Кім жылдам, әрі тапқыр
«Тапқыр достар» сайысы
«Адам байлығының ішіндегі ең тамашасы — білім», — деген екен шығыс ғұламасы Әбу Райхан әл-Беруни. Осы ойды жетекші ете отырып, 7-сыныптың тәрбие сағатында өтетін «Тапқыр достар» сайысына қош келдіңіздер.
Сайыстың мақсаты
Білімділік
- Оқушылардың лидерлік қасиеттерін шыңдау.
- Аналитикалық қабілетін дамыту.
- Интеллектуалдық деңгейін арттыру.
Дамытушылық
- Пәнге қызығушылықты арттыру, белсенділікті дамыту.
- Өзара көмектесу және топпен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру.
- Шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік
- Жауапкершілікке, шапшаңдыққа, тиянақтылыққа баулу.
- Ақпараттық мәдениетті қалыптастыру.
Ұйымдастыру
- Сабақ әдісі
- Сұрақ-жауап, ойын түріндегі сабақ.
- Көрнекілігі
- Интерактивті тақта, компьютер, слайдтар.
Сайыс кезеңдері
-
1
Таныстыру
Әр топ өз атауын, ұранын, топ басшысын және мүшелерін таныстырады.
-
2
Сен білесің бе?
Сұрақ-жауап кезеңі. Әр дұрыс жауапқа 10 ұпай беріледі.
-
3
Тіл өнері
Мақал-мәтелдер мен тұрақты тіркестерді жалғастыру. Әр дұрыс жауапқа 10 ұпай.
-
4
Ойлан, тап!
Интерактивті тақтада суреттер слайд-шоу арқылы көрсетіледі. Топ басшысы суретті өз тобына сипаттап түсіндіреді, ал топ мүшелері экранға қарамай тұрады. Әр сурет экранда 4 секунд ғана тұрады.
-
5
Өнерпаз болсаң
Әр топ өз өнерін көрсетеді.
-
6
Ғажайып ұяшық
Ұяшықтар арқылы жасырын тапсырмалар мен сұрақтарды орындау кезеңі.
-
7
Кім жылдам әрі тапқыр?
Тақтада «ПРОГРАММАЛАНҒАНДЫҚТАН» сөзі беріледі. 1 минут ішінде қай топ көп мағыналы сөз құрастыратыны анықталады.
Сайыстың барысы
Қатысушыларды қарсы алу
Құрметті ұстаздар мен оқушылар! «Тапқыр достар» сайысына қош келдіңіздер!
Бүгінгі сайысқа қатысатын екі топты қол соғып қарсы алайық.
Бас иіп, топ алдында шығатын — сәлемдесу парызы әрбір жастың. Білімдерін паш етер сайыскерлердің танысатын сәті де келді.
1-топ
Windows
2-топ
Вирус
2-кезең: «Сен білесің бе?» сұрақтары
Әр дұрыс жауапқа 10 ұпай беріледі.
1-топқа сұрақтар
- Ақпараттың өлшем бірліктері: бит, байт.
- Зарядталған бөлшектердің реттелген қозғалысы: электр тогы.
- Екілік жүйенің сандары: 0 және 1.
- Қазақстан неше мемлекетпен шекаралас? 5.
- «Ақпарат» сөзі латынның қай сөзінен шыққан? (Жауап: informatio)
2-топқа сұрақтар
- «Геометрия» сөзі грек тілінен аударғанда нені білдіреді? Жер өлшеу.
- 2 ғасырда неше жыл бар? 200.
- Адам мен компьютер арасындағы қарым-қатынас: интерфейс.
- Ақпарат шығару құрылғысы: принтер.
- Параллелепипедтің неше қыры, неше жағы бар? 12 қыры, 6 жағы.
3-кезең: «Тіл өнері»
Әр дұрыс жауапқа 10 ұпай.
4-кезең: «Ойлан, тап!»
Бұл кезеңде интерактивті тақтада суреттер слайд-шоу арқылы көрсетіледі. Топ басшысы суретті сипаттап үлгеруі тиіс, ал топ мүшелері экранға қарамай тұрады. Әр сурет 4 секунд көрсетіледі.
1-топқа суреттер
- Жүйелік блок
- Қапшық
- Кактус
- Электр тогы
- Қарындаш
- Әділқазылар
- Процессор
2-топқа суреттер
- Сағат
- Компакт-диск
- Мұғалім
- Тышқан (маус)
- Үй тапсырмасын орындап отырған қыз
- Сканер
- Доп
- Принтер
- Алма
- Фотоаппарат
- Монитор
- Кітап
Шынардай биік арманы бар ұл-қыздар өнерін көрсетсін. Ойландырып отырғанды таң қалдырар сәт — осы кезеңдерде.
5-кезең: «Өнерпаз болсаң»
Әр топ өз өнерін ортаға салады.
6-кезең: «Ғажайып ұяшық»
Сұрақтар мен тапсырмалар ұяшықтар арқылы таңдалып, орындалады.
7-кезең: «Кім жылдам әрі тапқыр?»
Тақтаға «ПРОГРАММАЛАНҒАНДЫҚТАН» сөзі жазылады. 1 минут ішінде қай топ көбірек сөз құрастыратыны анықталады.
Қорытынды
- Әділқазылар алқасына сөз беріледі.
- Жеңімпаз топ анықталады.
- Марапаттау рәсімі өтеді.
Ойын толқын жатқандай асып-тасып,
Біреу мығым, біреулер шалыс басып.
Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар —
Жеңсең де, жеңілсең де қалма жасып.
Осылайша бүгінгі сайысымызды аяқтаймыз.