Таңдалған үзіндідегі кейіпкердің мінез - құлқын мәнерлеп оқу арқылы көрсету
Атырау қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебі
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: Текеева Жанша Тажибаевна
Сабақтың тақырыбы
Тақырыптық бағыт
Поэзиядағы махаббат пен абырой
Шығарма
Шәкәрім — «Қалқаман – Мамыр» поэмасы
Оқу мақсаттары
ТЖ1
Әдеби кейіпкердің мінезін анықтап, диалог және монолог түрінде идеялармен бөліседі; оқиға желісі мен кейіпкер әрекетіне баға береді.
АИ2
Кең көлемді шығармалардағы автор көзқарасын және оқиға желісіне байланысты кейіпкер көңіл күйінің дамуын талдайды.
Сабақтың мақсаттары
Барлық оқушылар
- Шығарманың мазмұнын түсінеді.
- Әдеби кейіпкерлердің мінезін анықтай алады.
- Кейіпкерлердің іс-әрекетіне баға бере алады.
Кейбір оқушылар
- Оқиға желісіндегі кейіпкерлердің көңіл күйінің дамуын талдай алады.
Жетістік критерийлері
- Сұрақ-жауап арқылы кейіпкерлердің мінез-құлқына баға береді.
- Мәнерлеп оқып, таңдалған үзіндінің мағынасын өзара байланыстырады.
- Оқу мақсатына жеткен оқушылар автор көзқарасына талдау жасайды.
- Автордың өмірбаянымен байланыстырып, тиісті үзінділер келтіріп, жауабын дәлелдейді.
Тілдік мақсаттар
Осыған дейін меңгерілген білім
Бұл бөлім 7-сыныптың мазмұны, дағдылары мен біліміне сәйкес келетін қызықты мәтіндермен жұмыс істеу арқылы сыни ойлау мен болжау дағдыларын одан әрі дамытуға бағытталған.
Сабақ барысы (жоспар)
1) Ұйымдастыру және қызығушылықты ояту
-
Музыкалық кіріспе
Тамара Асардың «Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек» әнін тыңдату.
-
Ой қозғау сұрақтары
- Бұл ән сіздерге таныс па?
- Ән мазмұнынан нені түсіндіңіздер?
- Орындаушысы кім?
- Ән авторын білесіздер ме?
Оқушылардың жауаптары тыңдалады.
-
«Сөздер сөйлейді»
Тақтадағы (1-слайд) мәліметтер бойынша оқушылар қажетті деректерді дәптерге жазып, болжау арқылы жаңа тақырыпты ашады.
2) Тақырып, мақсат және күтілетін нәтиже
Сабақтың тақырыбы мен мақсаты
(2-слайд) арқылы айқындалады.
Күтілетін нәтиже
- Поэманы қызыға оқып, мазмұнын толық меңгереді.
- Кейіпкерлердің іс-әрекетіне талдау жасайды.
Топқа бөлу
Сынып 4 топқа бөлінеді: «Жастар», «Махаббат», «Абырой», «Намыс».
3) Мағынаны тану және талдау
ТЖ: мәтінмен жұмыс
Оқушыларға поэманың мазмұн бөліктері ұсынылады. Әр топ бөлімін таңдап, неге таңдағанын түсіндіреді.
Сыни ойлау сұрақтары
Топтар сұрақтарға жауап беріп, ойларын тарих пәнімен байланыстыра отырып қорғайды:
- Романтикалық па, әлде шынайы ма?
- Рухтандыра ма, әлде құлазыта ма?
- Ашық па, әлде жұмбақ па?
- Тыныш күй ме, әлде мазасыз әсер бере ме?
Өзара бағалау: «Бас бармақ» әдісі.
ТЖ 1: тапсырмалар
- Оқыған бөлім бойынша оқиғалар тізбегін құру.
- Таңдалған үзінді арқылы кейіпкер мінез-құлқын мәнерлеп оқумен көрсету.
- Кейіпкерлердің іс-әрекетіне монолог түрінде баға беру.
Бағалау жүргізіледі.
Сергіту сәті: «Мен кіммін?»
Ойынға шыққан оқушы маңдайына жапсырылған қағаздағы кейіпкерді көрмейді. Қалғандары сипаттау арқылы жұмбақ кейіпкердің кім екенін табуға көмектеседі.
СЖ: «Ойлан. Тап. Ізден.»
- Поэма желісінен автор көзқарасын анықтау және талдау.
- Өз пікірін дәлелді түрде білдіру.
Бағалау
«Өзіңді-өзің бағала» әдісі арқылы оқушылар өзін-өзі бағалайды.
Рефлексия
Бүгінгі сабақтан алған 3 маңызды ақпаратты белгілеп жазыңыз.