Құралдарын түгендеу

№11 Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп

Математика пәні мұғалімі: Избулова Гүлдана

Пән

Математика

Сынып

5-сынып

Сабақтың тақырыбы

3.5 Дұрыс және бұрыс бөлшектер

Сабақтың мақсаты

Білімділік

  • Оқушыларды дұрыс және бұрыс бөлшек ұғымдарымен таныстыру, оларды ажырата білуге үйрету.
  • Дұрыс және бұрыс бөлшектердің ережелерін қолданып, есеп шығару дағдыларын қалыптастыру.
  • Дұрыс және бұрыс бөлшектерді сауатты жазуға дағдыландыру.

Дамытушылық

  • Логикалық ойлау қабілеті мен есептеу дағдыларын жетілдіру.
  • Белсенділікті арттыру және пәнге қызығушылықты дамыту.
  • Ауызша сұрақтарға жылдам әрі нақты жауап беру қабілетін дамыту.

Тәрбиелік

  • Жауапкершілікке, саналы оқуға және өз бетінше еңбектенуге тәрбиелеу.
  • Тез ойлап, тез қорытынды жасауға және мәдениетті сөйлеуге баулу.

Сабақтың форматы

Сабақтың түрі

Жаңа сабақ

Сабақтың әдістері

  • Тест тапсырмалары
  • Есеп шығару
  • Сұрақ-жауап
  • Сыни тұрғыдан ойлау
  • Ақпараттық технологияларды математика сабағында қолдану

Көрнекіліктер

Интерактивті тақта, карточкалар, порталдағы слайдтар, семантикалық карта, сәйкестендіру кестесі және т.б.

Сабақтың жүрісі

I. Ұйымдастыру кезеңі

  • «Шаттық шеңберіне» шақыру.
  • Амандасу, түгендеу.
  • Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
  • Құралдарын түгендеу және сыныптың жалпы әзірлігін байқау.

II. Үй тапсырмасын тексеру (миға шабуыл)

  1. 2-ге қандай сандар бөлінеді?
  2. ЕКОЕ дегеніміз не?
  3. 3-ке қандай сандар бөлінеді?
  4. 10-ға қандай сандар бөлінеді?
  5. ЕҮОБ дегеніміз не?
  6. 5-ке қандай сандар бөлінеді?
  7. Жай бөлшек дегеніміз не?
  8. Бөлшектерді қалай қысқартамыз?
  9. Бөлшектің алымы мен бөлімі ұғымдарын қалай түсіндіресің?
  10. Шеңбер дегеніміз не?

III. Жаңа сабақты ашу: дұрыс бөлшек

Мысалы, 3/7 және 3/7 бөлшектерінің алымы бөлімінен кіші. Мұндай бөлшектер дұрыс бөлшектер деп аталады.

Ереже: алымы бөлімінен кіші бөлшек дұрыс бөлшек деп аталады.

Мысалдар

2/3, 4/9, 3/10, 7/8 — дұрыс бөлшектер.

Негізгі қасиет

Кез келген дұрыс бөлшек 1-ден кіші болады.

Мысалы: 1/21 — 1-ден кіші, ал 21/21 = 1.