Алтын Орда мемлекетінің құрылуы

Сабақтың тақырыбы

§37. Батыйдың орыс жеріне жорығы

Білімділік

1236–1242 жылдардағы Батысқа жорық туралы және одан кейін Батудың Алтын Орда мемлекетін құруы жөнінде толық мәлімет беру.

Дамытушылық

Оқушылардың оқулықпен өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын, тарихи ұғымдарды талдап, қорытынды жасау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік

Орыс қалаларының моңғол-татар шапқыншылығынан қорғануы туралы білім бере отырып, адамгершілікке, елін және туған жерін сүюге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі

Аралас сабақ

Әдісі

Интерактивті және белсенді оқыту әдістері

Көрнекілік

  • Интерактивті тақта
  • Карта
  • Суреттер
  • Сызба

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқу құралдарын тексеріп, түгелдеу.
  • Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
  • Оқушыларды 4 топқа бөлу.

II. Үй тапсырмасын сұрау

Әр топқа сұрақтар беріледі:

  1. 1.Шыңғысхан империясының құрылуының алғышарттары қандай болды?
  2. 2.Моңғол тайпаларының қонысы, шаруашылығы мен кәсібі туралы айтып беріңдер.
  3. 3.Шыңғысханның қазақ даласына шабуылы қашан басталды, оның себебі неде?
  4. 4.Отырар қаласын қорғаудағы халық ерлігі туралы не білесіңдер? Қала жөнінде қандай мәліметтер бар?
  5. 5.Моңғол-татар әскерлерінің Орта Азия мен Кавказды жаулап алуы туралы не білесіңдер?

Ұғымдармен жұмыс

Тақтада негізгі ұғымдарды түсіндіру және бекіту:

Құрылтай Яса Жасақ Баһадүр Татар Той Ұлыс

Жаңа сабақтың жоспары

  1. 1.Батудың орыс жеріне жорығы. Жаңа жерлерді бағындыру.
  2. 2.Батыйдың Киевті алуы.
  3. 3.Алтын Орда мемлекетінің құрылуы.
  4. 4.Мемлекеттік құрылымы.

Батый хан туралы қысқаша дерек

Интерактивті тақтадан Батый (Бату хан) туралы қосымша материал көрсетіліп, оқушылардың қатысуымен талқылау жүргізіледі.

Тегі мен өмірбаяны

  • Батый хан (Сайын хан) — Алтын Орданың негізін қалаушы, қолбасшы.
  • Шыңғыс ханның немересі, Жошының екінші ұлы.
  • 1208 жылы дүниеге келіп, 1255 жылы қайтыс болған.
  • 1227–1255 жылдары Алтын Орданы басқарған.
  • Шешесі — Кочун қатын, қоңырат Елші Ноянның қызы.

Саяси қызметі

  • 1227 жылы Жошы қайтыс болғаннан кейін, Шыңғыс ханның ұйғарымымен таққа отырды.
  • 1229 жылы Қарақорымдағы құрылтайға қатысып, Үгедейдің ұлы хан болып сайлануына куә болды.
  • 1236–1242 жылдары біріккен түркі-моңғол әскерінің Русь пен Шығыс Еуропаға жорығын басқарды.
  • Сарай қаласында жерленген.

Талқылау сұрағы

Батый хан неге «Сайын хан» атанған? Берілген деректерді пайдаланып, Батый ханның сөздік портретін құрастырыңдар.

Жаңа жерлерді бағындыру: негізгі даталар

Даталармен жұмыс үлестірмелі карточкалар арқылы жүргізіледі. Оқушылар картадан бағыттарды көрсетіп, оқиғаларды ретімен баяндайды.

1236 жыл

Батый әскері Еділ өзеніне келіп, бұлғарларды жаулап алды.

1237 жыл

  • Еділ–Дон аралығындағы қыпшақтарды тізе бүктірді.
  • Қыста Еділден өтіп, Рязань қаласын алды.
  • Владимир–Суздаль князьдігіне жетіп, Коломна түбінде кінәз Юрийді жеңді. Мәскеуді алды.

1238 жыл, 4 ақпан

Батый Владимир кінәздігін қоршап, 3 күннен соң алды. Кейін Ростов, Суздаль, Ярославль, Кострома, Углич, Тверь және тағы басқа қалалармен бірге барлығы 14 қаланы бағындырды. Новгород жеріне бағыт алды, алайда кейін оңтүстікке бұрылуға мәжбүр болды (себебін талқылау ұсынылады).

1240 жыл

Киев қаласына жетіп, оны алғаннан кейін Галич–Волынь жеріне аттанды.

1241–1242 жылдар

Польшаға, Венгрияға және Чехияға баса-көктеп кірді.

1243 жыл

Сарай–Бату қаласын салғызды. Алтын Орда мемлекетінің негізін қалады.

Ұзақ мерзімді салдар

1240–1480 жылдары орыс жерінде моңғол-татар үстемдігі орнады.

Проблемалық сұрақ (ұжымдық жұмыс)

Орыс жерлерінің моңғол-татар шапқыншылығына тосқауыл бола алмауының себептері қандай деп ойлайсыңдар? Бірнеше себебін атаңдар.

Батыйдың Киевті алуы: рөлдік баяндау

Мұғалім сөзінен кейін рөлдік ойын ұйымдастырылады: бір оқушы орта ғасыр адамының бейнесінде Киевтің алынуын өзі көргендей әсерлі етіп баяндайды.

1240 жылдың желтоқсаны еді. Бату хан бастаған қыруар әскер «славян қалаларының анасы» атанған Киевті қоршады. Қорған бұзғыш құрылғылар күндіз-түні қабырғаны дамылсыз соққылады. Қала халқы жан аямай қарсыласты. Қаза болғандар көп болды, қан судай ақты. Ақыры қорған бұзғыш қарулар арқылы қала қабырғасы бұзылып, әскер қалаға кірді. Қарша бораған садақ оғы күннің көзін жапқандай болды. Түнде тұрғындар ескі қамал қабырғаларын қайта бекітуге тырысты. Таңертең кескілескен ұрыс қайта жалғасты, бірақ күш тең емес еді. 6 желтоқсанда 8 күн бойы қорғанған қала берілүүгө мәжбүр болды. Жаралы кінәз Дмитрийді Батудың алдына алып келді. Бату оның ерлігіне риза болып, өлтіруге бұйырмады.
Рөлдік ойынға арналған мәтін (сахналық баяндау)

Алтын Орданың құрылуы және аумағы

1243 жылы Бату Еділ бойына қайта оралып, Сарай–Бату қаласын салдырды және Алтын Орда деп аталған мемлекетін құрды.

Интерактивті тақтадан Алтын Орданың картасы көрсетіліп, аумағы белгіленеді: Ертістен Дунайға дейінгі кең аймақ.

Ұлыстарға бөліну (бекіту тапсырмасы)

Қазақстан тарихынан алған білімдерге сүйене отырып, Алтын Орданың ұлыстарға бөлінуін айтып, сызба түрінде көрсетіңдер.

  • Ақ Орда: Сырдариядан Балқашқа дейінгі жер; Орда Еженге берілді.
  • Көк Орда: Арал теңізінің солтүстігі; Шайбанға қарады.

Дереккөз: Жувейни

Парсы тарихшысы Жувейни Сарай–Батуды былай сипаттайды: саудагерлер оның ордасына әр тараптан келіп, түрлі тауарлар әкелген. Батый хан тауарлардың бәрін алғызып, үстіне бағасын артығымен төлетіп отырған.

Алтын Орда: негізгі ұғымдар мен тұжырымдар

Тарихи сөйлемдерді толықтыр

Алтын Орда — феодалдық мемлекет.

Алтын Ордада өмір сүрген халықтардың даму дәрежесі әркелкі болды.

Орыс жерінің халықтары Еділ алқабында отырықшы-егінші шаруашылықпен айналысты.

Түркі тілдес халықтар көшпелі мал шаруашылығымен шұғылданды.

Түрік тектес тайпалар құрамында қыпшақ, қаңлы, арғын, найман, қоңырат, керей, уақ болды.

Мемлекеттік құрылым әскери негізде болды.

Билік жүйесі мен басқару

Хан — қарулы күштердің бас қолбасшысы.

Бектер құрылтайы — мемлекет билігінің маңызды сатыларының бірі.

Бағынышты аймақтарды басқару үшін дарғы бектер, тамғашылар және басқақтар тағайындалды.

Жарлық — орыс кінәздерін тағайындауға қатысты ханның арнайы құжаты.

Салық түрлері

Қалан — егіншілерден алынатын салық.

Қапшуыр — малшыларға салынатын салық.

Сабақты бекіту: тест тапсырмалары

Төмендегі сұрақтарға дұрыс жауапты таңдаңдар.

1) Бату ханның орыс жеріне жорығы қашан басталды?

  • A) 1241 ж.
  • B) 1242 ж.
  • C) 1243 ж.
  • D) 1235 ж.
  • E) 1236 ж.

2) Алтын Орда мемлекеті кімнің басқаруымен құрылды?

  • A) Берке
  • B) Төле
  • C) Батый
  • D) Жошы
  • E) Шағатай

3) Алтын Орда қай ұлыстың орнына құрылды?

  • A) Жошы ұлысы
  • B) Шағатай ұлысы
  • C) Үгедей ұлысы
  • D) Төле ұлысы
  • E) Берке ұлысы

4) Моңғол-татар шапқыншылығына алғаш ұшыраған кінәздік?

  • A) Владимир–Суздаль
  • B) Рязань
  • C) Чернигов
  • D) Псков
  • E) Новгород

5) Ауа райының қолайсыздығынан жаулап алу сәті түспеген кінәздік?

  • A) Владимир–Суздаль
  • B) Рязань
  • C) Чернигов
  • D) Псков
  • E) Новгород

6) Бату ханның Шығыс Еуропаға жеті жылдық жорығы қай жылдары болды?

  • A) 1241–1247
  • B) 1158–1165
  • C) 1236–1242
  • D) 1327–1334
  • E) 1235–1243

7) Алтын Орданың орыс жеріндегі билігі қанша уақытқа созылды?

  • A) 1243–1282
  • B) 1245–1286
  • C) 1240–1480
  • D) 1241–1280
  • E) 1242–1280

Бағалау және үй тапсырмасы

Бағалау

Оқушылардың жауаптары мен белсенділігі негізінде бағалау жүргізіледі.

Үйге тапсырма

  • §37 — оқу.
  • «Алтын Орда» энциклопедиясын оқып, қосымша мәліметтермен танысу.
  • Тақырып бойынша сөзжұмбақ немесе ребус құрастыру.