «Алғырлар» сөзіне математикалық тәсілмен дыбыстық талдау жаса.
  2. «Білімділер» сөзіне морфологиялық талдау жаса.
  3. «Зерек» сөзіне лексика-грамматикалық талдау жаса.

VI. Шығармашылық саты (ойтолғау)

Әр топ сын есімдерді қатыстыра отырып, берілген тақырыптардың біріне ойтолғау жазады.

I топ

«Әсем табиғат аясында» тақырыбына ойтолғау жаз.

II топ

«Ардақты ана» тақырыбына ойтолғау жаз.

III топ

«Менің мектебім» тақырыбына ойтолғау жаз.

VII. Қорытынды

Сабақ соңында оқушылардың жауаптары мен топтық жұмыс нәтижелері талданып, негізгі ұғымдар қорытындыланады.

VIII. Үй тапсырмасы

155-жаттығу.

IX. Бағалау

Оқушылардың жұмысы балдық жүйе бойынша бағаланады.