Өтілетін жарыстың мақсаты

Жарыстың мақсаты

1) Денсаулық пен белсенділікті нығайту

Оқушылардың денсаулығын күшейтіп, белсенділігін арттыру; ептілік, шапшаңдық, батылдық және күш-қуатын байқап, дамыту.

2) Спортқа қызығушылықты арттыру

Командалық рухты көтеріп, спортқа деген сүйіспеншілікті күшейту.

3) Салауатты өмір салтын насихаттау

Қозғалыс пен дене шынықтырудың маңызын көрсету, күнделікті өмірде пайдалы әдеттерді қолдау.

Қолданылатын құралдар

  • Эстафеталық кедергілер
  • Доптар (үлкен және кіші)
  • Шарик
  • Қасықтар
  • Үлкен ыдыс (қазан)
  • Гимнастикалық төсеніш
  • Таяқшалар және басқа да жабдықтар

Сайыстың барысы

Басталуы

Жарыс мектептің спорт залында өтеді. Залда көңілді музыка ойнап тұрады.

Жүргізуші сөзі

Қайырлы күн, құрметті спортсүйер қауым! Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың «Халық денсаулығы» атты мемлекеттік бағдарламасында халық денсаулығын нығайту — мемлекетіміздің бірінші кезектегі міндеті екені атап көрсетілген. Салауатты өмір салтын ұстану — осы іс-шараның маңызды баспалдағы.

Жалпы дене шынықтыру шәкірттердің ғана емес, ересектердің де күш-қуатын арттырып, денсаулығын шыңдап, қан тамырлары жүйесінің дұрыс жұмыс істеуіне ықпал етеді.

«Дені сау адам — табиғаттың ең қымбат жемісі». — Т. Карлейль

Таза ауа, спорт — болсын дәріміз. Еңбек етіп келгенінше әлiмiз. «Алға!» — деген бір-ақ мақсат ұстанып, сайысқа аттанайық бәріміз!

Әділқазы және командалар

Спорт заңы бойынша сайысымыз әділ әрі ашық өтуі үшін әділқазылар алқасымен таныстырылады.

Оқушылар жетекшілерімен бірге сынға түседі. Сыналмақ — ептілік пен күш. Әрқайсысының жігері жалындап, жеңіс сәтін тағат таппай күтеді.

Бүгін сайысқа түсетін сыныптарды қошеметпен қарсы алайық!

Топтар

  • №1 топ __________________
  • №2 топ __________________
  • №3 топ __________________

Үш топ ойын алаңына шығып, өз орындарына орналасады.

«Көңілді мәре» сайысының құрылымы

Спорттық ойын 7 турдан тұрады. Әр топ дөңгелене тұрып, сергіту жаттығуларын орындайды. Содан кейін топ атауын, төсбелгісін және ұранын таныстырады.

Жүргізуші

Құрметті бәсекелестер, ұстаздар, әділқазылар және қонақтар! Сайыс бөлімдерімен таныстыруға рұқсат етіңіздер.

  1. Тур 1

    Эстафеталық жарыс

    Доппен кедергілер арасынан жүріп өту.

  2. Тур 2

    «Повар» ойыны

    Шарикті екі қасықпен қазанға (үлкен ыдысқа) тасу.

  3. Тур 3

    Баскетбол торына доп лақтыру

    Баскетбол добын кедергілер арасынан бір қолмен алып жүріп, себетке салу.

  4. Тур 4

    «Калькулятор» ойыны

    Эстафета: жүгіріп барып, берілген есепті шығару.

  5. Тур 5

    Капитандар сайысы: белдегі шығыршық

    Әр топтың капитандары жеке шығып, өнері мен шеберлігін сынайды.

  6. Тур 6

    «Кім шапшаң картоп отырғызады?»

    Кішкентай шеңбер ішіне «картопты» салып, кейін қайта жинап алу.

  7. Тур 7

    Арқан тартыс

    Командалық күш пен бірлікті айқындайтын қорытынды сайыс.

Қорытынды бөлім

Жүргізуші

Құрметті спортсүйер қауым! Бүгінгі сайысымыздың жеңімпаздары анықталды. Қорытынды сөзді әділқазылар алқасына береміз.

Жеңіске жеткен командаларды құттықтаймыз! Марапаттау рәсімі жүргізіледі.

Құттықтау лебізі

Құрметті спортсүйер қауым! Бір тілегіміз — берекелі заман болсын, баршаңыз аман болыңыздар! XXI ғасырда ашық аспан астында денсаулықтарыңыз мықты болсын, жанұяларыңыз қуанышқа толсын!

Бүгінгі «Көңілді мәре» жарысын осымен аяқтаймыз. Мерекелеріңіз құтты болсын! Рахмет!