ФанфараЖүргізуші

Көркемсөз сайысына кіріспе

Фанфара. Жүргізуші: «Айдын шалқар көлім бар, ну орманды жерім бар. Күннен-күнге көркейген — менің байтақ елім бар!»

Армысыздар, қадірлі қонақтар! Бала тәрбиесінің алғашқы бастамасы отбасында қалыптасады, ал оның жалғасы балабақшамен сабақтасады. Яғни бала тәрбиелене отырып, білім алады. Қазақ халқы «Отан — отбасынан басталады» дейді. Әр адам өз Отанын сүйіп, құрметтеуге тиіс.

Еліміздің маңдайына біткен біртуар азаматтары туған жерге деген сезімін өлеңмен өрнектеген. «Болмасаң да ұқсап бақ» демекші, бүгінгі бүлдіршіндер де ағалары мен апаларының жырларын жаттап, елжанды болып өсіп келе жатқанын дәлелдеуге ниетті.

Бүгін сіздердің алдарыңызда кішкентай өнерпаз ұл-қыздарымыз «Туған өлкем — мақтанышым» атты көркемсөз байқауына қатысып, өз бақтарын сынамақ.

«Ал, келіңдер, келіңдер, бір-біріңе еріңдер! Көркем сөзбен көмкеріп, сайысқа қатысып көріңдер!» — деп, қатысушы бүлдіршіндерімізді қарсы алайық.

Музыка әуенімен балалар залға кіреді.

Қатысушылар мен жетекшілер

«Достық» (ересек топ)

  • Бақберген Арайлым
  • Төлебаев Жансен

Жетекшісі: Казахова Әслима Мақсатқызы

«Қарлығаш» (ересек топ)

  • Алпамысова Сымбат
  • Оразбекова Томирис
  • Манасов Нұрым

Жетекшісі: Амекенова Саним Амекеевна

«Құлыншақ» (ересек топ)

  • Жоныс Ерсұлтан
  • Жарас Әлішер
  • Сұлтанова Зарина

Жетекшісі: Гүлбану Жылқайдарова Бақытжанқызы

«Таңшолпан» (мектепалды даярлық)

  • Еркебұлан Амир
  • Мейірханов Қожабатыр
  • Жанкелдіұлы Әлиасқар

Жетекшісі: Тұтаспаева Жанар Сейтімбекқызы

«Күншуақ» (мектепалды даярлық)

  • Кәденов Әмір
  • Жанғали Нұрбол
  • Болат Дариға

Жетекшісі: Жолдасбаева Гүлсара Мұхамбетқызы

«Гүлдәурен» (мектепалды даярлық)

  • Ізтаева Зарина
  • Кенжеғалиева Сара
  • Байдулина Дания

Жетекшісі: Бисеналина Дәмегүл Нағиқызы

«Звездочка» (мектепалды даярлық)

  • Амантай Аружан
  • Жалель Жансен

Жетекшісі: Арстанова Алия Батаевна

Ендеше, барлығымыз бірге тәуелсіз еліміздің Әнұранын шырқайық.

Әнұран орындалады. Қатысушылар орындықтарға отырады.

Қазылар алқасы

«Өздеріңе билікті әділ қазы береді. Өнерден кім жеңеді — алады сол сыйлықты!» — деп, қазылар алқасымен таныс болайық.

  1. Әдіскер — Қазкенова Айнагүл Сатуқызы
  2. Тәрбиеші — Кулмуханбетова Нұргүл Серікқызы
  3. Музыка жетекшісі — Тілепбергенова Жайнагүл Серікқызы

«Жас ұланмын елімнің, болам ұл-қыз зор әлі. Қазақстан жалауын көтеремін жоғары!»

Би: «Көк тудың желбірегені»

Сайыс барысы: көркемсөз және өнер

«Достық» тобы

Бақберген Арайлым

«Біздің Қазақстан» — Мұзафар Әлімбаев

Жетекшісі: Казахова Әслима Мақсатқызы

Төлебаев Жансен

«Туған өлкем» — Өтебай Тұрманжанов

Жетекшісі: Казахова Әслима Мақсатқызы

«Қарлығаш» тобы

«Мәпелейді ұланын асыл ана думанды ел. Тілегіңнен шығамын, қуантамын туған жер!»

Алпамысова Сымбат

«Туған ел» — Е. Өтетілеуұлы

Жетекшісі: Амекенова Саним Амекеевна

Оразбекова Томирис

«Туған өлке» — Өтебай Тұрманжанов

Жетекшісі: Амекенова Саним Амекеевна

Манасов Нұрым

«Отан» — Е. Өтетілеуұлы

Жетекшісі: Амекенова Саним Амекеевна

Ән және домбыра

«Өмірдің қызығы — ойын-күлкі. Өнер десе жан салып, жалғастырайық ән салып!»

Таңшолпан тобының тәрбиеленушісі Шерхан өнерін ұсынады.

  • Ән: «Домбыра сазы»

«Аймалаған, емдеген, ессе жұпар қырдан жел. Ақ бесігім — туған жер!»

«Құлыншақ» тобы

Жоныс Ерсұлтан

«Қазақстан — менің Отаным»

Жетекшісі: Гүлбану Жылқайдарова Бақытжанқызы

Жарас Әлішер

«Қазақстан — менің мекенім»

Жетекшісі: Гүлбану Жылқайдарова Бақытжанқызы

Сұлтанова Зарина

«Қазақ деген елім бар»

Жетекшісі: Гүлбану Жылқайдарова Бақытжанқызы

Ойындар: мақал-мәтел жалғастыру

«Жалғасын тап»

  1. Ел-елдің бәрі жақсы, өз елің бәрінен жақсы.
  2. Біреуге етсең зорлық, өзіңе келер қорлық.
  3. Дос көбейсе, дұшпан аяқ астында.
  4. Білім алар жігіттің оқу болар ермегі.
  5. Жақсы сөз — алғыс, жаман сөз — қарғыс.
  6. Жақсының өзі өлсе де, сөзі өлмейді.

Балаларға жұмбақтар

1) Адамға серік, күзетке берік

Жауабы: ит

2) Оңға да бұрылады, күндіз-түні күрсінеді…

Жауабы: пойыз

3) Басында екі таяғы бар, төрт аяғы бар…

Жауабы: ешкі

4) Іші жел, өзі жеңіл. Жүгіреді деміл-деміл

Жауабы: доп

5) Жаздай жүріп балға тояды, қыста тәтті ұйқыға батады

Жауабы: аю

6) Сұйық, бірақ су емес. Ақ, бірақ қар емес

Жауабы: сүт

7) Секіреді, жүгіреді, өзі қорқып жүреді

Жауабы: қоян

8) Таңмен көзін ашады, әлемге нұрын шашады

Жауабы: күн

9) Ұшқаны қызық жалпылдап, өзі сондай қарқылдақ

Жауабы: қарға

10) Дауысы бар, жаны жоқ. Шертсең — күйі, әні көп

Жауабы: домбыра

Келесі кезек: мектепалды даярлық топтары

«Таңшолпан» тобы

Еркебұлан Амир

«Туған жерім тамаша» — Мұзафар Әлімбаев

Жетекшісі: Тұтаспаева Жанар Сейтімбекқызы

Мейірханов Қожабатыр

«Туған жер» — Мұзафар Әлімбаев

Жетекшісі: Тұтаспаева Жанар Сейтімбекқызы

Жанкелдіұлы Әлиасқар

«Туған жер» — Өтебай Тұрманжанов

Жетекшісі: Тұтаспаева Жанар Сейтімбекқызы

Би нөмірі

«Теңіздей тербетіліп көл бетінде, бишілер билеп кетті тербетіле. Аққулар қалықтаған теңіздегі — бишілер өнерлерін көрсетуде».

Балабақшамыздың бишілерін «Азия» биімен ортаға шақырамыз.

«Күншуақ» тобы

«Көкке қолын созады, көк байрағым желбіреп. Бәрінен де озады — менің елім кең жүрек!»

Кәденов Әмір

«Қазақстан» — Қымбат Әбділдәқызы

Жетекшісі: Жолдасбаева Гүлсара Мұхамбетқызы

Жанғали Нұрбол

«Туған жер» — Гүлжан Мусаева

Жетекшісі: Жолдасбаева Гүлсара Мұхамбетқызы

Болат Дариға

«Менің елім» — Жақсыгүл Қалжанова

Жетекшісі: Жолдасбаева Гүлсара Мұхамбетқызы

«Гүлдәурен» тобы

«Еркелеткен төрінде, елімізді сүйеміз. Ата-баба қалдырған байлығына иеміз».

Ізтаева Зарина

«Туған жерім тамаша» — Мұзафар Әлімбаев

Жетекшісі: Бисеналина Дәмегүл Нағиқызы

Кенжеғалиева Сара

«Туған өлке» — Өтебай Тұрманжанов

Жетекшісі: Бисеналина Дәмегүл Нағиқызы

Байдулина Дания

«Туған жер» — Рамазан Тышқанбаев

Жетекшісі: Бисеналина Дәмегүл Нағиқызы

«Звездочка» тобы

Амантай Аружан

«Поезжай за моря — океаны» — М. Исаковский

Жетекшісі: Арстанова Алия Батаевна

Жалель Жансен

«Где всего прекрасней на земле» — Павлыченко

Жетекшісі: Арстанова Алия Батаевна

Ән: «Ортеке»

«Құлақтан кіріп бойды алар әсем ән мен тәтті күй. Көңілге түрлі ой салар: әнді сүйсең, менше сүй!»

«Ортеке» әнін орындайтын — Таңшолпан тобының тәрбиеленушісі Еркебұлан Амир.

Қорытынды және марапаттау

«Мәнерлеп оқу сайысы — қандырар көрермен айызын. Топты қорғап ішінен, шығасың жарып қайсысың?»

Әділқазыларға сөз кезегі беріледі.

Марапаттау рәсімі

Осымен «Туған өлкем — мақтанышым» атты сайысымыз өз мәресіне жетті.

«Бейбіт таңдар арайланып атады, туған жерді аймалайды шапағы. Байтақ елім — Қазақстан, ең бақытты балалардың Отаны!»

Тілек

Қымбатты балалар, қадірлі қонақтар! Тұғыры биік елімізде өнерлі, білімді, өрісі кең саналы ұрпақ көп болса, бәсекеге қабілетті елдердің қатарына ену — баршамыздың ортақ мұратымыз.

Ендеше, әрбір баланың жұлдызы жарқырай берсін! Талапты бүлдіршіндеріміздің болашағы жарқын, атар таңы арайлы болсын!

Сәт сапар тілейміз!