Қазақ халқының ежелгі қалаларын ата
Мектепішілік іс-шара: «Тапқырлар мен білгірлер» сайысы
Тақырыбы: «Менің Отаным — Қазақстан»
Мақсаты: оқушыларды елге, туған жерге, Отанға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Сайыстың өту тәртібі
I. Әнұран
Сайысқа қатысушылармен бірге Қазақстан Республикасының Әнұраны тыңдалады.
II. Жүргізуші нұсқаулығы
Жүргізуші ойынның басталғанын жариялап, сұрақтарды мұқият тыңдап, қысқа әрі нақты жауап беруді талап етеді.
Деңгейлер
- 1 Менің Отаным — Қазақстан
- 2 Ұлттық өнер мен әдебиет
- 3 Елтану
- 4 Өнер алды — қызыл тіл (мақал-мәтел)
- 5 Полиглот ойыны
1-деңгей: Менің Отаным — Қазақстан
Әр сұраққа қысқа да нұсқа жауап беріледі.
-
1) Қазақстан Республикасы қашан тәуелсіздік алды?
1991 жыл, 16 желтоқсан.
-
2) Алматы қаласының іргетасы қашан қаланды? Ол қалай аталды?
1854 жыл. Алғашқы атауы — Верный.
-
3) Қазақстанда қанша халық тұрады?
Шамамен 15 миллион.
-
4) «Алтын адам» қашан және қай жерден табылды?
1970 жыл, Есік қорғаны.
-
5) Қазақ тілі қай тілдер тобына жатады?
Түркі тілдерінің қыпшақ тобы.
-
6) Қазақстандағы мемлекеттік тіл қай тіл? Қазақ тілі қашан мемлекеттік мәртебе алды?
Мемлекеттік тіл — қазақ тілі. 1989 жылы мемлекеттік мәртебе алды.
-
7) Әбу Насыр әл-Фараби қай жылы туды? «Фараб» сөзі нені білдіреді?
Жауап: «фар» — мол, «аб» — су.
-
8) Қазақ халқының ежелгі қалаларын ата.
Тараз, Құмкент, Исифиджап, Отырар, Сығанақ, Созақ.
-
9) Қазақстан қай елдермен шекаралас?
Ресей, Қытай, Моңғолия, Қырғызстан, Өзбекстан.
-
10) Қазақ батырларын ата.
Қабанбай, Бөгенбай, Райымбек, Қарасай, Наурызбай.
2-деңгей: Ұлттық өнер мен әдебиет
-
1) Семейде қандай өнер ордалары бар?
Абай атындағы драма театры.
-
2) Қазақ халқының ең алғашқы суретшісі кім?
Әбілхан Қастеев.
-
3) «Қазақ бұлбұлы» атанған әнші кім?
Күләш Байсейітова.
-
4) Күй атасы кім? Оның күйлерін ата.
Құрманғазы: «Балбырауын», «Адай», «Сарыарқа», «Қайран шешем».
-
5) Қазақтың ұлттық аспаптарын ата.
Қобыз, жетіген, домбыра, сазсырнай, асатаяқ, сыбызғы.
-
6) Ұлттық киімдерді ата.
Тақия, бешпент, камзол, сәукеле, тон, ішік, кимешек.
-
7) Қазақ әліпбиін жасаған ғалым кім?
А. Байтұрсынұлы.
3-деңгей: Елтану
-
1) Киіз үйдің бөлшектерін ата, олар неден жасалады?
Шаңырақ, уық, кереге, есік, туырлық.
-
2) Қазақ халқының салт-дәстүрлерін ата.
Шілдехана, бесік той, тұсау кесу, құда түсу, келін түсіру, қыз ұзату.
-
3) Беташар қашан айтылады?
Келін түскенде.
-
4) Үйдің төріне кім отырады?
Құдалар, ақсақалдар, қадірлі қонақтар.
-
5) Ұлттық ойындарды ата.
Қыз қуу, көкпар, бәйге, ақсүйек, асық, арқан тарту.
-
6) Ұлттық тағамдарды ата.
Қымыз, шұбат, қазы-қарта, жал-жая.
-
7) Бата деген не? Оны кім береді?
Бата — тілек. Оны ақсақалдар мен үлкен кісілер береді.
-
8) Қазақтың тұңғыш ғарышкері кім?
Тоқтар Әубәкіров.
-
9) Абайдың неше қара сөзі бар?
45.
-
10) Қазақ хандарын және билерін ата.
Абылай хан, Әбілхайыр хан, Тәуке хан, Кенесары хан.
4-деңгей: Өнер алды — қызыл тіл
Тапсырма
Мақал-мәтелдердің жалғасын табыңдар.
Оқу, білім туралы
- 1) Оқу — инемен (құдық қазғандай).
- 2) Күш — (білімде).
- 3) (Білімді) мыңды жығар, (білекті) бірді жығар.
- 4) Ұлық болсаң, (кішіктік қыл).
Отан туралы
- 1) Отансыз адам — (ормансыз бұлбұл).
- 2) Отан үшін (отқа түс) — күймейсің.
- 3) Туған жер — (алтын бесік).
- 4) Өзге елде сұлтан болғанша, (өз еліңде ұлтан бол).
Сөз, тіл туралы
- 1) Тіл — қылыштан (өткір).
- 2) Жақсы сөз — (жарым ырыс).
- 3) (Сөз сүйектен) өтеді.
- 4) Сөз тапқанға (қолқа жоқ).
5-деңгей: Полиглот ойыны
Жүргізуші сөздерді орыс тілінде айтады. Ойыншылар алдымен қазақ тіліндегі, кейін ағылшын тіліндегі аудармасын тақтаға жазады. Әр командаға 5 сөзден беріледі. Аудармалар қатесіз әрі анық айтылуы керек.
Ескерту: ағылшын тіліндегі нұсқасын оқушылар өздері жазады.
Қорытынды
Сайыс соңында белсенді қатысқан оқушылар қорытындыланып, марапатталады.