Сізге бізден мың алғыс

Қош келдіңіздер!

Қымбатты қонақтар, ардақты ата-аналар және балабақша ұжымы! Бүгін «Кел, балалар» балабақшасында өтіп жатқан «Балабақшамен қоштасу» мерекесіне қош келдіңіздер! Бүгінгі кешімізді ашық деп жариялаймыз.

Дорогие гости, уважаемые родители и сотрудники! Мы очень рады видеть вас на нашем празднике. Как быстро бежит время и как быстро растут дети! Сегодня ребята перешагнули первую, самую маленькую ступеньку в своей жизни — дошкольный возраст. Весь коллектив детского сада от всего сердца поздравляет детей и родителей с этим замечательным событием!

English greeting (edited)

Good morning, dear pupils, teachers, children, and guests! Welcome to our celebration. We’re glad to see you, and we hope you enjoy today’s program.

Алғашқы түлектерді қарсы алу

Толқып тұрған баршаңызды қол соғып, қошеметпен қарсы алуға шақырамыз. Ортамызға сүйікті балабақшасымен қимастықпен қоштасатын 2018 жылғы «Айгөлек» мектепалды даярлық тобының түлектерін шақырамыз.

Түлектер жұптары

  • Бисалиев Мансур — алғыр, биязы жігіт; Шыңғыс Ақбілек — ерке де пысық ару.
  • Бисенбаев Ақылбек — әдепті, салмақты жігіт; Бакитова Айым — мың бұралған сүйкімді ару.
  • Нұрғалиев Айәділ — қайсар, жайсаң жігіт; Бейбіт Айназ — сүйкімді, ақжарқын ару.
  • Аманкелді Қайсар — мейірімді, кеңпейіл жігіт; Дүйсенғалиева Аружан — көркем, инабатты ару.
  • Қасен Насреддин — тапқыр, ақжүрек жігіт; Орынғали Айшат — ерке, сымбатты ару.
  • Елемес Ернұр — батыр, адал жігіт; Құтжан Зерде — жан-жақты білімді, биші ару.
  • Нұржанов Алихан — эрудит, тапқыр жігіт; Нұрперзентова Сұлухан — ақылды, өнерлі ару.
  • Жанболат Әділ — сөзге шешен жігіт; Овчаренко Палина — бойы ұзын, бота көзді ару.
  • Шамшудинов Батырхан — спортқа шебер, білімді жігіт; Абибулла Ақдана — сабырлы, мейірімді ару.

«Күншуақ» тобының қатысушылары

  • Асу Аян — сабырлы, ұяң; Болат Кәусәр — «Күншуақ» тобының аруы.
  • Муданов Арсен — шыдамды, қамқор; Шамшудинова Алия — «Күншуақ» тобының аруы.
  • Өтебалин Марғұлан — зейінді, әдепті; Дюсенова Айша — «Күншуақ» тобының аруы.
  • Назар Санжар — ұяң, өнерлі; Казиева Айзада — «Күншуақ» тобының аруы.
  • Ермахан Нұрхан — шапшаң, еңбекқор; Салимжанова Анель — «Күншуақ» тобының аруы.
  • Русланұлы Рахматулла — сабырлы, талапты; Наурызбаева Альбина — «Күншуақ» тобының аруы.

Көркем сәт

«Жаңа өмір басталсын, үміт пен сенім ақталсын. Алғашқы бүлдіршін вальсі көңілде мәңгі сақталсын».

Ортада би: Вальс

Балабақшаға арнау

Жанболат Әділдің арнауы

Кел, балалар деп шақырдың біздерді, армандарға бастады ізгі жол енді.

Балабақшам — мейірімді анамдай, жолыма әрдайым нұр тілеп.

Қарашы, бүгінгі күн қандай! Вальске ілескен біздермен жер шары айналып тұрғандай.

Дәл осындай балабақша бар біздерде — қоштасатын күн де келді біздерге!

Музыкалық нөмірлер

  • Ән: «Тәрбиеші апайым» (Айгөлек тобы)
  • Домбыра тобы: «Айналайын, ақ мамам»
  • Би: «Қуыршақ биі»
  • Би: «Бақытты балалық шақ»
  • Ән: «Оқуда озат боламын» (шармен)
  • Би: «Ангел» (Айгөлек тобы, байқау жеңімпаздары)

Жұмбақ

Аяғы бар, жүрмейді. Аузы бар, күлмейді. Айнымайды бөпемнен, тек сөйлеуді білмейді.

Жауабы: қуыршақ.

Түлектердің алғысы

Түлектеріміз балабақшада еңбегі сіңген жандарға жүрекжарды лебіздерін білдірді. Бұл — ризашылықтың, тәрбиенің және жылы естеліктердің айғағы.

Әкімшілік пен мамандарға

  • Меңгеруші Жанаргүл Сағидуллақызына — балалардың алғысы.
  • Әдіскер Рыскүл Ахметқызына — еңбегі мен қамқорлығы үшін мың алғыс.
  • Медбике Венера Асанқызына — қамқорлығы үшін алғыс.
  • Аспазшы Жадыра Әмірханқызына — дәмді тағамдары үшін алғыс.
  • Жүргізуші Нұрғазы Төремұратұлына — жауапкершілігі үшін алғыс.

Пән мұғалімдері мен өнер жетекшілеріне

  • Ағылшын тілі: Жансая Тойлыбайқызы.
  • Орыс тілі: Гүлсая Ерғарақызы.
  • Ән мен би: Жазира Жылқыбаққызы.
  • Музыка жетекшісі: Гүлсана Қыдырбайқызы.

Сахналық нөмір (edited)

On stage: winner of the First International Competition Best StarsBisenbaev Akilbek with the song “Тәуелсіздік — ұраным”.

Білім кілтін табыстау

Құрметті қонақтар! Бітіруші бүлдіршіндеріміз өздерінің жолын басатын, өздерінен кейінгі бүлдіршіндерге білім кілтін тапсыру салтанатын өткізді.

Айгөлектен — Күншуаққа

«Айгөлек» тобының атынан Шамшудинов Батырхан білім кілтін «Күншуақ» тобының бүлдіршіні Наганова Мерейлімге аманат етті.

Ақ тілек

Мерейлімнің тілегі: «Жақсы оқып, мектепте тәртіпті болып жүріңдер. Жаман қылық көрсетпей, білімге ден қойыңдар».

Ойын: «Иә, иә» / «Жоқ, жоқ»

Балаларға сұрақтар

  1. Мектепке барамыз ба?
  2. Кілең бестік аламыз ба?
  3. Айтқан тілді тыңдаймыз ба?
  4. Ақылды, тәртіпті бала боламыз ба?
  5. Нан жеймін деп жылаймыз ба?
  6. Нанды сөмкеге саламыз ба?
  7. Таңертең тұрамыз ба?
  8. Мектепке бармаймыз деп жылаймыз ба?
  9. Сабақта отырып ұйықтаймыз ба?
  10. Ойыншықтармен ойнаймыз ба?
  11. Екі алғанда жылаймыз ба?
  12. Оқушы боламыз ба?
  13. Тісімізді тазалап, беті-қолымызды жуамыз ба?

Ата-аналарға сұрақтар

  1. Балаңызға әрқашан тірек боласыз ба?
  2. Сабақ оқып, есеп шығаруға көмектесесіз бе?
  3. Тамағын уақытылы бересіз бе?
  4. Төзімділік таныта аласыз ба?
  5. Сериал көріп жатып қалмайсыз ба?
  6. Ұрып-соғып үйретуге бармайсыз ба?
  7. «Оқыту — мұғалімнің ғана жұмысы» деп кері тартпайсыз ба?
  8. «Сен оқыт, мен шаршадым» деп ұрыспайсыз ба?
  9. «Мен WhatsApp-та отырмын, сабағыңды өзің оқы» демейсіз бе?
  10. Түске дейін ұйықтап, кешігіп қалуға себепкер болмайсыз ба?
  11. Бала үшін қиындықтарды бірге еңсересіз бе?

Сайқымазақтардың тілегі: «Балалар, жолдарың ашық болсын! Мектепте үздік оқыңдар! Сәттілік тілейміз. Сәт сапар!»

Қорытынды сөз

Бүлдіршіндеріміз бізге сыңғырлаған күлкісін сыйлады, жүздеріне нұр тұнды. Енді олар білім көгінде қанат қағып, алға қадам баспақ. Жақсы оқып, алтын ұя мектепте бақыт жолын табуларына тілектеспіз.

Қазақша

Осымен «Айгөлек» мектепалды даярлық тобының балабақшамен қоштасу мерекесі аяқталды. Бүлдіршіндерімізге сәт сапар!

По-русски

На этом наш концерт подошёл к концу. Спасибо всем за внимание. Прощайте, дети — желаем вам всего самого доброго! До скорых встреч.

In English (edited)

Our concert has come to an end. Thank you all for your attention. See you at the next meeting!