Жалаң және жайылма сөйлем. Сабақтың тақырыбы

Сабақтың тақырыбы

Жалаң және жайылма сөйлем.

Сабақтың мақсаттары

Білімділік

Оқушылардың жалаң және жайылма сөйлемдер туралы білімін еске түсіріп, қайталау. Жалаң сөйлемді жайылма сөйлемге айналдыра білуге үйрету, сөйлемдегі сөздерді сөйлем мүшелеріне дұрыс талдай білуге дағдыландыру.

Дамытушылық

Жай сөйлем туралы түсініктерін одан әрі дамыту, оқушылардың ой-өрісін кеңейту және тіл байлығын арттыру.

Тәрбиелік

Оқушыларды ұқыптылыққа, сауатты әрі таза жазуға, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақ форматы

Сабақтың типі

Қайталау сабағы.

Сабақтың әдістері

  • Түсіндіру
  • Сұрақ-жауап
  • Семантикалық карта
  • Венн диаграммасы арқылы ойын
  • Сәйкестендіру

Көрнекіліктер

Себет Жеміс суреттері Сызба Кесте

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушыларды түгендеу, сабаққа назар аударту.
  • Психологиялық дайындық.

Мейірімді жүрекпен,
Ақ пейілді тілекпен,
Амандасып алайық,
Бір жадырап қалайық.

II. Мақсат қою кезеңі

Жалаң және жайылма сөйлемдер туралы түсініктерді еске түсіріп, қайталау.

III. Үй тапсырмасын сұрау

Үйге берілген жаттығуды тексеру.