Информатика пәніне деген қызығушылығын арттыру
Бердібек Соқпақбаев атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Пән мұғалімі: А. Нусипалиева · Пәні: Информатика
Үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс папкасы
Үлгерімі төмен балалармен жеке жұмыс жоспары
Жүргізілетін жұмыстар
- Деңгейі төмен оқушыларды анықтау.
- Әр сабақ сайын білімін жаңғыртып, тілдесім әрекетіне баулу.
- Қосымша материалдарды пайдалану.
- Оқушыларды сыныптан тыс шараларға қатыстыру.
- Сабақта жаңа әдіс-тәсілдерді, сызбалар мен көрнекіліктерді қолдану.
Мақсаты
Информатика пәні бойынша оқушының оқу үлгерімін жақсартуға жағдай жасау және білім сапасын арттыру.
Міндеттері
- Оқушылардың қисынды ойлау қабілеттерін дамыту.
- Өз бетінше жұмыс жасауға дағдыландыру.
- Ойын элементтері арқылы пәнге қызығушылықты арттыру.
- Информатика пәніне деген қызығушылықты күшейту.
Түсінік хат
«Егер бала бұзақы болса, онда оған бала кінәлі емес. Педагогикалық әдістер кінәлі».
Үлгерімі төмен оқушыларда дамудың жеке нұсқаларының алуан түрлілігі байқалады. Бұл танымдық компоненттердің қалыптасу деңгейінің әртүрлі болуына байланысты, яғни оқу үлгерімінің төмендеуіне әкелетін себептер де сан қырлы екенін көрсетеді.
Оқушылардың білімді меңгеру үдерісі негізінен мына компоненттерден тұрады: қабылдау, түсіну, есте сақтау, қорыту және жүйелеу.
Оқу үдерісінде бұл компоненттер бір-бірімен өте тығыз байланыста болады, сондықтан оқушының ілгерілеуін қамтамасыз ету үшін олардың әрқайсысын жүйелі түрде қолдау маңызды.