Оқушылармен амандасу, сабаққа психологиялық дайындық жасау
Сабақ тақырыбы
Гидросфера және су айналымы
Сабақ түрі
Аралас сабақ
Көрнекіліктер
- Дүниежүзі картасы
- Плакаттар
- Таратпа материалдар
- Презентациялар
Сабақ мақсаты
Білімділік
Оқушыларды ұжымдық жұмысқа ұйымдастыру, гидросфера туралы ғылыми түсінік қалыптастыру, әртүрлі білім көздерімен жұмыс істеуге дағдыландыру.
Дамытушылық
Оқушылардың өздігінен жұмыс істеуін дамыту, шығармашылық ойлауын жетілдіру.
Тәрбиелік
Өз ойын еркін жеткізуге және қорытынды жасай білуге дағдыландыру.
І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен амандасу, сабаққа психологиялық дайындық жасау, көңіл күйді көтеру.
Миға шабуыл
- Жерде неше географиялық қабық бар?
- Біз үлкен географиялық қабықтардың бірін оқып бітірдік. Ол қайсысы?
- Дұрыс жауап: литосфера — яғни «тас қабық».
ІІ. Үй тапсырмасы
Сұрақ-жауап
- 1.Литосфера дегеніміз не?
- 2.Тау жынысы дегеніміз не?
- 3.Жер сілкінісі дегеніміз не?
- 4.Жанартау дегеніміз не?
- 5. Таулар дегеніміз не? Таулар биіктігіне қарай нешеге бөлінеді?
- 6. Жазық дегеніміз не? Жазықтар биіктігіне қарай нешеге бөлінеді?
Картамен жұмыс
Төмендегі тау жүйелерін картадан көрсетіңіз:
Терминдермен жұмыс
Мағынасын түсіндіріп, мысал келтіріңіз:
ІІІ. Білімді жан-жақты тексеру
Семантикалық карта арқылы нысандарды сәйкес биіктік/тереңдік көрсеткіштерімен байланыстырыңыз.
| Нысандар | Көрсеткіштер |
|---|---|
| Эверест шыңы | 8848 м |
| Хантәңірі шыңы | 6995 м |
| Мариана шұңғымасы | 11022 м |
| Қарақия ойысы | 132 м |
| Ойпат | 200 м-ге дейін |
| Орта таулар | 1000–2000 м |
IV. Жаңа сабақ
Ой тастау
Жаңа тақырыпты бірден атамай, оқушыларға бағыт беріңіз: Ыбырай Алтынсариннің «Өзен» өлеңін оқытып, қай географиялық қабатты (гидросфераны) оқитынымызды өздері болжасын.
Таулардан өзен ағар сарқыраған, Айнадай сәуле беріп жарқыраған. Жел соқса, ыстық соқса бір қалыпта, Аралап тау мен тасты арқыраған. Көңілің суын ішсең ашылады, Денеңде бар дертіңді қашырады. Өксіген оттай жанып жануарлар, Өзеннен рақат тауып басылады.