Күй атасы. Күй тыңдау

Сабақ туралы қысқаша мәлімет

Мектеп

Павлодар облысы, Екібастұз қаласы, №26 мектеп-гимназия

Пән / Сынып

Әдебиеттік оқу, 2-сынып

Мұғалім

Батаева Үміткен Еркінқызы

Сабақ түрі

Аралас сабақ, жаңа материалды меңгерту

Әдістер

  • Түсіндірмелі
  • Талдау
  • Әңгімелеу

Көрнекілік

  • Интербелсенді тақта
  • СТО технологиясының стратегиялары

Сабақтың тақырыбы: Құрманғазы

Білімділік

Оқушыларды Құрманғазының өмірі мен шығармаларымен таныстыру; мәтіннен күрделі сөздерді табуға үйрету; мәнерлеп оқу дағдысын жетілдіру.

Дамытушылық

Оқушылардың есте сақтауын және ойлау қабілетін дамыту.

Тәрбиелік

Күй тыңдату арқылы патриоттық сезімін ояту, ұлттық өнерге құрмет қалыптастыру.

Сабақ барысы

1) Ұйымдастыру кезеңі

Жақсылықтан үйреніп, Боламыз біз жақсы адам. Жамандықтан жиреніп, Үлгі аламыз жақсыдан.

2) Үй тапсырмасын тексеру

Мұзафар Әлімбаевтің Ахмет Жұбановқа арнаған «Домбыра» өлеңі бойынша қайталау жүргізіледі. Бекіту «Сиқырлы сандар» ойыны арқылы орындалады: әр санның артында жасырылған сұраққа жауап беріледі.

10: Өлеңнің бір шумағын оқып бер.

20: Өлеңде домбыра туралы қалай жырланған?

30: Өлеңнің А. Жұбановқа арналу себебі неде?

40: Ақын домбыраны неге адамның жанымен теңейді?

50: «Домбыра — ата көзі, баба мұрасы» деген жолдарды түсіндір.

Үй тапсырмасын қорытындылай отырып, күй туралы қысқаша мәлімет беріледі және жаңа сабаққа кіріспе жасалады.

3) Жаңа сабақ

Құрманғазы Сағырбайұлы (1823–1896)

Туған жері

Қазіргі Батыс Қазақстан облысы, Жаңақала ауданы, Жиделі елді мекені.

Өнердегі орны

ХІХ ғасырдың аса көрнекті композиторы, күй атасы.

Құрманғазы жасынан домбыраға әуес болды. Оны күй өнеріне баулыған әрі ұстазы болған адам — Ұзақ күйші. Есейген шағында Құрманғазы домбырашылық, күйшілік шеберлігін танытып, халық арасында кеңінен танылды.

Құрманғазы Сағырбайұлы — теңдесі жоқ ұлы күйші. Ол өз дәуіріндегі қоғамдық-әлеуметтік қайшылықтарға, зорлық-зомбылыққа қарсы күрескен. 71 жасында өмірден өтті.

Оқулықпен жұмыс

Мәтін тізбектей оқылады, мазмұны талданады.

Сөздікпен жұмыс

Әділетсіздік
— озбырлық.

Тақтамен және дәптермен жұмыс

Дәптерге көркем әрі сауатты жазу жұмысы орындалады. Оқушылардың зейінін арттыру үшін «Кім тапқыр?» ойыны ұйымдастырылады.

Ойын мақсаты

Музыкалық аспаптарды және күй атауларын ажырата білуге үйрету; шапшаңдық пен тапқырлыққа баулу.

4) Сергіту сәті

Домбыра күмбірлеп, Күй шерте аламын. Бұрала би билеп, Сурет те саламын. Ұқсатып кілемге Кесте де тігемін. Актерше рөлде Ойнай да білемін. Жалықпай талай күн, Жасаймыз мүсін де. Өнер көп бойымда, Мақтану маған жат.

5) Күй тыңдау және талдау

«Қызыл қайың» және «Балбырауын» күйлерінің шығу тарихымен қысқаша таныстырылып, тыңдатылады. Одан кейін Венн диаграммасы арқылы екі күй салыстырылады.

6) Қорытындылау (кубизм әдісі)

Сұрақ-жауап арқылы жаңа сабақ қорытындыланады.

1. Құрманғазы Сағырбайұлы кім?

2. Құрманғазы Сағырбайұлының қандай күйлерін білесің?

3. Құрманғазы күйлері арқылы нені суреттейді?

4. Құрманғазының ұстазы кім болған?

5. Құрманғазы домбырасын кімге сыйға тартты?

Бағалау және үй тапсырмасы

Бағалау

Оқушылардың белсенділігі, жауаптарының нақтылығы және оқу мәнері бойынша бағаланады.

Үйге тапсырма

Мәтінді мазмұндау және Құрманғазы туралы қосымша мәлімет жинақтау.