Өлеңге сатылай кешенді талдау жасау
Сабақтың тақырыбы
Абайдың «Әбдірахман өлгенде» циклі (оқулықтағы 3 өлең).
Білімділік
Әбдірахманның өміріне шолу жасап, өлеңдерді талдау арқылы оның бейнесін ашу.
Дамытушылық
Ақын шығармалары туралы білім мен дағдыларды дамыту, таным-түсінікті кеңейту.
Тәрбиелік
Әбдірахман бойындағы адами қасиеттерден үлгі алып, өнеге тұтуға шақыру.
Қолданылатын ресурстар
Көрнекіліктер
Әбдірахман портреті, слайдтар.
Пайдаланылған әдебиет
«Абай энциклопедиясы», Атамұра, 1995.
Сабақтың түрі
Жаңа білім беру сабағы.
Сабақтың әдістері
Ой шақыру, топтастыру, сатылай кешенді талдау, сұрақ-жауап, әңгімелеу.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу.
II. Үй тапсырмасын тексеру
1) «Поэзия минуты»
Абайдың «Адамның кейбір кездері» өлеңін мәнерлеп, жатқа айту.
2) Сатылай кешенді талдау
Үй тапсырмасын қорытындылап, жаңа тақырыпқа логикалық көпір жасау.
Түйін
Ұлы Абай «Адамның кейбір кездері» өлеңінде өмірдің көлеңкелі жақтарын аямай әшкерелейді. Халықтың мұңы мен зары — ақынның басты қасіреті екені өлеңнен айқын аңғарылады. Абайдың жан дүниесі, жүрек лүпілі мен жан сыры да — халқының жай-күйімен сабақтас. Поэзияның осындай сәттерде тууы және шебер туындыға айналуының сыры да осында.
III. Жаңа сабаққа кіріспе
Ұсыныс (жылыту тапсырмасы)
Оқушылар өз қолымен жасаған бұйымдарын таныстырып, жасалу тәсілі туралы ой бөліседі.
Бүгін біз халқының мұңын мұңдаған ақынның өз баласына деген әкелік тәрбиесі мен махаббатының тереңдігін Абайдың Әбдірахманға арнаған өлеңдері арқылы танып-білеміз.
«Құйрықты жұлдыз секілді,
Туды да көп тұрмады.
Көрген, білген өкінді,
Мін тағар жан болмады.»
Жаңа сабақтың жоспары
- 1 Ұрпақ — өмір жалғасы.
- 2 Не ексең, соны орасың.
- 3 Бала — ата-ананың бауыр еті.
- 4 Абай сөзімен, Әбдірахман ізімен.
1) Ұрпақ — өмір жалғасы
Отбасы жайлы қысқаша сызба
Абай
әке
Ділдә
жұбайы
Әйгерім
жұбайы
Еркежан
жақын жан
Ақылбай
ұлы
Тұрағұл
ұлы
Әбдірахман
ұлы
Мағауия
ұлы
Мағрипа (Мағыш)
қызы
Күлбадан
қызы
Рахила
қызы
2) Не ексең, соны орасың
Әбдірахман Абайұлы: өмірдерек
- 1868 — дүниеге келді.
- 1882 — Семей қаласындағы үздік мектепте оқи бастады.
- 1886–1889 — Түмендегі Александров реалдық училищесінің 5–7 сыныптарын тәмамдады.
- 1889–1892 — Санкт-Петербургте Михайлов атындағы артиллерия училищесінде 3 жыл білім алды.
- 1892 — Ташкенттегі бекініс гарнизоны артиллериясына қызметке жіберілді.
- 1895, 15 қараша — дүниеден өтті.
Абайдың талап биігі
Абай балаларының біліміне айрықша мән берді, олардың көзқарасын үнемі сынап, ой ұштауға жетеледі. Мысалы, Әбдірахманға қойған сұрағы есте: «Ақ зат асыл ма, қара зат асыл ма?» Бұл — сыртқыға емес, мәнге үңілдіретін сын.
Мінездеме дерегі (1892)
Әбдірахманның мінез-құлқы өте жақсы, ашық-жарқын, әскери қызметіне жауапты қарайтыны, таңдаулы офицер болуға лайық екені айтылады. Сонымен қатар денсаулығының нашарлай бастағаны да көрсетіледі (Әрхам Кәкітайұлының естелігі бойынша).
Сұрақ (ой қозғау)
Демек, Әбіш қандай адам болған? Ойлы, ақылды — әрі парасатты, жауапкершілігі жоғары тұлға.
3) Бала — ата-ананың бауыр еті
Абай Әбдірахманға арнап 17 өлең жазған. Соның 13-і ақынның екі томдық шығармалар жинағының I томына енген. Оқулықта сол өлеңдердің үшеуі берілген.
А) Мәнерлеп оқу
Өлеңді көркем оқып, эмоциялық реңкті сезіну.
Ә) Сөздік жұмысы
Мағынасы көмескі сөздер мен тіркестерді нақтылау.
Б) Сатылай талдау
Құрылым, идея, көркемдік тәсілдер.
Өлеңге сатылай кешенді талдау үлгісі
- Авторы
- Абай Құнанбаев
- Шығарманың атауы
- «Әбдірахман өлгенде» («Талаптың мініп тұлпарын…»)
- Тегі
- Лирика
- Жанры
- Өлең (арнау)
- Тақырыбы
- Әкенің қайғысы, балаға деген ыстық махаббат, адал ниет
- Идеясы
- Әбдірахман бойындағы ізгі адамгершілікті дәріптеу
- Құрылысы
- 5 шумақ, 20 тармақ; 2 бунақты; 7–8 буынды; шалыс ұйқас (абаб).
- Көркемдігі
- Ауыспалы мағынадағы сөздер: тұлпар, тас қияға, жол көрсету.
- Тәрбиелік мәні
- Әбіш бойындағы адами қасиеттерді үлгі етіп, өз бойымызға сіңіру.
Әбдірахманға мінездеме
Бекіту: Абай көзімен, Әбдірахман ізімен
1) Абай сөзінде «көлеңкеге» айналған кім?
Жаман дос — көлеңке.
2) Патша мен қараның, жас пен кәрінің айырмашылығы неде?
Бақ пен ақылдың, тәжірибе мен парасаттың өлшемінде.
3) Адамды аздыратын нәрселер қандай?
Тоқтық, еріншектік, бос мақтан сияқты мінездер.
4) Кісіні қалай таңдау керек?
Сөзіне қарап кісіні ал.
5) «Толық адам» болудың сыры неде?
Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұстау.
6) Ғылым ақылды қалай сынайды?
Ақылдың жақсы іске басшы болуын талап етеді.
7) Еңбегі еш кеткен қандай қазақ?
«Біріңді қазақ бірің дос…» — бірлікке ұйыспаған елдің еңбегі зая.
Үй тапсырмасы
I топ
Оқулықтағы 3 өлеңнің қалағанын жаттау.
II топ
«Жаңа жолдың басшысы — ол…» өлеңін жаттау.
III топ
«Абай өлеңдері туралы ойларым» тақырыбында шағын шығарма жазу.
Бағалау
Оқушылардың мәнерлеп оқуы, талдауы, жауаптарының дәлдігі және топтық жұмысқа қатысуы негізінде бағаланады.