Талғаттың атасы неше жаста
Сабақ туралы мәлімет
Мұғалім
Бодаухан Тілеухан, жоғары санатты ұстаз
Пән
Математика
Сабақ тақырыбы
Санды 7-ге көбейту және бөлу
Сабақ түрі
Аралас сабақ
Сабақтың мақсаты
-
Оқушыларды 7-ге көбейту және 7-ге бөлу тәсілдерімен таныстыру; 7-ге бөлуге, кемітуге, есе арттыруға және есе кемітуге арналған есептер шығарту.
-
7 санына қатысты тұрақты ұғымдарды, қасиетті дәстүрлерді атай отырып, 7-ге көбейту кестесін құру; ұлттық дүниетаныммен байланыстыра отырып, ой-өрісті және ауызша есептеу дағдыларын дамыту.
-
Сабақтағы әрекеттер арқылы ұқыптылыққа, әдептілікке тәрбиелеу; ұйымшылдыққа және ата дәстүрді қастерлеуге баулу.
Әдіс-тәсілдер және байланыстар
Әдіс-тәсілдер
- Түсіндіру
- Сұрақ-жауап
- Ізденушілік
- Ойын-тапсырмалар
Пәнаралық байланыс
- Әдебиеттік оқу
- Дүниетану
- Қазақ тілі
Көрнекіліктер
Дидактикалық материалдар, сабақ эпиграфы жазылған плакат.
Сабақ барысы
1) Ұйымдастыру кезеңі
Біз қандаймыз, қандаймыз —
Шұғылалы таңдаймыз!
Күлімдеген күндейміз,
Уайымды білмейміз!
Олай болса, балалар, бүгінгі сабағымызды бастаймыз. Әр ісімізге сәттілік!
2) Үй тапсырмасын тексеру
Үй тапсырмасы: санды 6-ға көбейту және 6-ға бөлу жағдайларына байланысты ауызша есептеулер.
Мысал
6 × 3 = 18
Мысал
6 × 9 = 54
Мысал
6 × 8 = 48
Мысал
5 × 4 = 20
Сұрақ: Адам 1 күнде 30 000 адым жасайды. 6 күнде шамамен қанша адым жасайды?
30 000 × 6 = 180 000
Сұрақ: Құмырсқа 1 күнде 20 000 дәнді інге тасиды. 6 құмырсқа 1 күнде қанша дән тасуы мүмкін?
6 × 20 000 = 120 000
Талқылау: 6 саны туралы өлең, мақал немесе мәтіннен үзінді келтіру.
3) Сабақтың мақсатын хабарлау және эпиграф
Бүгін 7-ге көбейту және 7-ге бөлу жағдайларын қарастырамыз.
Сабақ ұраны (Саққұлақ бидің нақылы)
Адамның басшысы — ақыл,
Жетекшісі — талап,
Жолаушысы — ой,
Жолдасы — кәсіп,
Қорғаны — сабыр,
Қорғаушысы — мінез,
Сынаушысы — халық.
Осы жеті қасиетті жадымызда сақтайық: істі ақылмен жасап, талаптанып, ой елегінен өткізіп, бір кәсіппен тұрақты айналысып, сабырлы болып, мінезге ие бола білсек, артымызда сынаушы — халық.
Қазақ халқы 7 санын киелі сан деп есептейді. 7 санына байланысты ұғымдар көп. Мына мысалдарды еске түсірейік:
Негізгі ұғымдар
- Жеті нота: до, ре, ми, фа, соль, ля, си
- Жеті күн: дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі
- Жеті қазына
- Жеті ата
- Жеті қарақшы
Қосымша түсініктер
- Әлемнің жеті кереметі (Египет пирамидалары, Вавилонның аспалы бағы, Зевс мүсіні, Родос алыбы, Александрия шамшырағы, Артемида храмы, Галикарнас мавзолейі)
- Тәуке ханның «Жеті жарғысы»
- Жетіген аспабы, Жетісу, жеті жұт, жеті жоқ, жеті жетім, жеті қат көк, жеті қат жер
Мақал-мәтелдер
- Жеті рет өлшеп, бір рет кес.
- Жеті атасын білген ер — ел-жұртының қамын жер.
- Жігітке жеті өнер де аз, жетпіс жеті өнер көп емес.
4) Жаңа материалды түсіндіру
Көбейту — бірдей қосылғыштардың қосындысы.
7-ге көбейту (үлгілер)
- 7 × 7 = 7 × 6 + 7 = 49
- 7 × 8 = 8 × 6 + 8 = 56
- 7 × 9 = 9 × 6 + 9 = 63
- 7 × 10 = 10 × 6 + 10 = 70
7-ге бөлу (кері амал)
- 49 ÷ 7 = 7
- 56 ÷ 7 = 8
- 63 ÷ 7 = 9
Есте сақтауға арналған тірек сөйлемдер
49 — «болмасын соғыс».
56 — «оқы есеп шартын».
63 — «жинап алдық бойға күш».
70 — «біз бітірдік үлкен іс».
5) Оқулықпен жұмыс (87-бет)
№2. Салыстыр: ұқсастығы мен айырмашылығын тап
Шарт
- 1 тонға — 7 тері
- 7 тонға — ? тері
- Барлығы: 63 тері
- Қалғаны — ? тері
Шешуі
63 − 7 × 7 = 14
Жауабы: шеберханада 14 тері қалды.
Шарт
- 1 құлақшынға — 2 тері
- 7 құлақшынға — ? тері
- Қалды — 12 тері
- Барлығы — ? тері
Шешуі
7 × 2 + 12 = 26
Жауабы: барлығы 26 тері.
Ұқсастығы: екеуі де теріден тігіледі; шешуде 2 амал қолданылады.
Айырмашылығы: біріншісінде — «қалғанын табу», екіншісінде — «барлығын табу».
№3. Өрнек құрып, мәнін тап
Өрнек
9 × 7 = 63
Өрнек
63 ÷ 9 = 7
Өрнек
63 ÷ 7 = 9
Өрнек
7 × 9 = 63
№4. Ауызша жұмыс
Қай өрнектер 7-ге көбейту кестесінде кездесетінін анықтау.
6) Сергіту сәті
«Компьютер ойнайық» (жылдам есептеу жаттығулары).
Берілген сандар
№6. Математикалық диктант
- 7-ге 21 мен 7-нің бөліндісін қос.
- 7 мен 21-дің қосындысын 7 есе кеміт.
- 7-ге 49 бен 7-нің бөліндісін қос.
№7. Көрнекілік арқылы
Қандай сандардың көбейтіндісі 24-ке тең болады?
7) Шығармашылық тапсырма
Талғат атасынан: «Сіз неше жастасыз?» — деп сұрады. Атасы: «Егер менің жасымды 7 есе кемітсең, шыққан санды тағы 7-ге кемітсең, 2 шығады. Менің жасымды тап», — деді.
Шешуі
- x ÷ 7 − 7 = 2
- x ÷ 7 = 2 + 7
- x ÷ 7 = 9
- x = 7 × 9
- x = 63
Жауабы
Талғаттың атасы 63 жаста.
8) Қорытындылау
Негізгі түсінік
7-ге көбейту және 7-ге бөлу амалдарының байланысы; көбейту кестесін қолдану.
Қосымша түсінік
7 санының киелілігіне қатысты ұғымдар мен дәстүрлерді математикамен байланыстыра білу.
Қорытынды бөлімде Қадыр Мырзалиевтің «Жеті» өлеңін оқу ұсынылады.
9) Бағалау
Оқушылардың сабақтағы белсенділігі, ауызша есептеу дәлдігі және тапсырмаларды орындау сапасы бойынша бағалау жүргізіледі.
10) Үй тапсырмасы
- №3 тапсырманы орындау.
- 7-нің көбейту кестесін жатқа жазып келу.