Шал мен бала
Сабақ тақырыбы
«Шал мен бала» — Бердібек Соқпақбаев шығармасы бойынша сабақ.
Мақсат пен міндеттер
Негізгі мақсат
Мәтіннің мазмұнын ашуға, негізгі ойды ұғынуға және оқушының ой қорытуына жағдай жасау.
Сабақ міндеттері
- Автор туралы мағлұмат бере отырып, мәтінді түсініп оқуға, мазмұндап айтуға үйрету; үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетудің әдептілік екенін ұғындыру.
- Тақырып пен мәтін бойынша талдау, сөздік жұмысын өз бетімен жүргізу дағдыларын дамыту.
- Үлкендерді сыйлауға, бір-бірін тыңдауға және құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақ форматы
Түрі
Аралас сабақ.
Әдістері
- —Сұрақ-жауап
- —Түсіндіру
- —Әңгімелеу
Көрнекіліктер
- —Б. Соқпақбаев портреті
- —Мәтін желісі бойынша салынған суреттер
- —«Сыр сандық», үлестірмелер, текшелер
- —«Үлгілі бала» портреті
Сабақ барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Амандасу, түгендеу.
- Оқушылардың зейінін сабаққа аудару үшін психологиялық жаттығу орындау.
Психологиялық ахуал: «Жүрек жылуы»
Балалар, мейірімділік жылы жүректен басталады. Сол мейірім мен жылылықты бір-бірімізден аямайық. Ол үшін қолымызды жүрек тұсына қойып, екінші қолымызбен демеп, түсіріп алмастай етіп, бір-бірімізге жүрек жылуын берейік.
«Сіз» — «Біз» деген жылы сөз
Жылытады жүректі.
Бір-біріне болып кез,
Кең болсын адам пейілі.
Рахмет! Ендеше сабағымызды бастайық.
II. Үй тапсырмасын тексеру
- 1 Ғ. Ормановтың «Ана» өлеңін жатқа айту (4 оқушы).
- 2 Өз аналарына арнап жазған хаттарын оқыту (2 оқушы).
- 3 «5 жолдық өлең» оқу (2 оқушы).
III. Өткенді пысықтау
Сұрақ:
«Ана» тақырыбына қандай мақал-мәтелдер білесің?
Сұрақ:
Өлең арқылы қандай ой түйдің?
IV. Мақсат қою және жаңа сабаққа даярлық
- Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.
- Ой қозғау: «Сендердің аталарың бар ма? Ол қандай адам?»
V. Жаңа сабақ
Кіріспе: автор туралы
Бердібек Соқпақбаев (1924–1992) — балалар әдебиетінің көрнекті жазушысы. Ол «Менің атым Қожа», «Әжесінің баласы» және басқа да шығармаларымен кеңінен танымал.
Оқулықпен жұмыс
Мәтінді түсініп оқу және мазмұнын талдау.
Талқылау сұрақтары
- Трамваймен кімдер келе жатты?
- Шал не істемек болды?
- Оған кім көмекке келді?
- Мәуленнің іс-әрекеті атаға ұнады ма?
- Ата кім туралы әңгімеледі?
- Сол тақыр бас бала кім еді?
- Ата тақыр бас баланы таныды ма?
- Шал балаға не деді?
Негізгі түйін
«Жақсылыққа жақсылық — әр кісінің ісі.
Жамандыққа жақсылық — ер кісінің ісі.»
VI. Түсінгендерін тексеру
I. Оқиғаларды ретімен орналастыр
- 1 Трамвайдан түскен сәт.
- 2 Бейтаныс баланың көмегі.
- 3 Атаның әңгімесі.
- 4 Ата мен немеренің әңгімесі.
II. Дәптермен жұмыс
Мәтіндегі ақыл-нақыл сөздерді жазып ал.
- «Ұрлық істеу — жақсы адамның кәсібі емес.»
- «Жасың ұзақ болсын, шырағым!»
- «Жақсылыққа жақсылық — әр кісінің ісі.»
- «Жамандыққа жақсылық — ер кісінің ісі.»
VII. Қорытынды
1) Суретпен жұмыс
- Суреттен не көріп тұрсың?
- Суретте мәтіндегі қандай оқиға бейнеленген?
- Өзің қандай сурет салар едің?
2) Мәнерлеп оқу және дәлелдеу
Мәтінді мәнерлеп оқы. Нақты мысал келтір: мәтінде бірнеше оқиға баяндалуы мүмкін, ал оқиғалар бір-бірімен байланысып, бір тұтас ойға жетелейді.
VIII. Үй тапсырмасы және бағалау
Үйге тапсырма
- Мәтінді оқу.
- Мазмұнын айтуға дайындалу.
Бағалау
Оқушылардың жауаптары, мәтінді түсініп оқуы, талдау жұмыстары және белсенділігі бойынша бағаланады.