Үйге тапсырма. Сөз табы ұғымымен таныстыру және сөз таптары туралы түсінік беру
Сабақ туралы қысқаша мәлімет
- Пән
- Қазақ тілі
- Сынып
- 2-сынып
- Тақырып
- Сөз таптары туралы түсінік
- Сабақ түрі
- Аралас
- Әдістері
- Түсіндіру, сұрақ-жауап, ойын, өз бетімен жұмыс, СТО әдістері
- Көрнекілігі
- Интерактивті тақта, мазмұнды суреттер, кесте
Сабақтың мақсаты
Оқушыларды «сөз табы» ұғымымен таныстыру және сөз таптары туралы түсінік беру.
Сабақтың міндеттері
- Әрбір сөздің белгілі бір ұғымды білдіретінін, сөйлемдегі сөздердің орны мен өзара мағыналық байланысы болатынын түсіндіру.
- Жазба тілін және байланыстырып сөйлеу дағдысын дамыту.
- Ана тілін құрметтеуге тәрбиелеу, пәнге деген сүйіспеншілікті арттыру.
Сабақтың барысы
Қызығушылықты ояту
Ынтымақтастық атмосферасы
Жылы қарым-қатынас орнатып, бірлескен жұмысқа бағыттау.
Топқа бөлу
Оқушыларды шағын топтарға бөліп, рөлдерді нақтылау.
Үй тапсырмасын тексеру
Карточкалар таратылады. Сызбалар бойынша бірнеше мысал жазып, жазғанын дәлелдеп түсіндіреді.
Мағынаны ажырату
Кестемен жұмыс (312-жаттығу)
Берілген сөздерді мағынасына қарай топтастыру, әр бағандағы сөздердің мағынасына назар аудару және сұрақ қою.
Берілген сөздер
| Сөз табы | Сұрағы | Мысалдар | Мағынасы |
|---|---|---|---|
| Зат есім | Кім? Не? | күн, ата, жазушы, адам, үй | Заттың атын білдіреді. |
| Етістік | Не істеді? | жазды, шықты, келді | Заттың қимылын білдіреді. |
| Сын есім | Қандай? | ақ, көк, үлкен | Заттың сынын білдіреді. |
| Сан есім | Қанша? | отыз, екі, қырық | Заттың санын білдіреді. |
Ереже
Сөздер мағынасына қарай бірнеше сөз таптарына бөлінеді. Зат есім, етістік, сын есім, сан есім — сөз таптары.
Ой толғаныс
Дәптермен жұмыс: терме диктант
- Анама гүл сыйладым.
- Анар би биледі.
- Айжан кітап оқыды.
- Әжем сиыр сауды.
- Дүкеннен көк көйлек сатып алдым.
- Судың түсі мөлдір.
- Бүгін бес сабақ болады.
- Мен тоғыз жастамын.
Тапсырма
- 1-жолға заттың атын білдіретін сөздерді жаз.
- 2-жолға заттың қимылын білдіретін сөздерді жаз.
- 3-жолға заттың сынын білдіретін сөздерді жаз.
- 4-жолға заттың санын білдіретін сөздерді жаз.
Нәтижені тексеру үшін еске сақта
Зат есім
Кім? Не?
Етістік
Не істеді?
Сын есім
Қандай?
Сан есім
Қанша?
314-жаттығу: ребуспен жұмыс
Топтық жұмыс- 5 топқа 5 түрлі ребус беріледі.
- Әр топ ребустың шешімін тауып, тақтаға іледі.
- Сөзге сұрақ қойып, қай сөз табына жататынын анықтайды.
- Сол сөздерді пайдаланып сөйлем құрайды.
Мысал сөйлем
Анам тоғыз қызыл шар алды.
315-жаттығу: көп нүктенің орнын толықтыру
Көп нүктенің орнына заттың атын, сынын, қимылын, санын білдіретін сөздер тауып жазады. Таңдау себебін дәлелдейді.
Заттың сынын білдіретін
- ... бояу
- ... үй
- ... ауа
- ... су
Заттың қимылын білдіретін
- сиыр ...
- қар ...
- құс ...
- ұшақ ...
Заттың санын білдіретін
- ... дәптер
- ... қалам
- ... сызғыш
- ... көйлек
Заттың атын білдіретін
- ... адам
- ... балық
- ... шар
316-жаттығу: мәтін құрастыру
Топтық жұмыс«Байқоңыр — ғарыш айлағы» туралы бейнекөріністі тамашалап, топпен мәтін құрайды.
Көмек-нұсқау сұрақтары
- Адамзаттың ең алғашқы ғарышқа сапары қай жерден басталды?
- Жердің тұңғыш жасанды серігі қай қаладан ұшырылды?
- Ғарыш алаңына ең алғаш аттанған кім?
- 1991 жылы ғарышқа ұшқан қазақ ғарышкерін білесің бе?
- Қазақстандағы ғарыш айлағы қалай аталады?
Кері байланыс
Оқушылардың түсіну деңгейін анықтап, қысқа қорытынды жасалады.
Үй тапсырмасы
116-бет, 313-жаттығу: жұмбақты оқып, жатқа жаз; шешуін тап. Заттың атын, сынын, санын білдіретін сөздерді анықта.
Бағалау
Тапсырмаларды орындау сапасы, топтағы белсенділік және дәлелдеу дағдысы ескеріледі.
Автор туралы мәлімет
Білім беру ұйымы
Шоқан Уәлиханов атындағы №3 мектеп-лицейі
Мұғалім
Имадилова Арай Бақытқанқызы
Бастауыш сынып мұғалімі