Ауызша есептер шығару арқылы сабақтың эпиграфын анықтау

Сабақтың тақырыбы

Жай бөлшектер мен аралас сандарды қосу және азайтуға арналған есептер шығару.

Сабақтың түрі

Біліктілік пен дағдыны игеру және қалыптастыру сабағы.

Сабақтың әдісі

Ақпараттық технологиялар, деңгейлік тапсырмалар.

Сабақтың мақсаты

Білімділік: оқушылардың жай бөлшектер мен аралас сандарды қосу және азайту тақырыптары бойынша есептер шығару арқылы білімдерін пысықтау және тиянақтау.

Дамытушылық: пәнге қызығушылықты арттыру, қосу және азайту амалдары бойынша біліктіліктерін дамыту.

Тәрбиелік: жауапкершілікке, еңбекқорлыққа, белсенділік пен ізденімпаздыққа тәрбиелеу; табиғатты қорғауға және аялай білуге баулу.

Сабақтың көрнекілігі

  • Слайд-презентация.
  • Есептер жазылған плакат.
  • Бағалау парақтары.
  • Тест тапсырмалары бар карточкалар.

Сабақтың жоспары

  1. 1. Ұйымдастыру. Сабақтың мақсатымен танысу.
  2. 2. Ауызша есептер арқылы сабақтың эпиграфын анықтау.
  3. 3. Үй жұмысын тексеру. Толықтыруды қажет ететін тест тапсырмалары.
  4. 4. Білімді бекітуге дайындық кезеңі: графикалық диктант.
  5. 5. Білімді бекіту: деңгейлік тапсырмалар.
  6. 6. Үй тапсырмасы.
  7. 7. Қорытындылау. Рефлексия.

Сабақтың барысы

Ұйымдастыру кезеңі

Сабақтың негізгі мақсаты мен жоспары таныстырылады.

Мұғалім: Балалар, бүгінгі сабақта жай бөлшектер мен аралас сандарды қосу және азайту амалдары бойынша есептер шығарып, білімдеріңді қорытындылайсыңдар.

Бүгінгі сабақтың эпиграфын анықтау үшін ауызша тапсырмаларды орындаймыз: жауаптарды дұрыс тауып, кестені толтырамыз. Тақтаға кезектесіп шығамыз.