Маңғышлақ тапсырмасы
Сабақ туралы мәлімет
Мекеме: Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, №20 М. Әуезов атындағы орта мектеп
Пән: Экономика
Мұғалім: Бекназарова Р. А.
Тақырыбы: Экономикаға ұңғыма
Сабақтың түрі: Ойды дамыту
Көрнекілігі: Суреттері бар слайдтар, интерактивті тақта
Мақсаты
Білімділік
- Экономика пәнінен алған білімдерін саралап, дағдыларын қалыптастыру.
- Салыстыру, талдау, жинақтау және қорытынды жасау біліктілігін арттыру.
- Өз бетінше жұмыс істей білу дағдысын дамыту.
Тәрбиелік
- Бірлесіп жұмыс істеу мәдениетін қалыптастыру.
- Себеп–салдарлық байланысқа негізделген көзқарастың қалыптасуына ықпал ету.
Дамытушылық
- Ең негізгі ұғымды таңдай білуін дамыту және қорытынды шығара алуына бағыттау.
- Есте сақтау мен елестету дағдыларын жетілдіру.
Бағалау (пайыздық есеп)
Сұрақтарға берілген жауаптар пайызбен есептеледі.
Ойынның жүру барысы
Сынып 5 адамнан топтарға бөлінеді. Әр топтың атауы болады және олар үстелге реттік нөмір бойынша орналасады. Әр топ жеке үстелде отырып, тапсырмаларды бірлесіп орындайды.
Топ атаулары
- Теңге
- Доллар
- Евро
- Юань
- Иена
Кезеңдер
- I Маңғышлақ тапсырмасы (миға шабуыл)
- II Қандағаш тапсырмасы (есте сақтау қабілетін жақсарту)
- III Сергіту сәті (Қара жорға биі)
- IV Атбасар (экономикалық есептер)
- V Астана (шығармашылықты дамыту)
- VI Қорытынды (рефлексия)
I. Маңғышлақ тапсырмасы
Миға шабуыл форматындағы сұрақтар:
- Маңғыстау облысы Қазақстанның қай бөлігінде орналасқан?
- Каспий теңізінің ең терең жері неше метр?
- Ақтауда әлемде тұңғыш рет жылдам нейтронмен жұмыс істейтін қандай өндірістік реактордың құрылысы басталды?
- Орыс халқы Каспий теңізімен қай ғасырдан бастап жүзе бастады?
- Маңғыстаудың пайдалы қазбаларының негізгі түрі қандай?
- Маңғыстау облысы теңіз арқылы қандай елдермен шектеседі?
- Облыс орталығы Ақтау қаласының негізі қай жылы қаланды?
- Маңғыстау облысының аумағы қанша мың шаршы километр?
- Маңғыстау облысы экономикасының негізгі көлемінің (90%-дан астамының) негізін қандай өнеркәсіп құрайды?
- Ақтауда атом электр станциясы қандай мақсатпен салынды?
- Каспий теңізіндегі әлемдік үздік бестікке кіретін мұнай қорын атаңыз.
II. Қандағаш тапсырмасы
Суреттермен жұмыс: оқушыларға нысандар мен картиналардан тұратын жинақ ұсынылады. Көбірек нысанды есте сақтауы үшін 1–2 минут уақыт беріледі.
Уақыт аяқталған соң суреттер аударылады. Оқушылар есте сақтаған нысандар мен суреттер санына қарай ұпай жинайды.