Ертегідегі кейіпкерді тап
Оспанхан Әубәкіров: «Сүт қалай ұйықтады?»
Мектеп
Павлодар қаласы, №25 жалпы орта білім беру мектебі
Мұғалім
Бастауыш сынып мұғалімі Муликова Данагүл Советовна
Сынып
2-сынып
Сабақтың мақсаты
- Диалогтік оқыту тәсілдерін қолдана отырып, жаңа тақырыпты меңгерту және топтық жұмыс ұйымдастыру.
- Қазақтың белгілі әзіл-сықақ ақыны Оспанхан Әубәкіровтің өмірі мен шығармашылығымен таныстыру, ертегідегі астарлы ойды ашу.
- Тапсырмалар арқылы ой-өрісті, шығармашылық қабілетті және тіл байлығын дамыту.
- Салақтық, ұйқышылдық, мақтаншақтық, өсек айту, еріншектік, жалқаулық сияқты жағымсыз әдеттерден аулақ болуға тәрбиелеу; табандылық пен батылдыққа баулу.
- Үй тапсырмасын сұрау арқылы көшбасшылықты, эссе арқылы шығармашылық дарындылықты байқау.
- Қалыптастырушы және жиынтық бағалау арқылы білім деңгейін анықтау; кері байланыс арқылы оқу барысын талдау.
Күтілетін нәтиже және негізгі идея
Оқыту нәтижелері
Оқушылар жан-жақты талқылайды, өз ойын еркін жеткізеді, бірлесіп пікірлеседі және топтық жұмысты жүйелі орындайды.
Негізгі идея
Ұйқышылдық пен жалқаулықтан арылып, еңбекті сүю.
Көркем жазу минутына тірек ой
«Ұйқы — дұшпан».
Дереккөздер мен оқу ресурстары
Негізгі дереккөздер
- • Әдебиеттік оқу оқулығы (2-сынып)
- • Оқулықтың әдістемелік құралы
Көрнекіліктер
- • Тақырыпқа сай слайдтар
- • «Білім ағашы»
- • Кері байланыс парағы
Цифрлық ресурстар
- • Электронды оқулық
- • Сүт тағамдары туралы бейнеүзінді
Сабақтың құрылымы
I. Ұйымдастыру
- • «Білім ағашынан» қалам, кітап, қоңырау таңдау арқылы топқа бөліну.
- • Бағалау парақшасын тарату, топ басшысын сайлау.
II. Қайталау: «Білім — анасы»
Алдыңғы мәтін бойынша «Керім» тақырыбындағы сұрақтар арқылы білімді бекіту, әр топтың жауап беру мәдениетін және көшбасшылық қабілетін байқау.
III. Жаңа сабақ: «Сабақтың кілтін табайық»
Өмірлік жағдаят арқылы ұйқышылдықтың салдарын талқылап, жаңа тақырыпқа шығу.
Жағдаяттық мәтін (талқылауға арналған)
Ермек түні бойы ойнап, кеш жатты. Таңертең анасы қайта-қайта оятса да, ол ұйқысынан тұра алмады. Бір кезде шошып оянып, сағатқа қараса — сабақтан кешігіп қалғанын білді.
Ол апыл-ғұпыл киініп, анасы дайындап қойған сүтті ішіп үлгермей, мектепке қарай жүгіре жөнелді. Жүгіріп келе жатып, киімінің түймелерін қадады. Алқын-жұлқын сыныпқа кіргенде, мұғалімі: «Бұл не? Бүгін тағы кешіктің бе? Киіміңді жөнде. Енді бұдан былай кешікпе» — деп ескерту жасады.
Бәрінің назары өзіне ауған Ермек қатты ұялып қалды.
Талқылау сұрағы
Ермек неліктен ұялды?
Осы сұрақ арқылы балалардың өз ойын дәлелдеп айтуына және диалог құруына жағдай жасалады.
Тақырыпқа шығу
Осындай жағдайлар адамдарда ғана емес, ертегі әлемінде де кездеседі. Ендеше, «Сүт қалай ұйықтады?» ертегісі арқылы ұйқышылдық туралы ойланамыз.
Қысқа сұрақ
Ертегінің қандай түрлері бар?
Топтық тапсырмалар жүйесі
1-тапсырма: Қайталау сұрақтары
Алдыңғы мәтін бойынша сұрақтарға жауап беру арқылы түсінгенін нақтылау.
1-топ
- Керім қандай болды?
- Керімге адамдар не деп айтатын?
- Керім үнемі қалай жауап беретін?
- Жуынбаудың салдарынан Керімге не болды?
2-топ
- Керім ауырғанда жұрт оған не деді?
- Оны қайда апарды? Ол жазылды ма?
- Ауруханадан шыққан соң қайда жұмысқа тұрды?
- Зауыттағы бояулар қандай болды?
3-топ
- Қожасы Керімге не істеуді бұйырды?
- Керім кейде нанды қалай жейтін болды?
- Жеп отырған нанына не жабысты?
- Содан кейін Керімге не болды?
2-тапсырма: «Тауып оқы, бөлімге ат қой»
Мәтіннен қажетті бөлікті тауып оқып, бөлім атауын ұсыну.
1-топ
«Бір күні сүтке не болды?» бөлігін тауып оқы.
2-топ
Сүттің аянышты халін сипаттайтын тұсты тауып оқы.
3-топ
«Әже сүтті не істеді?» бөлігін тауып оқы.
3-тапсырма: Ойды ашу және дәлелдеу
Кейіпкер, нақыл сөз, астарлы ойды анықтау арқылы түсіну деңгейін тереңдету.
1-топ
Ақын ертегіде ненің әрекетін суреттейді? Қара сөзбен әңгімелеп бер.
2-топ
Ертегідегі нақыл сөзді және сүттің әрекетін білдіретін тіркестерді тап.
3-топ
Ертегідегі кейіпкерді анықта. Ақынның айтпақ ойы қандай?
Сергіту сәті және өмірмен байланыстыру
Ертегі ұйқышылдық пен жалқаулықтан арылып, еңбекті сүюге шақырады. Маңдай терді қажет ететін кәсіптің бірі — мал шаруашылығы. Малдың сүтінен түрлі өнім алынады, ал ол өнімдер еңбек арқылы келеді.
4-тапсырма: Шығармашылық жұмыс
1-топ
«Сүт» тақырыбында бес жолды өлең құрастыр.
2-топ
«Сүт береді саған күш» тақырыбында қысқа мәтін құрастыр.
3-топ
Қандай сүт тағамдарын білесің? Топтастыр.
Қосымша материал: бейнеүзінді және талқылау
Бейнеүзінді
Сүт тағамдарының дайындалу жолы туралы бейнематериал көрсетіледі. Оқушылар еңбек пен нәтижені байланыстырып, қорытынды жасайды.
Ырым-тыйымдар
Сүтке қатысты ырым-тыйымдарды еске түсіріп, мәдени-танымдық әңгіме жүргізіледі.
Бағалау және кері байланыс
Бағалау түрлері
- • Қалыптастырушы бағалау (жұмыс барысында)
- • Жиынтық бағалау (қорытынды)
- • Бағалау парағы арқылы топтық үлесті белгілеу
Кері байланыс сұрақтары
«Бүгінгі сабақ ұнады ма?»
Оқушылар кері байланыс парағын толтырып, өз сезімі мен түсіну деңгейін қысқа түрде белгілейді.
Кейінгі тапсырма
Жазылым
«Ұйқының зияны» тақырыбында шағын шығарма жазу.
Оқылым
Мәтінді мәнерлеп оқу, негізгі ойды қысқаша айтып беру.
Қорытынды ой
«Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні» — уақытты қадірлеу, ұйқышылдыққа берілмеу және еңбектің қадірін түсіну.