Көк бұлт
4-сынып
Лексикалық тақырып
Жыл мезгілдері
Грамматикалық тақырып
Жай сөйлем
Көрнекі құралдар
Суреттер, слайдтар, тірек-сызбалар
Сабақтың мақсаты
Білімділік
Жаңа тақырып бойынша оқушыларға жан-жақты білім беру. Жай сөйлемнің жасалу жолдарын меңгерту.
Дамытушылық
«Жыл мезгілдері» тақырыбында сөйлесу дағдысын қалыптастыру.
Тәрбиелік
Әр жыл мезгілінің өзіндік қадір-қасиеті, пайдасы мен ерекшелігі бар екенін түсіндіру.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Сыныппен амандасу, қатысымды анықтау.
- Сабаққа назар аударту, жұмысқа бағыттау.
II. Үй тапсырмасын тексеру
- Өткен материал бойынша сұрақ-жауап.
- Қысқа ауызша бақылау.
III. Сабақтың мақсаты мен жоспарын түсіндіру
Бүгінгі сабақта «Жай сөйлем» түрлерін қайталап, «Жыл мезгілдері» тақырыбы бойынша сөздікпен жұмыс жасап, сөйлем құрастырып, мәтіндер мен тапсырмалар орындаймыз.
IV. Грамматикалық тақырып: Жай сөйлем
Мұғалім тірек-сызбаны қолдана отырып, жай сөйлемдердің түрлерін айтылу мақсаты мен дауыс ырғағына қарай түсіндіреді. Жай сөйлемдер төмендегідей үш түрге бөлінеді:
Хабарлы сөйлем
.Соңына нүкте қойылады.
Мысал:
Күн жылынды.
Сұраулы сөйлем
?Соңына сұрақ белгісі қойылады.
Мысал:
Қайдан келесіңдер?
Лепті сөйлем
!Соңына леп белгісі қойылады.
Мысал:
Қандай тамаша!
Сөздікпен жұмыс
Мұғалім сөздерді оқып таныстырады. Оқушылар сөздерді хормен қайталайды, кейін кезекпен оқиды.
күн
солнце
жел
ветер
жаңбыр
дождь
бұлт
облако, туча
қар жауады
снег пойдет
күн бұлтты
пасмурно
Топтық жұмыс
Сөздіктегі сөздерді қолданып, ауызша жай сөйлемдерге мысал құрастырыңыздар. Құрастырған сөйлемдерді дәптерге жазыңыздар.
I топ
- Күн жылынды.
- Жел болды.
II топ
- Қар жауды ма?
- Күн бұлтты ма?
III топ
- Күн қандай тамаша!
- Желден сақтан!
V. Лексикалық тақырып: Жыл мезгілдері
Мұғалім сызбаны пайдаланып, жыл мезгілдерін түсіндіреді: көктем, жаз, күз, қыс. Әр мезгілдің табиғат құбылыстары мен ерекшеліктері салыстырылады.
Көктем
Көктемде күн жылынады.
Жаз
Жазда күн ыстық болады.
Күз
Күзде ағаштар сарғаяды.
Қыс
Қыста қар жауады.
VI. Сергіту сәті
Қысқа қимыл-қозғалыс жаттығулары орындалады: денені сергіту, назарды қайта шоғырландыру.
VII. Деңгейлік тапсырмалар
Жазылым
1-тапсырма
Берілген сөздермен сөйлем құрастырыңыз:
2-тапсырма
Сөздерді мағынасына қарай топтастырыңыз:
3-тапсырма
Сурет/тірек сөздер бойынша қысқа сипаттама жазыңыз:
- 1Жасыл шөп.
- 2Ыстық күн.
- 3Көк бұлт.
- 4Ақ қар.
Оқылым
1-мәтін: «Маусымдар»
Қыс құнар береді,
Көктем дән себеді.
Жаз баптап өсірсе,
Күз жинайды, тереді.
Тапсырма: өлеңді мәнерлеп оқу және жаттау.
2-тапсырма: Сөйлем түрлерін ажырату
Сөйлемдер
- 1) Мен мектепке келдім.
- 2) Мен сабақ оқыдым.
- 3) Сен мектепке келдің бе?
- 4) Сен сабақ оқыдың ба?
- 5) Сен мектепке кел!
- 6) Сен сабақ оқы!
Жіктеу
- 1, 2 — хабарлы сөйлем.
- 3, 4 — сұраулы сөйлем.
- 5, 6 — лепті сөйлем.
3-мәтін: Бір жылдағы мезгілдер мен айлар
Бір жылда төрт мезгіл бар: көктем, жаз, күз, қыс.
Көктем айлары
наурыз, сәуір, мамыр
Жаз айлары
маусым, шілде, тамыз
Күз айлары
қыркүйек, қазан, қараша
Қыс айлары
желтоқсан, қаңтар, ақпан
VIII. Бекіту
Сұрақтар
- Жай сөйлемнің түрлерін атаңдар. Әрқайсысына мысал келтіріңдер.
- Бір жылда неше мезгіл бар?
- Жыл мезгілдерін атаңдар.
IX. Үй тапсырмасы
- Сөздікті жаттау.
- Ережені жаттау және мысалдар жазып келу.