Менің сүйікті әжем
Сабақтың тақырыбы
Менің сүйікті әжем.
Сабақтың мақсаты
Білімділік
Оқушыларды тақырып бойынша жаңа сөздермен таныстыру; мәтін құрауға, сөздерді мағынасына сай дұрыс қолдануға дағдыландыру.
Дамытушылық
Мейірімділік, қайырымдылық, қамқорлық, кішіпейілділік сияқты адамгершілік қасиеттерді аша отырып, ауызекі сөйлеуді, ой-өрісті, тіл мен белсенділікті дамыту.
Тәрбиелік
Қазақи мінез-құлық пен ілтипаттылықты таныстыра отырып, кішіпейілділікке, ынтымақ пен бірлікке, адамгершілікке тәрбиелеу.
Кіріспе: мерекемен сабақтастыру
1 қазан — Халықаралық қарттар күні. Қарт адамдарды құрметтеу, қадірлеу, ақылын тыңдап, көмектесу — өсіп келе жатқан ұрпақтың парызы. Осы сабақты да сол асыл мерекемен байланыстыра отырып, ата-әжелеріңді сыйлап, аялап, қамқор болып жүресіңдер деген сенім артамыз.
Түсінік сұрақтары
- Ата деген кім?
- Әкеміздің әкесі немесе анамыздың әкесі.
- Әже деген кім?
- Әкеміздің анасы немесе анамыздың анасы.
Психологиялық дайындық
Мұғалім: Мақсатымыз — міндетіміз
Оқушылар: білім алу — еңбектену
Фонетикалық сәт
Жаңа сабақ: «Әже» ұғымы және ұлттық құндылық
«Ботам», «жаным», «күнім» деп еркелететін әжелер — мейірімін төккен ең жақын жандар. Қазақ халқында әженің орны ерекше. Әже деген сөзді естігенде көбіміздің есімізге жылы құшақ, жылы сөз, мейірім, бірге өткізген сәттер түседі.
Талқылау сұрақтары
- Әже десе ойларыңа ең алдымен не келеді?
- Бейнебаян кім туралы болды? Қандай әсер алдыңдар?
- Киіз үй қандай? Ішінде қандай бұйымдар бар?
Ұлттық өрнек: ою-өрнек туралы қысқаша
Ою-өрнек — қазақ халқының ертеден келе жатқан әшекей өрнегі. Әжелеріміз ою ойып, киіз басып, ұлттық бұйымдарды әсемдеуді кәсіп еткен. Сабақ барысында оюлы кілемдердің түрлері көрсетіліп, олардың ерекшелігімен таныстырылады.
Тәжірибелік бөлім: дәптермен және тақтамен жұмыс
Топтық тапсырма: «Оюлы кілем»
Сынып екі топқа бөлінеді. Әр топқа түрлі түсті ойылған оюлар мен қағаз беріледі. Оқушылар оюларды жапсырып, «кілем» құрастырады. Топ көшбасшылары кезекпен шығып, жұмыстың түрін және түстерін сипаттап береді.
Сөздікпен жұмыс: «Сиқырлы ағаш»
Өткен сабақтағы етістік үлгілері еске түсіріледі: алыңыз, оқыңыз, ішіңіз, көріңіз, беріңіз, тыңдаңыз, жазыңыз, отырыңыз. «Сиқырлы ағаштағы» жемістер аталып, берілген сөздерден сөз тіркестері құралады.
Берілген етістіктер
- алыңыз
- беріңіз
- отырыңыз
- тыңдаңыз
- ішіңіз
- оқыңыз
Тіркес құрауға сөздер
- теледидар
- радио
- орындыққа
- қымыз
- кітап
- алма
Мысалы: кітап оқыңыз, қымыз ішіңіз, радио тыңдаңыз.
Сергіту сәті
Бір үйде біз нешеуміз? Кел санайық, екеуміз.
Бас бармағым — атам,
Балаң үйрек — әжем.
Ортан терек — әкем,
Шылдыр шүмек — анам,
Титтей бөбек — мен.
Бір үйде біз нешеуміз? Бір үйде біз бесеуміз.
Бекіту: әжеге арналған өлеңдер
Бүгінгі сабақ аяулы әжелерімізге арналады. «Әжеміз жүз жасасын, ауырмасын, әрқашан қасымызда нұрын төгіп жүре берсін» деген ізгі тілекпен, оқушылар әжелер туралы жаттаған өлеңдерін оқиды.
Шай қайнатып келейін,
Шекер салып, жан әжем.
Өзім құйып берейін,
Балдай тәтті бал әжем.
Менің атам — жүзі жарқын, жаны ізгі,
Жан бар ма екен атамдай?
Бірақ бала тәрізді,
Тұрады әкем бата алмай.
Менің әжем — ақ әжем,
Ұл мен қыздың бағы, әжем.
«Ертегі айтып бер» десең,
Айтып берер тағы, әжем.
Менің әжем — гүл әжем,
Алтын әжем, күн әжем.
Апам үшін, мен үшін —
Нағыз ана тілі — әжем.
Қорытынды, бағалау және үй тапсырмасы
Қорытынды
Сабақта жаңа сөздер қайталанып, әже туралы байланыстырып сөйлеу және ұлттық құндылықтарды тану жұмыстары жүргізілді.
Бағалау
Топтық жұмыс, сөз тіркестерін құрау, белсенділік және мәнерлеп оқу бойынша бағаланады.
Үй тапсырмасы
14-бет, 2-тапсырма: мәтінді мәнерлеп оқу.
Қоштасу
Сау болыңдар!