Достық шырағымыз, Достық ұранымыз
Қонақтарға арнау және мерекелік құттықтау
Армысыздар, құрметті қонақтар, қадірлі балалар! 1 мамыр — Қазақстан халқының ынтымағы мен бірлігі мерекесі құтты болсын! Бүгінгі кеш ерекше: Бірлік күні қарсаңында «Бейбіт болсын болашақ» атты ертеңгілік ұйымдастырылып отыр.
Қазақстан — түрлі ұлт пен ұлысты бауырына басқан қасиетті мекен. Әр халықтың тілі мен мәдениеті, салт-дәстүрі сақталуы үшін елімізде қолайлы жағдай жасалған. Баршаңызды халықаралық ынтымақ мерекесі — 1 мамырмен шын жүректен құттықтаймыз!
Поэтикалық арқау
Ата-бабам ежелден-ақ дос болған,
Татар, қазақ — болашақты тосты алдан.
Сол достығын тағы міне дәріптеп,
Бүгінгі күн мерекеде жайнаған.
Назданып бүгін нұрлы күн,
Қыр беттің қызғалдаққа түнді гүлі.
Мамыр боп айбары асып асқақтайды —
Еңбек, Бақыт, Береке, Бірлік күні.
Көркем бөлімнің басталуы
Сіздердің алдарыңызда шағын концерттік бағдарламамызды ұсынамыз. Қазақстан Республикасының Әнұраны орындалады.
Әнұран
Қазақстан Республикасының мемлекеттік Әнұраны орындалады.
Бірлік — елдің берекесі
Қазақстан бүгінде ұлттар мен ұлыстар мекендеген достық пен туысқандықтың, ынтымақ пен ырыстың ордасына айналды. Елдің бірлігі мен татулығы — жаңа Қазақстанды қалыптастыру жолындағы үлкен міндет. Қазақстан халықтары осы ұлы көштің басында қол ұстасып, бірге жүрмек.
Негізгі ой
Әр халықтың мәдениеті мен тілі сақталса, ортақ Отанның іргесі беки түседі.
Бүгінгі үндеу
Бірлікке қызмет ету — бейбіт өмірді нығайтуға қосылған үлес.
Тақпақтар: «Бейбіт болсын болашақ»
Мамырдың бірі — достық күні,
Ән салып, билеген халықтың үні.
Тұтасып тойлаған ұлттар —
Керемет мереке мамырдың бірі.
Достық — шырағымыз,
Достық — ұранымыз.
Достық — туымыз,
Достық — әніміз.
Дос болып түрлі халықтар,
Жасайтын ғасырмын.
Бақыттымын әлемге,
Ұмытылмас асылымын.
Бейбітшілік — менің арманым,
Бейбітшілік — бұзылмайтын қамалым.
Бейбітшілікті отаныма тілеймін,
Бейбітшілік деп соғады жүрегім.
Тәрбиелік түйін
Қазақта «Бірлік болмай, тірлік болмас» деген ұлағатты сөз бар. Ендеше, елімізде бейбіт өмір сүріп жатқан ұлттар мен ұлыстардың татулығы арта берсін. Әрқайсымыз Қазақстанның нығаюы мен өркендеуіне өз үлесімізді қоса берейік.
Отан туралы аңыз
Бір адам бармақтай құсты ұстап алып, торға қамайды. Тұтқын құс күні-түні дамыл көрмей: «Отан, Отан, Отан...» деп шырылдай береді.
Құстың иесі ойланады: «Бұл құстың да отаны бар екен. Егер торды ашып, құсты босатсам, ұшқан бағыты маған сол ғажайып мекенге апарар жолды көрсететін шығар». Сөйтіп торды ашып, құсты ұшырып жібереді.
Құс ұшып шығып, бар болғаны он қадам жердегі тікенге қонады. Сөйтсе, әлгі бұтада оның ұясы бар екен. Сонда адам түсінеді: құстың отаны — ұя салған, мекендеген жері.
Шынында да, адам да, құс та — өскен, ұя салған мекеніне бауыр басады.
Туған жерде жат елдің болмайтыны — ақиқат,
Оған көңіл толмайтыны — ақиқат.
Алтын торда алтын құс өсірсең де бұлбұл құс,
Өскен бағы болмаса, қонбайтыны — ақиқат.
Өнер бөлімі
Би
Орыс биі
Ән
«Ағайынбыз бәріміз»
Тақпақтар: Достық туралы
Біз балдырған тең басқан!
Дос құшағын тең ашқан.
Тілегіміз — әділдік,
Ашық болсын кең аспан.
Әрқашан дос біргеміз,
Ажырамас іргеміз.
Ілгері жүріңдер,
Достық жырын біліңдер.
Бірінші бүгін мамырда,
Тойлады қала, ауыл да.
Айналған барша халықтар
Дос-туысқан бауырға.
Ортақ дәстүр-ғұрып бай,
Ынтымағын суытпай.
Шаңырағын көтерген —
Жүз түрлі ұлт, бір ұлттай.
Қызыл, сары, көк шар —
Қолымызда көп шар.
Әуеде қалқыды,
Әніміз шалқыды.
Қазақ жері — достықтың гүлстаны,
Дархан өлкем — мерейім, ырыс бағы.
Күресте де, еңбекте де, мерекеде де —
Мұнда сан ұлт қолдасып ту ұстады.
Қорытынды
Осымен 1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған мерекелік бағдарлама аяқталды. Мереке құтты болсын!
Ән
«Жаса, Қазақстан!» (Айдана)
Құттықтау сөзі
Балабақша меңгерушісі Бекмағанбетова Гүлбаршын Досбергенқызы