Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіл - қазақ тілі

ШҚО, Семей қаласы

Шақаман жалпы орта білім беретін мектебі

Бастауыш сынып мұғалімі: Шақабаева Майгүл Төлеубекқызы

Сабақтың тақырыбы

Отаным – алтын бесігім

Тәуелсіздік туралы ой

Қазақстан Республикасы 1991 жылғы 16 желтоқсанда тәуелсіздігін жариялап, дербес мемлекет атанды. Бүгінде Қазақстан көптеген елдермен достық байланыс орнатып, әлем таныған мемлекетке айналды. Біз өзіміздің Әнұранымызды, Туымызды, Елтаңбамызды және теңгемізді мақтан тұтамыз.

Қазақстан туралы түйін

Қазақстан – туымен тұғырлы, Елтаңбасымен еңселі, Әнұранымен айбатты.

Өлең жолдары: Тәуелсіздік пен елдік

Өзіңдікі – елің де,
Өзіңдікі – жерің де,
Өзіңді өзің еткен бақ –
Тәуелсіздік төрінде.
Өзіңдікі – туың да,
Өткен ауа, суың да.
Жаса, Қазақстаным,
Белді бекем буын да!
Көк аспандай туларың,
Желбірейтін күні бұл.
Елім деген ұлдардың,
Елжірейтін күні бұл!
Күдер өтті кешегі,
Жігер құм боп жасыған.
Несіне оны жасырам?
Әнұраным бүгінгі –
Баға жетпес асыл ән.

Мемлекеттік Әнұранның мәні

Қазақстан Республикасының мемлекеттік Әнұраны – бірлікке, ынтымаққа, достыққа және елімізді қорғауға үндейтін рухты үн.

Мемлекеттік рәміздер

Рәміздер – елдің айрықша белгісі ғана емес, халықтың болмысын, тарихын және арманын танытатын құндылықтар.

Қазақстан Республикасының Туы

Көк аспан төсінде әлемге нұрын шашқан Күн бейнесі және қияға қанат қаққан қыран – еркіндік пен биік мұраттың нышаны.

Тудың авторы: Шәкен Ниязбеков.

Қазақстан Республикасының Елтаңбасы

Елтаңбада көгілдір түс аясында шаңырақ бейнеленген. Шаңырақ – бірліктің, ортақ үйдің, тұтас елдіктің белгісі: «Шаңырақ – біздің ортақ отауымыз!»

Авторларының бірі: Жандарбек Мәлібеков.

Ата Заң және мемлекеттік тіл

Ата Заңнан үзінді

Қазақстан Республикасының жері тұтас: ол бөлінбейді және оған қол сұғуға болмайды.

Мемлекеттік тіл

Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл – қазақ тілі.

Өлең: «Туған тілім»

Туған тілім – бабам тілі – өз тілім!
Туған тілім – анам тілі – өз тілім!
Туған тілім – далам тілі – өз тілім!
Туған тілім – адам тілі – өз тілім!

Туған тілде сыры терең жаным бар,
Туған тілде әнім менен сәнім бар.
Туған тілім болудан қалса егер,
Жүрегімді суырып-ақ алыңдар!

Ана тілі – ән айту, жүректің үні.

Хандардың қателігін қайталама,
«Ұлт бол!» деген ойды бекем ұстан.
Мағжан мен Мұхтар, Жүнісбек аманаты:
Батырларды ешқашан ұмытпа!

Билер сөзі – даналық мектебі

Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би – елдік пен бірліктің, әділет пен парасаттың символы. Олардың нақыл сөздері ұрпаққа бағыт-бағдар береді.

Төле би

Уа, халқым, сөз қадірін білесің:
Жаңбыр жаумаса, жер жетім.
Басшы болмаса, ел жетім.

Әйтеке би

Биікке шықсаң көзің ашылады,
Жақсымен жолдас болсаң көзің ашылады.

Қазыбек би

Кекшіл болма – кесапаты еліңе тиер.
Елім өссін десең, өршіл болма – өркеніңді өшірерсің.

«Аллаһу әкбар!» – рухты үндеу.

Мерекелік көңіл күй және Отанға сүйіспеншілік

Өлең: мереке көрінісі

Көшеде тулар самсаған,
Көктемнің қызыл гүліндей.
Қазақстан тойын қарсы алам,
Өзімнің туған күнімдей.

Би нөмірі (қойылым).

Туған өлке – ақ бесік

Кең-байтақ Қазақстан – менің туған өлкем. Оның асқар таулары, айдын-шалқар көлдері, жайқалған орманы мен жасыл жайлауы – менің ақ бесігім. Сондықтан да мен Отанымды анамдай сүйемін.

Өлең: дала туралы

Мен сүйемін даланы –
Дәнге толы алабы.
Жерінің дәні маржандай,
Қырманы асыл таулардай.

Жас ұланның серті

Біз – жас ұлан, Отан-ана өркені,
Үміт артқан болашағы, ертеңі.
Туған елдің даңқын көкке өрлетіп,
Гүлге бөлеп жасартамыз өлкені.

Ұлттық рух: «Мен қазақпын»

Өлең үзіндісі

Мен қазақпын, қазақпын сүйегіммен,
Сән-салтанат салтымды сүйемін мен.
Бақ орнатам осынау кең далаға,
Мұрагермін, оған да иемін мен.

Әнге ұласқан үн

Мен қазақпын, биікпін, байтақ елмін,
Қайта тудым, өмірге қайта келдім.
Мен мыңда бір тірілдім, мәңгі өлмеске,
Айта бергім келеді, айта бергім!

«Қазағым» әні (орындау).

Құттықтау сөз

Ата-аналарға, мектеп басшыларына және ұстаздар қауымына шынайы алғыс айта отырып, мерекелік құттықтау сөз арналады. Бірлігіміз бекем, еңбегіміз берекелі болып, тәуелсіз еліміздің тұғыры әрдайым биік болсын!

Материал: бастауыш сыныпқа арналған тәрбиелік сабақ мазмұны.

Отаным – алтын бесігім