Біздің Республикамыз - тәуелсіз мемлекет

Менің Отаным — Қазақстан Республикасы

Алматы облысы, Ақсу ауданы, Ащыбұлақ ауылы, М. Мәметова атындағы орта мектептің мектепке дейінгі шағын орталығымен коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 3-сынып оқушысы Тұрсынмамед Аружан Нұрланқызы.

Тәуелсіздік — тұғырым. Менің Отаным — Қазақстан Республикасы. Біздің Республикамыз — тәуелсіз мемлекет. Тәуелсіз мемлекеттің өз Рәміздері болады. Сан қилы қиындықты бастан өткерген халқымыз үшін осы тәуелсіздіктің Рәміздерін көздің қарашығындай қастерлеу, қорғау — әр азаматтың басты борышы.

Негізгі ой

Тәуелсіздік — елдің ең биік құндылығы.

Қастер

Мемлекеттік Рәміздерге құрмет — азаматтық жауапкершілік.

Міндет

Болашаққа сергек қарап, елге адал қызмет ету.

Желтоқсан оқиғасы: тарихтағы айшықты сәт

Тәуелсіздікке бастар жолдың ең ауыр, ең мәнді белестерінің бірі — 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы. 16 желтоқсанда таңертең, сағат 10:00-де небәрі 18 минуттың ішінде 26 жыл бойы елді басқарған Д. А. Қонаев қызметінен алынып, оның орнына халық пікірін ескермей Г. Колбин ұсынылды. Бұл сәт тарихымыздың айшықты бір парағына айналды.

1986 жылдың 17 желтоқсаны

Сол күні қазақ жастары Брежнев атындағы алаңға бейбіт, саяси шеруге шықты. Алайда олардың үнін ешкім тыңдамай, шеруді күшпен таратуға кірісті. Күрек, дубинка, су атқыш машиналар, қабаған иттер қолданылып, жастарды қудалады. Сол күндері қаза тапқан қазақтың ұл-қыздарының саны қаншама еді...

Ерлік есімі — ел есінде

Жыл сайын Тәуелсіздік күніне арналған сынып сағаттарында Ләззат, Сәбира, Ербол, Қайрат сияқты аға-апаларымыздың ерлігі мен өмір жолын еске аламыз. Олардың қайсарлығы бізге елжандылық пен патриоттық сезімнің не екенін ұғындырады.

«Қайрат, Ләззат ерлерім,
Жайқалып тұр ертеңің.
Ұмытпаймыз әрдайым,
Ерлерге серт бергенің.»
Тәуелсіздік туралы ән жолдары — жүрекке қуат, санаға серпін.

Еліміздің тарихын оқып-үйренген сайын, сол күндердің көрінісі көз алдыма тізбектеліп келе береді. Сол ерлердің арқасында біз бүгін Тәуелсіз елде өмір сүріп отырмыз. Бейбіт күннің берекесін көріп, білім алып, армандарымызға ұмтылуға мүмкіндік бар.

Бүгінгі міндет: сергек көзқарас, берік құрмет

Ендігі міндетіміз — бүгінгі заманның игілігіне масаттанып, асқақтап кетпей, болашаққа сергек қарау. Тәуелсіздігімізге қуанып қана қоймай, Мемлекеттік Рәміздерді құрметтеп, қастерлеп, елжанды азамат болып қалыптасу.

Тілек

Тәуелсіздігіміз мәңгі жасасын! Қазақстан жасасын! Осы сөздерді бар дауысыммен бүкіл әлемге жар салғым келеді.