Есептік және реттік сан есім Сабақтың мақсаты
Сабақ: Есептік және реттік сан есім (3-сынып)
Бұл сабақ жоспары оқушылардың сан есім туралы білімін жүйелеп, есептік және реттік сан есімдерді ажыратуға, сөйлем ішінен табуға және дұрыс қолдануға бағытталған.
Білімділік мақсаты
- Есептік және реттік сан есім туралы түсінікті кеңейту.
- Сөйлемнен сан есімдерді табуға үйрету.
Дамытушылық мақсаты
- Сөз таптарын ажырату дағдысын дамыту.
- Сөйлем ішіндегі мағынаны терең түсініп, талдауға үйрету.
- Ойлау қабілеті мен тіл мәдениетін жетілдіру.
Тәрбиелік мақсаты
- Логикалық ойлауды ояту.
- Кішіпейілділікке, адамгершілікке, әдепті сөйлеуге және жинақылыққа тәрбиелеу.
Сабақ әдістері
Сұрақ-жауап, түсіндіру, топтастыру, топпен жұмыс, ойын, ребус шешу.
Пәнаралық байланыс
Математика, орыс тілі, ағылшын тілі.
Көрнекіліктер
Слайдтар, үлестірмелі қима қағаздар, электронды оқулық, плакат, маркер.
Сабақтың барысы
1) Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылардың назарын сабаққа аудару, сыныпта жұмысқа дайын атмосфера қалыптастыру.
Топқа бөлу
- I топ — Наурыз
- II топ — Сәуір
- III топ — Мамыр
2) Психологиялық дайындық
Төмендегі өлең жолдарын үш рет айтамыз: бірінші — баяу, екінші — жылдамырақ, үшінші — өте жылдам.
Біздер бүгін баламыз,
Өсіп алға барамыз.
2030 жылдары
Біз де азамат боламыз.
3) Үй жұмысын тексеру (15-жаттығу)
«Кім тапқыр?» ойыны
Көп нүктенің орнына тиісті сан есімді қойып жаз- Екі ауыз сөздің тобықтай түйіні бар.
- Жүз теңгең болғанша, жүз досың болсын.
- Білекті бірді жығады, білімді бірді жығады.
- Мың кісінің түсін білгенше, бір кісінің атын біл.
4) Өткен сабақты пысықтау
Ребус шешу
Шешуі: «Тіл — қылыштан өткір»
«Сандар жырлайды» ойыны
Сөз таптарын еске түсіреміз және сұрақтары арқылы ажыратамыз.
Сөз таптарын еске түсіру
Етістік
Заттың қимылын, іс-әрекетін білдіреді.
Сұрақтары: не істеді? қайтты? не қылды?
Сын есім
Заттың түрін, түсін, сапасын білдіреді.
Сұрақтары: қандай? қай?
Зат есім
Заттың атын білдіреді.
Сұрақтары: кім? кімдер? не? нелер?
Сан есім
Заттың санын, ретін білдіреді.
Сұрақтары: қанша? неше? нешінші?
5) Ой ашар: ертегі арқылы түсіндіру
Ерте, ерте, ертеде «Сөз табы» деген елде бір ақсақал өмір сүріпті. Оның аты — Сан есім екен. Ақсақалдың екі ұлы болыпты: бірінің аты — Есептік, екіншісінікі — Реттік. Есептік сан есім заттарды санап айтса, реттік сан есім заттарды ретімен қойып, ретімен білдіреді. Екеуі де тату-тәтті өмір сүріп, мақсатына бірге жетіпті.
Есептік сан есім
Заттың нақты санын білдіреді. Қанша? Неше? сұрақтарына жауап береді.
Мысалдар: жеті қалам, бес алма.
Реттік сан есім
Заттардың саналу ретін білдіреді. Нешінші? сұрағына жауап береді.
Реттік сан есім есептік сан есімге -ыншы/-інші, -ншы/-нші жұрнақтары жалғану арқылы жасалады.
Мысалдар: алтыншы автобус, бірінші көше.
6) Мағынаны тану
Көркем жазу минуты
Ққ, Ққ, Қанат
Оқулықпен жұмыс
17-жаттығу
Мәтінді түсініп оқы. Сан есімдерді теріп жаз және сұрақ қой.
Сан есімдерді салыстыр: олардың айырмашылығы неде?
18-жаттығу
Көп нүктенің орнына есептік сан есімді реттік сан есімге айналдырып жаз. Реттік сан есімнің құрамындағы жұрнақты белгіле. Әр қатардағы сан есімге сұрақ қойып, мағыналық айырмашылығын түсіндір.
| Есептік | Реттік |
|---|---|
| Бір қатар | _____ қатар |
| Үш орын | _____ орын |
| Тоғыз мектеп | _____ мектеп |
| Алты сынып | _____ сынып |
Тілдік байланыс
«Қандай тілдерді білесіңдер?» сұрағы арқылы үштілділік туралы әңгіме жүргізіледі: қазақ, орыс, ағылшын. Сонымен бірге Қадыр Мырза Әлідің ойы еске түсіріледі:
Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте.
Орыс тілі
- Один ряд — первый ряд
- Три место — третье место
- Девять школ — девятая школа
- Шесть классов — шестой класс
Ағылшын тілі
Осы тіркестерді ағылшын тілінде аударып, оқып көреміз (ауызша).
Сергіту сәті
Қимыл-қозғалыс жаттығулары ауызша нұсқау арқылы орындалады.
19-жаттығу
Реттік сан есімдерді сөз құрамына талда. Неліктен жұрнақ екі түрде кездесетінін түсіндір: -ншы/-нші және -ыншы/-інші.
Мысалдар: бірінші, екінші, бесінші, алтыншы, жетінші, тоғызыншы, оныншы, отызыншы.
Санауды еске түсіру (орысша)
Раз, два, три, четыре, пять, шесть, семь, восемь, девять, десять.
21-жаттығу
Жұмбақтың шешуін тап. Шешу сөзін орыс және ағылшын тіліне аудар. Сан есімді тауып, оның есептік пе, әлде реттік пе екенін анықта.
Қос сөзді қандай сан есіммен алмастырып айтуға болады? (Мысал: тіс — зуб — …)
7) Шығармашылық жұмыс
Код арқылы диктант
Мұғалім бірнеше сөз оқиды, оқушылар қолдарындағы параққа белгі қойып отырады.
Мысал сөздер: он бес, орамал, алтыншы, жүгіреді, қызыл.
I топ
Семантикалық карта толтырады.
II топ
Мақал-мәтелдермен жұмыс:
- Жүз теңгең болғанша, жүз досың болсын.
- Жеті рет өлшеп, бір рет кес.
- Мыңның жүзін білгенше, бірдің атын біл.
- Білгенің — бір тоғыз, білмегенің — тоқсан тоғыз.
- Ер бір рет өледі, ез мың рет өледі.
III топ
«Сандарды сөйлет» тапсырмасын орындайды.
8) Қорытындылау
Сабақты бекіту үшін шағын тест сұрақтары беріледі.
9) Бағалау, үй тапсырмасы, кері байланыс
Бағалау
Оқушылардың жұмысы смайликтер арқылы бағаланады.
Үй тапсырмасы
20-жаттығу. Есептік және реттік сан есімді қайталау.
Кері байланыс
Сабақ соңында қысқа кері байланыс жүргізіледі.