Үздік информатика тобы сайысыМақсаты:Оқушылардың информатика пәнінен алған білімдерін жинақтау
Үздік информатика тобы сайысы
Мектебімізде өтіп жатқан информатика, физика, математика пәндерінің апталығына қош келдіңіздер! Бүгін 5–10 сынып оқушылары «Үздік информатика тобы» сайысында білімдерін сынайды.
Мақсаты
- Оқушылардың информатика пәнінен алған білімдерін жүйелеу және жинақтау.
- Ойлау қабілетін, компьютерлік сауаттылық пен іскерлікті, танымдық және логикалық дағдыларды дамыту.
- Пәнге қызығушылықты арттырып, белсенділікке ынталандыру.
- Шапшаңдыққа, өз ойын анық жеткізуге, жауапкершілікке, ұйымшылдыққа және ізденімпаздыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі
Слайд-шоу, интерактивті тақта, ноутбуктар.
Қатысушылар және ұйымдастыру
Командалар
Әр сыныптан төрт оқушы қатысады.
- «Логика» тобы
- «Алгоритм» тобы
Әділқазылар алқасы
Сайыс басталмас бұрын әділқазылар алқасымен танысамыз:
- .................................................................
- .................................................................
- .................................................................
Сайыс құрылымы
Сайыс 6 кезеңнен тұрады:
1-кезең
Сергіту
2-кезең
Қай сөз артық?
3-кезең
Қатесін тап
4-кезең
Сен білесің бе?
5-кезең
Жұмбақтас
6-кезең
Венгр сөзжұмбағы
1-кезең: Сергіту
Әр командаға 8 сұрақтан қойылады. Жауап «иә» немесе «жоқ» түрінде беріледі. Әр дұрыс жауапқа 10 ұпай беріледі.
I топқа қойылатын сұрақтар
- Баспаға шығару құрылғысы пернетақта деп аталады. жоқ
- Адам ақпаратты сақтай алмайды. жоқ
- Екілік жүйе 2 символдан ғана тұрады. иә
- Ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі — килобайт. жоқ
- Процессор — компьютердің миы. иә
- Тышқан ақпаратты сақтауға арналған құрылғы. жоқ
- Ең алғашқы ЭЕМ 1846 жылы пайда болды. иә
- «1 бит = 8 байт» деген пайымдау жалған ба? жоқ
II топқа қойылатын сұрақтар
- 1 килобайт 1024 байтқа тең. иә
- Дисплей — компьютер экранына ақпаратты шығару құрылғысы. иә
- Сканер — ақпаратты шығару құрылғысы. жоқ
- Сегіздік санау жүйесінде 8 саны жоқ. иә
- Пернетақта — компьютерге ақпарат енгізу құрылғысы. иә
- ЭЕМ дамуының III буынында электрондық шамдар пайдаланылды. жоқ
- Информатика — ақпараттық процестерді зерттейтін ғылым. иә
- 2 Мбайтта 1048 байт бар. жоқ
Автор туралы
СҚО, Шал ақын ауданы, Кеңес орта мектебі
Информатика пәні мұғалімі: Мұхамедин Сырым Қойшыбайұлы