Жалпы дене мүшелеріне арналған жаттығулары

Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан қаласы

Қ. Сәтпаев атындағы №12 жалпы орта мектеп коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі: Алсеитов Қалмұрат Маратұлы

Сабақ туралы мәлімет

Сабақ тақырыбы

Баскетбол ойыны

Өтетін орны

Спорт залы

Қажетті құрал-жабдықтар

  • Доптар
  • Ысқырық

Сабақтың мақсаты

  1. Оқушыларға баскетбол ойынының әдіс-тәсілдерін үйрету.
  2. Ептілік, жылдамдық және шыдамдылық қабілеттерін дамыту.
  3. Адамгершілікке, ақыл-ой, эстетикалық және еңбек тәрбиесіне баулу.

Сабақ құрылымы

Дайындық бөлімі

15 минут

Сабақ мазмұны

  • Оқушыларды сапқа тұрғызу, баяндама қабылдау, сәлемдесу.
  • Саптық жаттығулар.
  • Арнайы жүру, жүгіру, секіру жаттығулары.
  • Жалпы дене мүшелеріне арналған жалпы дамыту жаттығулары.

Ұйымдастырушылық және әдістемелік нұсқаулар

  • Оқушылардың спорттық киімін тексеру.
  • Бүгінгі сабаққа толық дайындықтарын бақылау.

Негізгі бөлім

25 минут

Сабақ мазмұны

  • Жаңа тақырыпты түсіндіру.
  • Допты кедергілер арасымен алып жүру жаттығулары.
  • Екі оқушымен: допты жерге ұрмай, пас беру арқылы алып барып себетке салу.
  • Үш оқушымен: допты жерге ұрмай, пас беру арқылы алып барып себетке салу.
  • Ереже бойынша баскетбол ойынын ойнау.

Негізгі талаптар

  • Техникалық қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау.
  • Тапсырмаларды белгіленген ереже бойынша дұрыс орындау.
  • Допты әріптеске дәл және дұрыс лақтыру; допты екі қолмен беру.
  • Допты лақтырғанда қолды түзу созып аяқтау.
  • Ойын кезінде ережені бұзбай ойнау.

Қорытынды бөлім

5 минут

Сабақ мазмұны

  • Оқушыларды сапқа тұрғызу.
  • 1 минуттық демалу және тыныс алу жаттығуы.
  • Сабақты қорытындылау: жетістіктері мен кемшіліктерін атап өту, бағалау.

Нұсқау

Оқушылар денесін бос ұстап, көзін жұмып, ішінен 1 минут санайды. 1 минут аяқталған соң, санап болған оқушы саптан 1 қадам алға шығады.

Үй тапсырмасы

  • Тақырыпты түрлендіріп, қысқаша реферат жазу.
  • Тақырып бойынша буклеттер дайындау.