Сандық пернелермен жаттығу
Оңтүстік Қазақстан облысы, Отырар ауданы, Ш. Қалдаяқов мектеп-гимназиясы
Информатика пәні мұғалімі: Арыстанова Күнімкөз Бөрғазықызы
Сабақтың тақырыбы
Сандық пернелермен жаттығу
Сабақтың түрі
Практикалық, зерттеу сабағы
Сабақтың типі
Баяндау, көрсету, практикум
Сабақтың мақсаты
- Білімділік: пернетақтаның бөліктерін таныстыру, сандық пернелермен жаттығу жасауды үйрету.
- Дамытушылық: ойлау қабілетін, жылдамдық пен дәлдікті дамыту; сандық пернелер арқылы ғылыми көзқарасын қалыптастыру.
- Тәрбиелілік: сабырлылыққа, компьютерлік сауаттылыққа тәрбиелеу.
Әдістер, көрнекілік, байланыс
Сабақтың әдістері
Сұрақ-жауап, түсіндіру, тест тапсырмалары, талдау.
Көрнекіліктер
Пернетақта, Stamina бағдарламасы, смайликтер, стикерлер, плакат, «бағдаршам», слайдтар.
Пәнаралық байланыс
Қазақ тілі, математика, орыс тілі, ағылшын тілі.
Сабақтың барысы
Бұл сабақта оқушылар пернетақтаның сандық бөлігін (numeric keypad) тиімді пайдалануды үйренеді: сандарды жылдам теру, есептеу, қажет болған жағдайда меңзерді басқару мүмкіндігін меңгеру.
I. Ұйымдастыру кезеңі
-
1) Амандасу және жағымды ахуал қалыптастыру
Оқушылар көздерін жұмып, мұғаліммен бірге төмендегі аффирмацияларды қайталайды:
- 1. Мен информатика сабағында отырмын.
- 2. Мен білгенімнің барлығын есімде сақтаймын.
- 3. Менің көңіл күйім жақсы.
- 4. Мен білімді, ақылды, шығармашыл оқушымын.
- 5. Мен сабаққа дайынмын.
- 6. Мен өзіме сенемін.
- 7. Мен жетістікке жетемін.
-
2) Топқа бөлу
Пернетақта, монитор, жүйелік блок суреттері арқылы 3 топқа бөлінеді. Оқушылар топ басшысын сайлап, топ атауына қысқаша таныстырылым жасайды.
II. Үй жұмысын тексеру
«Ою-өрнек перфокартасы» арқылы тест орындалады: экранда тапсырмалар слайд түрінде көрсетіліп, оқушылар кестеде жауап беріп, дұрыс өрнекті табады. Өрнектен «С» әрпі шығады — бүгінгі сабақтың бастапқы әрпі.
Тест сұрақтары
-
1) Ақпарат деген не?
A) сақтау, түрлендіру, жөнелту және пайдалану нысаны болып табылатын қоршаған әлем туралы мәліметтер.
B) компьютер құрылғыларының көмегімен жеткізу белгісі.
C) бейнелеу тәсілдері арқылы жүзеге асатын мәліметтер.
-
2) Файлды сақтау үшін қандай бұйрықты орындаймыз?
A) Сақтау
B) Құру
C) Ашу
-
3) Ақпаратты уақытша сақтайтын жадыны көрсет.
A) Буфер
B) Жады
C) Процессор
-
4) Ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі.
A) Бит
B) Байт
C) 1
-
5) Индикатор деген не?
A) пернетақтаның өшірулі тұрғанын көрсетеді.
B) пернетақтаның қандай режимде жұмыс істеп тұрғанын көрсететін кішкентай шамдар.
C) пернетақтаның қосулы тұрғанын көрсетеді.
-
6) Ақпарат енгізу құрылғысы.
A) Жүйелік блок
B) Монитор
C) Пернетақта
-
7) Байттардың аты бар қандай да бір тізбек қалай аталады?
A) Файл
B) Бума
C) Құжат
-
8) Windows деген не?
A) Терезе
B) Есік
C) Кесте
-
9) Ақпарат тасымалдағыштар тізбегін тап.
A) Диск, флешка, дискета
B) Принтер, колонка, тышқан
C) Видеокарта, процессор, монитор
III. Жаңа сабақ: «Миға шабуыл» және зерттеу
Проблемалық сұрақтар
- Суретте не бейнеленген?
- Бұл зат неге ұқсайды?
- Бұл тұтас құрылғы ма, әлде бір бөлімі ме?
Оқушылардың жауабы: пернетақтаның сандық бөлігі. Осылайша, бүгінгі тақырып — сандық пернелермен жаттығу. Алдыңғы сабақтарда пернетақтамен танысқанбыз, бүгін қосымша сандық пернелерді қолдануға ерекше мән береміз.
Топтық зерттеу және постер қорғау
Әр топ өз бағыты бойынша қысқаша зерттеу жүргізіп, нәтижесін постер арқылы қорғайды.
1) «Пернетақта» тобы
Сандық пернелер — цифрлық ақпарат енгізуге және меңзерді басқаруға арналған қосымша пернетақта бөлігі. Ол әдетте оң жақта орналасады және 0–9 пернелерін, сондай-ақ +, −, *, /, = амалдарын қамтиды.
NumLock пернесі сандық блоктың жұмыс режимін ауыстырады (сандар енгізу немесе навигация).
2) «Монитор» тобы
Сандық пернелердің қосымша қызметі — тышқан меңзерін басқару. Пернелердегі бағыттауыштар арқылы оңға, солға, жоғары, төмен жылжуға болады. 5 пернесі әдетте таңдау/әрекетті орындау қызметімен қолданылады.
Қосу жолдары
- Басқару панелі → Арнайы мүмкіндіктер → Тышқан → «Пернетақта арқылы басқару» бөлімінде сандық пернетақтаны қосу.
- Немесе: Ctrl + Alt + NumLock пернелерін бірге басу.
3) «Жүйелік блок» тобы
Сандық пернелер күнделікті өмірде кең қолданылады: математикалық есептер (Калькулятор), бухгалтерлік есеп, экономика саласы, телефон нөмір теру, дүкендер мен сауда орындарында есеп айырысу және т.б.
IV. Тапсырмалар және белсенді жұмыс
1) Практикалық жұмыс (топтық)
«Пернетақта» тобы
Калькулятор бағдарламасын ашып, берілген өрнектердің мәнін табыңдар:
- 6,3 − 2,3 + 7,5
- 8,1 + 1,9 − 3,8
- 12,9 − 5,7 + 6,031
- 9,5 − 5,3 + 3,3
«Монитор» тобы
Ұялы телефон нөмірлерін әртүрлі форматта жазыңдар (аралық, сызықша, жақша қолдану арқылы).
«Жүйелік блок» тобы
Логикалық есеп: «Ойлаған санға 1 қостым, қосындыны 2-ге көбейттім. Нәтижені 4-ке бөлдім. Бөліндіден 3-ті азайттым. 1 шықты. Мен қандай сан ойладым?»
Шешімі: (((x + 1) * 2) / 4) − 3 = 1 → x = 7
2) «Тапқыр болсаң, тауып көр!» (сиқырлы сұрақтар)
Топтар бір-біріне өлең жолдарымен сұрақ қояды. Мақсат — пернетақта командаларын еске түсіру және жылдам жауап беру.
«Пернетақта» тобы → «Монитор» тобы
Бір бетшені аштым да,
Мәтін жаза бастадым.
Бірақ тілін шетелдің
Аудара алмай тастадым.
Тілді қалай өзгертем?
Көмектесші, достарым!
«Монитор» тобы → «Жүйелік блок» тобы
Міне, тағы қиналып-ақ тұрмын мен,
Нөмірлерді жаза алмай пернемен.
Сандар жазылмайды, қайтемін?
Көмек берші, енді нені басамын?
«Жүйелік блок» тобы → «Пернетақта» тобы
Іздеп-іздеп пернеден таба алмадым,
Ақыры есімімді жаза алмадым.
Достарым, айтыңдаршы бас әріпті
Перненің қай жерінен таба аламын?
Сергіту сәті
Бейнеролик арқылы көзге арналған жаттығулар орындалады.
3) «Полиглот»
Әр топ сөзді табады және берілген тілдерге аударады.
«Пернетақта» тобы
Сан → цифра → number
Қосу → плюс → plus
Пернетақта → клавиатура → keyboard
Сақтау → сохранить → save
«Монитор» тобы
Windows → терезе → окно
Delete → өшіру → удалить
End → соңы → конец
Home → басы → начало
«Жүйелік блок» тобы
Копировать → көшіру → copy
NumLock → сандық белгі → numeric lock
Десять → он → ten
Стрелка → жебе → pointer
4) «Жасырын пернелерді тап» және 5) «Жұмбақтар әлемі»
Слайдтан пернетақтадағы жасырын тұрған пернелерді анықтайды. Одан кейін жұмбақтар арқылы негізгі ұғымдарды бекітеді.
Жұмбақтар
-
Ұзын тұра жалқаубек,
Тұрмай ылғи жатады.
Қозғала қалса артынан,
Ешбір белгі қалмайды.
Жауабы: Бос орын (Space) -
Пернетақта ауылында,
Сандар тұратын жерінде,
Нөмірлері 0–9 үйлері,
Қосу, азайту көршілері.
Жауабы: Сандық пернелер
Жұмбақтар (жалғасы)
-
Пернетақта ауылында,
Пернелік деген атаның
Бар 12 ағайыны.
Есімдері бір қызық,
F әрпімен басталар.
Жауабы: Функционалдық пернелер -
Компьютермен енеді,
Қағазға басып береді.
Жауабы: Баспа құрылғысы (принтер)
V. Компьютермен жұмыс
Stamina бағдарламасы арқылы сандық пернелерді жылдам әрі сауатты теруге жаттығу орындалады. Негізгі мақсат — дәлдік пен жылдамдық көрсеткішін арттыру.
VI. Қорытындылау, бағалау, кері байланыс
1) Өлең жолдарымен қорытынды
«Пернетақта» тобы
Пернедегі әр әріпті басамыз,
Сөздерден біз сөйлем құрап жазамыз.
Бас әріппен бастау үшін сөйлемді,
Пернелерден CapsLock-ті басамыз.
Есептерді шығаруға,
Нөмірлерді теруге,
Көмектесер сандық перне —
Сандарды біз басамыз,
Қосып, азайтып аламыз.
«Монитор» тобы
Басқа тілге түскің келсе ауысып,
Әрқашан да көмектесер Alt пен Shift.
Жазып болып, қате көріп қалсаңыз,
Түзетесіз Delete пернесін бассаңыз.
Пернетақта құпиясы тағы бар:
Ctrl + Alt + NumLock-ті басып,
Тышқан қызметін атқарар сандық перне.
«Жүйелік блок» тобы
Шегіну үшін әр жолға Tab пернесін пайдалан!
Басына жолдың барғың келсе — Home перне.
Келесі жолға түскің келсе — Enter пернесін басып қал.
Сандар терілмесе егер де — NumLock-ті басу керек.
2) Бағалау және рефлексия
Оқушыларға сабақ барысында белсенділігі мен тапсырма орындауына қарай смайликтер беріледі. Топтық жұмыста жинаған смайликтер саны бойынша бағаланады. Смайликтері көп топ — жеңімпаз.
Кері байланыс («Бағдаршам»)
Оқушылар стикерге өз ойларын жазып, тақтадағы «бағдаршамға» жапсырады:
- Сабақ несімен ұнады?
- Сабақтың қиын сәті болды ма?
- Сабақтан қандай әсер алдың?
VII. Үй тапсырмасы
«Пернетақта» тобы
Ребус құрастырып келу.
«Монитор» тобы
Кроссворд құрастырып келу.
«Жүйелік блок» тобы
Сканворд құрастырып келу.
Сабақ аяқталды. Назарларыңызға рахмет! Сау болыңыздар!