Балалар қараторғайды қараңдар
Мақсаты
Балаларды күз мерекесіне тән белгілерді байқауға, табиғатты қорғауға, жемістер мен көкөністерді ажырата білуге және күздің сұлулығын тамашалауға тәрбиелеу. Берекелі күз туралы мағлұмат беріп, тақпақтар, әндер мен билер арқылы мерекелік көңіл күй сыйлау.
Көрнекіліктер мен безендіру
- Саз залы мерекеге сай безендірілген, бақ іші көрінісі жасалған.
- Кейіпкерлер: Алтын күз ханшасы, көкөністер, ағаш, құстар.
Ертеңгіліктің жүру барысы
Алтын күз мерекесіне сай киінген балалар қол ұстасып, әдемі әуен ырғағымен саз залына кіріп, өз орындарына жайғасады. Салтанатты әуен ойналады.
Жүргізушінің құттықтауы
Сәлематсыздар ма, құрметті қонақтар және кішкентай бүлдіршіндер! Табиғаттың әсем мезгілі — Алтын күз мерекесіне қош келдіңіздер!
Кездескен соң күзбенен,
Бұтағынан үзілген.
Ай жапырақ, сары алтын,
Айналаның бәрі алтын.
Қуантып біздерді,
Мерекелі күз келді.
Кел, жемісті Алтын күз,
Кемелденсін халқымыз.
«Алтын күз» әнімен алдарыңызда — Динара. Қарсы алыңыздар!
Алтын күз ханшасының келуі
Жүргізуші: Қане, балалар, қол соғып Алтын күзді қарсы алайық!
Ән ырғағымен Күз ханшасы келеді.
Күз ханшасы:
Сәлематсыздар ма, қонақтар!
Сәлематсыздар ма, балалар!
Бүгін қандай әдемісіңдер!
Жүргізуші:
Жиын-теріп болатын,
Қамбаға астық толатын.
Қызыл қырман ойнайтын —
Қай мезгіл деп ойлайсың?
Балалар: Күз мезгілі.
Күз ханшасы:
Дұрыс айтасыңдар, мен — күзбін. Кейде болмашыға ренжіп, қабағымды түйіп қаламын, кейде көз жасымды да төгіп жіберемін. Дегенмен жомарттығым мен ақкөңілділігім үшін мені бәрі жақсы көреді.
Жүргізуші: Иә, біз сізді байлық пен молшылықтың белгісі — Алтын күз деп білеміз. Төрлетіңіз!
Көбейді құт-береке,
Астық толы қойнымыз.
Құтты болсын мереке,
Алтын күзді тойлаймыз.
Жүргізуші: Күз ханшасы, біздің балалардың бәрі өнерлі. Ендеше, балалардың сізге арнаған тақпақтарын тыңдаңыз.
Бөлім: Тақпақтар
Күз ханшасы: Рахмет, балалар! Өнерлеріңе риза болып отырмын.
Бау-бақшаға саяхат
Жүргізуші: Қане, балалар, бәріміз бау-бақшаға саяхатқа шығайық. Барлығың көздеріңді жұмыңдар.
Саяхатты құрамыз,
Бау-бақшаға шығамыз.
Ал енді бәріміз көзімізді ашамыз. Балалар, мынау не?
Балалар: Ағаш.
Жүргізуші: Қане, ағашпен сырласып көрейік.
Жүргізуші:
Ағаш, ағаш, тыңдайықшы,
Айтшы бізге сырыңды.
Ағаш:
Күн шуақта маужырап,
Жатыр едім атырап.
Қыс ызғарын сезгендей,
Жабырқайды жапырақ.
Алтын-сары, қызыл-көк,
Алуан-алуан жапырақ.
Бұтағымнан жамырап,
Ұшты кенет жапырақ.
Жүргізуші: Ағаш, жабырқама. Біздің балалар айналаңды тазартып, жапырақтарыңды жинап береді.
Ойын
«Жапырақ жинау»
Би
«Жапырақтар биі»
Көкөністер мен құстардың диалогы
Жүргізуші: Балалар, қараторғайды қараңдар. Көкөністердің қасына қоныпты, әңгімелесіп тұрған сияқты.
Әтеш:
Әй, мешкейлерім-ай! Сендер жарбиып жерде жата бергенге мәзсіңдер. Ештеңе көрмейсіңдер, ештеңе естімейсіңдер. Ал мен болсам жарық дүниенің жартысын шарлап келдім. Бармаған жерім жоқ, талай елде болдым!
Картоп:
Сол да сөз бе? Сенен басқалар жер көрмеген бе? Менің де тұқымым жан-жақта өсіп жатыр. Адамдарға дәруменіммен пайдалы болып, түрлі тағамға қосыламын. Сөйтіп мен де жер жүзін шарлағандаймын.
Жүргізуші: Картоп, ашуланба. Балалар саған арнап тақпақ айтып береді, қабыл ал!
Бөлім: Тақпақтар
Қараторғай:
Міне қызық. Ал сен не дейсің, қызанақ?
Қызанақ:
Менің сендерден қай жерім кем? Біле білсеңдер, менің бірнеше атым бар: томат, помидор, қызанақ. Адамдар мені асқа қосып пайдаланады. Дәруменім де мол.
Жүргізуші: Қызанақ, балалар саған арнап ұрмалы аспаптармен халық әні «Еркем-ай» әнін орындайды. Қабыл ал!
Қараторғай:
Ал пияз, сен не дейсің?
Пияз:
Менің де тұқымым жан-жақта өсіп жатыр. Иә, адамдар мені ащы деп көп жақтыра бермейді, бірақ мен түрлі ауруға еммін. Пайдам мол.
Картоп:
Енді қалай, қараторғай? Сөзіңді қайтып аласың ба? Әлде басқа көкөністерді де тыңдап көресің бе?
Қараторғай үндемей ұшып кетеді.
Құстарды шығарып салу және ойындар
Жүргізуші: Ендеше, құстарды шығарып салайық.
Көк жүзінде барады құстар қайтып,
Күндер солай өтеді шалқып-шалқып.
Құстар ұшып барады жылы жаққа,
Қыс боларын сезгендей қиқуласып.
Ойын: «Көкөністерді ажырата жинау»
Ойын шарты: бау-бақшада өсіп тұрған көкөністерді пішініне және түсіне қарай ажыратып, себетке жинау.
Жүргізуші:
Жемісті мол терелік,
Күз дос екен бізбенен.
Бәрін тауып беретін,
Жомарт екен күз деген.
Би
«Көкөністер»
Қорытынды сөз
Күз ханшасы:
Рахмет, балалар!
Уақыт өтпес тірліксіз,
Бақыт келмес бірліксіз.
Талмай еңбек етіңдер,
Қыстан аман өтіңдер.
Жеміс-жидекті көп жеп, дендерің сау болсын. Келесі кездескенше аман болыңдар!
Күз ханшасы сахнадан кетеді.
Жүргізуші:
Осымен күз мерекесіне арналған ертеңгілігіміз аяқталды. Келесі кездескенше сау болыңыздар!