Ағаштан телефон қойғыш бұйымын жасау
Сабақтың тақырыбы: ағаштан телефон қойғыш бұйымын жасау
Бұл сабақта оқушылар ағашты дұрыс таңдау, өңдеу және дайын бұйымды қазіргі дизайн талаптарына сай құрастыру жолдарын меңгереді. Нәтижесінде ұлттық қолөнер элементтері қолданылған, күнделікті тұрмыста қажет телефон қойғыштың үлгісі жасалады.
Сабақтың мақсаттары
-
Білімділік
Ағашты дұрыс таңдай білу және оны қолдану әдістерін таныстыру, түсіндіру.
-
Дамытушылық
Ағашпен әртүрлі мақсатта жұмыс істеу тәсілдерін үйрету, меңгерген білімді практикада қолдандыру. Телефон қойғыш жасаудың технологиялық кезеңдерін меңгерту.
-
Тәрбиелік
Еңбекке баулу, қолөнерді дәріптеу, ұқыптылық пен қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру.
Ұйымдастыру деректері
Жұмыс нысаны
Ағаш өнімдерін үйде, тұрмыста және өндірістік жағдайда қолдана білу.
Пәнаралық байланыс
Сызу, орыс тілі, бейнелеу өнері.
Көрнекілік және құрал-жабдықтар
Слайдтар, сызғыш, қарындаш, жапсыратын қағаз, ара, балға, егеу, шеге, бұрыш өлшегіш, қайшы, пышақ.
Сабақ әдісі
Баяндау, түсіндіру, сұрақ-жауап, практикалық жұмыс.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу.
- Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
II. Үй тапсырмасын тексеру
Электр энергиясын ток көзінен тұтынушыға жеткізу үшін не қажет?
Арнайы өткізгіш.
Жақсы өткізгіштер тобына қандай материалдар жатады?
Металдар.
Ток өткізбейтін қандай материалдарды білесіңдер?
Пластмасса, резеңке, құрғақ ағаш.
Қандай электр желілерін білесіңдер?
Бір желілі және көп желілі.
III. Жаңа сабақ
Ой қозғау
Жұмбақтарды шешу (әріптер):
-
1) Нанда бар, Нәнде жоқ
Жауабы: А
-
2) Ғасырда бар, Асырда жоқ
Жауабы: Ғ
-
3) Санда бар, Сәнде жоқ
Жауабы: А
-
4) Қашта бар, Қаста жоқ
Жауабы: Ш
Шыққан сөз
АҒАШ
Ағаш — табиғаттың тамаша туындысы. Ағаш көп өскен жерді халық орман, тоғай деп атайды. Табиғатта жиі кездесетін өсімдіктердің бірі болғандықтан, ағаштың адам өміріндегі пайдасы мол әрі орны ерекше. Сол себепті біз ағашты күнделікті өмірде кеңінен қолданамыз: тұрмыстық бұйымдардың басым бөлігі ағаштан жасалады.
Шеберлік дәстүрі
Халық шеберлері ағаштан тек қажетті бұйымдар жасап қана қоймай, оларды әшекейлеу, безендіру, көркемдеп қашау, ағаш бетіне өрнек салу өнерін де жоғары деңгейде меңгерген. Бұл өнер түрімен ата-бабаларымыз көне дәуірден бері айналысқан.
Кең қолданылатын ағаш түрлері
- Емен, қайың, терек — тұрмыста кең қолданылады.
- Қызыл қайың — табиғи өрнегі әдемі болғандықтан үй мүліктерін жасауға тиімді.
Бүгінгі практикалық бағыт
Осы сабақта телефон қойғыш жасаудың жолдарымен танысамыз. Бұйымның жалпы пішінін ұлттық қолөнер элементтерін қолдана отырып, қазіргі дизайнға сай бейімдейміз.
Негізгі материал
Негізі 15–20 мм қалыңдықтағы тұтас ағаштан жасалады. Балама ретінде ДСП кесіндісін қолдануға болады.
Құрастыру нұсқалары
Қойғышты әртүрлі ілмекпен, арнайы тұғырға немесе сөреге қоюға ыңғайлы етіп түрлендіруге болады.
Техникалық қауіпсіздік ережелері
- Арнайы киім жинақы болуы тиіс.
- Берілген операциялардың ретін сақтап, тек мұғалім тапсырған жұмысты орындау қажет.
- Мұғалімнің рұқсатынсыз станоктарда жұмыс істеуге болмайды.
- Тек жарамды аспаптарды өз орнымен пайдалану керек.
- Жұмыс орнындағы жаңқа мен ұнтақты арнайы щеткамен тазалау қажет.
- Станокта жұмыс істеп тұрған адамға жақындамау, кедергі келтірмеу керек.
- Жұмыс кезінде сөйлеспеу, бөтен іспен айналыспау қажет.
- Сабақ соңында жұмыс орнын тазалап, бұйым мен аспаптарды мұғалімге тапсыру керек.
- Қауіпсіздік ережесі бұзылса немесе жарақат алу қаупі туса, дереу мұғалімге хабарлау қажет.
IV. Сарамандық жұмыс
Оқушылар өз ойларына сүйене отырып телефон қойғыштың эскизін қағаз бетіне түсіреді. Эскизде бұйымның өлшемі, пішіні және безендіру элементтері көрсетіледі.
Назар аударатын тұстар
- Тұрақтылық және тепе-теңдік.
- Телефонға тірелетін бұрыштың ыңғайлылығы.
- Қауіпсіз және таза өңделген қырлар.
Материал таңдауы
Тұтас ағаш қолданылса — беріктігі жоғары; ДСП қолданылса — өңдеуі жеңіл, бірақ қырларын мұқият өңдеу қажет.
V. Сергіту сәті
Шаршы ішіне жасырылған сөздерді тауып, мағынасын түсіндіріңдер:
Ш Е Ң Ы Й А Н Б Е Г Р Қ Е Ь Р І Ү С М Л У К Р И Е Н Г Е Н Ц А Т Ш А Р А
VI. Сабақты бекіту (сұрақтар)
Тұрмыста кеңінен қолданылатын ағаштар қайсы?
Үй мүліктерін жасауға қолданылатын ағаш түрі қандай?
Ағаштан қандай бұйымдар жасауға болады?
VII. Сабақты қорытындылау
Қорытындылау топтастыру әдісі арқылы жүргізіледі. Телефон қойғыштың сапалы шығуы үшін келесі өлшемдер маңызды:
Материалы жеткілікті
Дұрыс таңдалған, ақаусыз материал.
Қажет бұйым
Күнделікті қолдануға пайдалы, функционалды.
Формасы әдемі
Эстетикасы үйлесімді, ұлттық нақышы бар.
Жасалуы күрделі емес
Қарапайым, нақты технологиялық қадамдармен орындалады.
VIII–IX. Бағалау және үй тапсырмасы
Бағалау
Практикалық жұмыстың орындалу сапасына, қауіпсіздік ережесін сақтауына және эскиздің нақтылығына қарай бағаланады.
Үйге тапсырма
Телефон қойғыштың сызбасын орындап келу.
Автор туралы мәлімет
Өңір
Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Қоныстану селосы
Мектеп
Жаңашаруа қазақ орта мектебі
Пән мұғалімі
Бейнелеу өнері және технология пәнінің мұғалімі — Балмұханов Нұрболат Қобланович