Мал өсірсең қой өсір, Өнімі оның көл - көсір
Сабақ паспорты
Оқу орны
Екібастұз қаласы, №21 «Кішкентай данышпандар» балабақшасы
Тәрбиеші
Амирханова Айсулу Кайруллиновна
Білім беру саласы
Қатынас
Білім көзі
Тіл дамыту
Тақырыбы
Үй жануарлары
Мақсаты
- Балалардың үй жануарлары туралы түсінігін тереңдету.
- Үй жануарларын бір-бірінен ажыратуға, әңгімені мұқият әрі зейін қойып тыңдауға үйрету.
- Төлдерін дұрыс атауға, олардың пайдасын айтуға және күтіп-баптау, қорғап-қамқорлық жасауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі
- Төрт түлік малдың суреттері
- Сүт тағамдары
- Қой жүні
- Тоқымалар
Әдіс-тәсілдері
Ұйымдастыру бөлімі
«Жылулық шеңбері»
Шеңбер болып тұрайық,
Алақанды ашайық.
Күннен жылу алайық,
Жүрекке жылу салайық.
Жұмбақ арқылы қызығушылық ояту
Тәрбиеші балаларға жұмбақ жасырады, балалар жауабын табады:
Иір-иір денесі,
Сахараның кемесі,
Ащы шөптер тағамы,
Шөлге шыдап бағады.
Жауабы: түйе
Кішкентай ғана бойы бар,
Айналдырып киген тоны бар.
Жауабы: қой
Сұрақ: Түйе мен қойдан басқа қандай үй жануарларын білесіңдер?
Жауап үлгілері: сиыр, ешкі, жылқы және т.б.
Ойындар және белсенді жұмыс
Ойын: «Төлін тап»
Шарты: үй жануарларының төлдерін атап, дұрыс сәйкестендіру.
1-топ
Сызба арқылы сызып көрсетеді.
2-топ
Суретке қарап, үй жануарларының мүшелерін атайды.
3-топ
Тақтаға шығып, төлдерін табады және көпше түрін айтады.
Жануарлардың дауысы
- Сиыр
- «Му-му» мөңірейді.
- Қой
- «Мә-мә» маңырайды.
- Ешкі
- «Мә-мә» маңырайды.
- Жылқы
- «Иә-иә-иә» кісінейді.
Ойын: «Не жетіспейді?»
Шарты: үй жануарлары бейнеленген карточкаларды тақтаға орналастырып, балалар қай бөлігі (немесе қандай белгісі) жетіспейтінін атайды.
Билингвальды сөздік
- Түйе
- верблюд
- Сиыр
- корова
- Жылқы
- лошадь
- Қой
- баран
- Ешкі
- козел
Тілдік қорды байыту
Мақал-мәтелдер
Тәрбиеші сұрақ қояды: «Үй жануарлары туралы қандай мақал-мәтелдер білесіңдер?»
Мал өсірсең, қой өсір,
Өнімі оның көл-көсір.
Аттан тай озады,
Атадан бала озады.
Қорытынды пікір: балалар белсенді қатысады.
Сергіту сәті
Құлыншағым, құндызым,
Құлдырайды, шабады.
Жылтылдаған жұлдызым,
Құстай қанат жаяды.
Схема бойынша әңгіме құрау
Түсіндіру мақсаты
- Әңгіменің не туралы екенін анықтау.
- Үй жануарларының түрлерін және төлдерін жатқа білу.
- Олардың немен қоректенетінін, адамдарға қандай пайда әкелетінін түсіндіру.
Қорытындылау
Қайталау сұрақтары
Сұрақ: Сиыр қандай жануарға жатады?
Сұрақ: Ал қой ше?
Күтілетін нәтиже
- Нені білді
- Үй жануарлары туралы негізгі түсініктерді.
- Меңгерді
- Жануарлардың түрлерін дұрыс тауып, ажыратып, атай білуді.
- Игерді
- Сызба арқылы жұмыс істеуді.