Ұстаздарға жүгінем

Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Қараой селосы Қараой мектеп–бала бақшасы

«Қарттары көп ел – қазыналы ел»

Мен, Қараой мектеп–бала бақшасының аға тәлімгері Мамбетова Дамира Жалғасбайқызы, қарттарымызды құрметтеуге арналған мерекелік кештің мәтінін ұсынамын.

Мақсаты

  • Оқушыларды адамгершілікке, қайырымдылыққа тәрбиелеу.
  • Үлкенді сыйлау, кішіге қамқор болу қасиеттерін қалыптастыру.
  • Мейірімділікке, қарияларды құрметтеуге баулу.

Негізгі ой

Қариясы көп елдің рухани қазынасы мол. Ақсақал мен ақ жаулықты ананы қадірлеу — ұлттың ұстыны, ұрпақ тәрбиесінің темірқазығы.

1 қазанХалықаралық қарттар күні. Бұл күн 1990 жылғы 14 желтоқсанда БҰҰ Бас Ассамблеясының шешімімен бекітілді.

Жүргізушінің кіріспе сөзі

Армысыздар, құрметті ұстаздар және қадірлі қонақтар! Халқымыз қашанда дария көңіл, кең кеуделі қарттарымен мақтана білген. Ақсақал мен ақ шашты ананы қадірлегені соншалық — ақ киізге орап, көтерген деседі. Бүгінде аталарымыз бен аналарымыз да сондай құрметтен кенде емес: орны — төр, қатары — алдыңғы сапта.

Еліміздің қарттары үшін жыл сайын қазан айының алғашқы күндерінің орны бөлек. Бұл мереке алғаш Еуропада, кейін Америкада кеңінен атап өтіліп, жылдар өте бүкіл әлемге тарады. Қариялар бұл күнді асыға күтеді: бұрын еңбек еткен ұжымдары шақырып, кездесіп, ақыл-кеңесін айтып, бір серпіліп қалады.

Осы айтулы мерекемен құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, жүздеріңізге әрдайым күлкі тілейміз! Бүгінгі мерекелік дастарханымызға қош келдіңіздер!

Ардагер ұстаздарға арнау

Өткізген шәкіртіңмен қыс-жаздарың,

Көп пе екен айтар бізге мұң-наздарың?

Еңбегімен бөленген нұр алғысқа —

Армысыздар, ардагер ұстаздарым!

Дүниеге келер бір рет дария кеуде, тау-мүсін,

Құрыштай күйген құдірет,

Қарттарым, аман-саумысың?

Кештің ашылуы

Ардагерлер — ардақты асыл жандар, шәкіртімен мерейі тасығандар. Білімнің сәулесі мол нұр көшінде шуақ болып, шапағат болып шашылғандар. Кешімізді әсем әнмен ашамыз.

Музыкалық нөмір: «Алтын ана» әні

Құттықтау сөзі

Бүгінгі мерекелік кештің құттықтау сөзін мектебіміздің басшысы Ертемірова Нұрзия ханымға береміз.

Оқушылар арнауы

Өздеріңіз болсаң — жанында; ел іші жомарт, еңселі. Дән исі сіңген қаныңда — даламның бір-бір бөлшегі. Оқушыларымыз сіздерге өлең жолдарын арнайды.

Айнаш

Қарттарым, жүректерің неткен дарқан,

Көтерген тұрмыс жүгін сенің арқаң.

Жолыңды жүріп өткен қарасам мен —

Оқитын келешекте бір-бір дастан.

Таң атып, күн де шыққан өздеріңнен,

Жалындап жұлдыз жанған көздеріңнен.

Тербедің көктем бағын самал болып,

Өсиет жастарға айтқан сөздеріңмен.

Айсәуле

Сүйсінер ісің көп болса —

Батаға жарып өсесің.

«Көп жаса, балам!» дегізсең —

Қарттыққа сен көшесің.

Жер бастырмай баласын,

Желкесіне мінгізген.

Өсіріп ар-намысын,

Ата-ана қадірін білгізген.

Қартаю деген әрқалай,

Қартаяр әркім әр түрлі.

Кәрілікті байқамай,

«Балам бар» деп марқайып,

Бар өмірін өткізген.

Қадірлей біл қартыңды,

Болып жүрме тексізден.

Кеше ол да дәл сендей,

Жас болғанын ұмытпа.

Дүние — кезек, достарым,

Қарттардың көңілін суытпа!

Бірінші сынып құттықтауы

Биыл ғылым мен білімнің есігін алғаш ашқан, болашақта сіздердей болуға талпынған бүлдіршіндер де құттықтауға келіп отыр. Қабыл алыңыздар!

Зарина

Жақсылықты үйреніп, боламыз біз жақсы адам. Жамандықтан жиреніп, үлгі аламыз жақсыдан.

Бекқайыр

Бәрін де жақсы көремін, үнемі көмек беремін. Үлкенді сыйлау — кішілік, үлгілі мінез — кісілік.

Нұрсәуле

Ұстаз алдын көргендер көп жақсылық табады. Оның ерен еңбегі есейтеді баланы.

Еркебұлан

Ұстаз бізді ертеңгі даналар деп ойлайды. Санадағы селтеңді бағындырмай қоймайды.

Балнұр

Үйіріп ап үнімен, жанымызда күнімен. Шаршаса да мойымас — ұстаздарға жүгінем.

Би нөмірі

«Құс биі»

Ұстазға құрмет — ұрпаққа аманат

Ұстаздық пен шәкірттік — адам баласы арасындағы ең абзал, ең мағыналы қарым-қатынастың бірі. Шәкірт бойына қуат, жанына жігер дарытып, ештеңесін аямай еңбек еткен ардагер ұстаздарымыз — бүгінгі жас буын үшін өлшеусіз үлгі. Аса құрметті ардагер ұстаздар, сіздер қандай сый-құрметке де лайықсыздар. Өнегелі өмір жолдарыңыз — бүгінгі ұрпаққа қайталанбас тағылым.

Ендеше келер ұрпаққа айтар тілектеріңізді тыңдасақ дейміз!

Арнау

Нұр жүзінен жылы шуақ төгілген,

Шәкірттерін сүйген таза көңілден.

Тағылым беріп жас ұрпаққа қашан да,

Өз соқпағын тапқан мынау өмірден.

Би тартуы

Қадірлі ардагер ұстаздар, сіздерге қазіргі әсем билеріміз арналады.

Нөмір: «КТК»

Қорытынды сөз

Ізгілікті он бойына жинаған, шәкірттерге жан жылуын сыйлаған, Отанның жаңа адамын тәрбиелеген — елдің ардақтысы мұғалім. Шәкірттің сұрағын тыңдап, жазып, жас санаға білім шуағын төгетін, хат танытып, өмірге жол сілтейтін — барша жұртқа құрметті тұлға.

Шәкірттерін еліне абыройлы, халқына сыйлы, адал да шыншыл азамат етіп тәрбиелеу үшін әрқайсысын аялап өсіріп, өмір атты шексіз ғаламға қанат қақтырған ардагер ұстаздарымызға алғысымыз шексіз.

Осымен сіздерге арналған мерекелік кешіміз аяқталды.

Көңіл қойып тыңдағандарыңызға рахмет!

Ардақты ұстаздарымызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық тілейміз.