Қаңтар аялдамасы

Сабақтың тақырыбы

«Аққу мамық ұлпа қар». Дауысты және дауыссыз дыбыстар.

Сабақтың мақсаты

Білімділік

Оқушылардың оқу-жазу дағдыларын қалыптастыру, дауысты және дауыссыз дыбыстар туралы түсініктерін кеңейту.

Дамытушылық

Есте сақтау қабілетін, сөздік қорын, логикалық ойлауын дамыту.

Тәрбиелік

Үлкендерді құрметтеуге, сыйлауға тәрбиелеу.

Сабақ туралы қысқаша

Көрнекіліктер

  • Карточкалар
  • Топқа бөлуге арналған смайликтер
  • Оқулық
  • «Қыс мезгілі» тақырыбындағы автобус/саяхат макеті

Түрі мен әдістері

Сабақтың түрі: саяхат сабағы (ай аттары бойынша аялдамалар: желтоқсан, қаңтар, ақпан), топтық жұмыс.

Әдістері: сұрақ-жауап, саяхат сабақ элементтері.

Сабақ барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

Сәлемдесу

Үлкенге де сіз,

Кішіге де сіз.

Сәлем бердік сіздерге

Құрметпенен біз.

Сабақты бастамас бұрын бір-бірімізге жылы сөз сыйлайық. Мұғалім: «Мен сендерге ашық аспан тілеймін!»

Оқушылардың көңіл күйін анықтап, әрқашан жылы сөз айтуды ұмытпауға назар аударамыз.

Бүгінгі ана тілі сабағы ерекше өтеді: біз қыс мезгіліне байланысты саяхатқа шығамыз. Әр аялдамада топ болып тапсырмалар орындаймыз. Тапсырманы орындай алмаған топ «жолдан түсіп қалады», сондықтан бәріміз белсенді жұмыс істеуге тырысамыз.

Топқа бөлу (билет орнына)

1-топ

Желтоқсан

2-топ

Қаңтар

3-топ

Ақпан

Желтоқсан аялдамасы

Сұрақ

Балалар, қыс дегенде ойымызға не келеді? Суреттейтін сөздерді жазыңдар.

аппақ боран суық аяз қырау қар мұз сырғанақ

Оқулықпен жұмыс

  • Өлеңді мәнерлеп оқу (мұғалім, оқушылар).
  • Мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру.
  • Алғашқы екі жолдан дауыссыз дыбыстарды табу.

Өлең

Аққу мамық ұлпа қар

Жамылады қырқалар.

Шымшып аяз бетіңді,

Ширатады етіңді.

Қос конькимен ылғи біз

Жалтыр мұзда сырғимыз.

Торғай тыста тоңады —

Бұл қай кезде болады?

Сұрақ

Өлеңде қай мезгіл суреттелген?

Сұрақ

Қыста немен сырғанайды?

Сұрақ

Қыс мезгілі қалай суреттелген?

Дәптермен жұмыс

Күні

Қаңтардың он бесі

Көркем жазу

Қыс. Қыс.

Жаттығу

21-жаттығу

Құстар

қарға, торғай, көгершін

Аңдар

қасқыр, қоян, түлкі

Демалыс аялдамасы

1-топ • Желтоқсан

Қыстың қызығы: коньки, шаңғы, шана, сырғанақ, ақ қала.

2-топ • Қаңтар

Қысқы киімдер: тон, тымақ, шапан, саптама, қолғап.

3-топ • Ақпан

Қыс айларындағы мерекелер: 1 желтоқсан — Президент күні, 16 желтоқсан — Тәуелсіздік күні, шырша тойы.

Сергіту сәті

Ұзын құлақ сұр қоян,

Естіп қалып сыбдырды.

Ойлы-қырлы жерлермен

Ытқып-ытқып жүгірді.

Демалдық. Енді сапарымызды жалғастырайық.

Қаңтар аялдамасы

Тапсырма

Буындардан сөздер құрастыру.

Желтоқсан

Ж

Қаңтар

Қ

Ақпан

А

Ақпан аялдамасы

Тапсырма

Қысқы еңбек туралы әңгімелеп беру (топтастыру әдісі арқылы).

Қорытынды

Бүгінгі саяхатымыздың соңғы аялдамасына да келіп жеттік. Барлығың тапсырмаларды жақсы орындадыңдар.

Сабақтан алған әсерлеріңді смайликке стикер жапсыру арқылы білдіріңдер.

Үй тапсырмасы

22-жаттығу, 16-бет.

Бағалау

Оқушылардың сабақтағы белсенділігі мен тапсырмаларды орындауына қарай бағалау.